Тундра

Тундра – (саами тілінде tunturі – ормансыз, жалаң тау басы) – солтүстігінде арктикалық шөлмен, оңтүстігінде орманмен шектесетін арктикалық облыстарға тән белдемдік ландшафт типі.

Вегетациялық кезең қысқа болуына байланысты көп жылдық өсімдіктер: мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктер негізгі орын алады. Жылу жеткіліксіз, ылғал мол болғандықтан өсімдіктер ауаның жер бетіне таяу қабатындағы жылуды пайдалану үшін төселіп немесе жастық тәріздес ұйлығып өседі. Белдемдігіне байланысты: субарктикалық және арктикалық Тундра; түр құрамына байланысты: мүкті, қыналы, бұталы, төмпешікті (шымдар төмпешіктер құрайтын жерлерде) және полигоналды Тундра болып ажыратылады. Тундра негізінен солтүстік жарты шардың арктикалық және субарктикалық белдеулерінде таралған. Тауда, тау орманы шекарасынан жоғарыда биіктік ландшафт белдеуі – тау Тундрасы орналасқан.

Тундра
Арктика Тундрасының картасы
Тундра
Гренландия тундрасы

Өсімдіктері және жануарлары

Өсімдіктер дүниесі астық тұқымдастардан, шағын ағашты өсімдіктер мен қыналы-мүкті бірлестіктерден тұрады.
Негізінен жауын құрттары кездеседі, әртүрлі қос қанаттылар өсімдіктер қалдықтарымен қоректеніп, тундраның су қоймаларында тіршілік етеді.

Жыл бойы жасыл өсімдіктермен ұсақ кемірушілер қоректенеді. Барлық тышқандар жыл бойы қысқа арнап індеріне қорек қорын жинайды. Тундрада қыста ұйқыға кететін тиіндер тұқымдасына жататын суырлар мен сарышұнақтар кездеседі. Бір інде 20-30-ы жиналып қыстайды. Еуразия мен Солтүстік Америка тундраларында карибу деп атлатын солтүстік бұғысы кең таралған. Таулы тундраларда қар қойы немесе жуан мүйізді қой кездеседі. Құстардан тундра шағаласы, тундра аққуы, казаркалар, үкі, лашын т.б. кездеседі.

Тундра зонасының жартасты жағалауларында – құс базары құрылған. Сол сияқты гренландия итбалығы, морждар кездеседі.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Tundra


Tags:

АрктикаЛандшафт

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шәкәрім ҚұдайбердіұлыҮстеуКиіз үйҚазақстанның тұңғыш мектептеріКүй аңызы (әңгіме)ҚызғалдақДәнеш РақышевҚазан төңкерісіШоқан Шыңғысұлы УәлихановАстрономияАдамның табиғатқа әсеріМинералАралтөбе (көне қорым)Орта ғасырлардағы Шығыс философиясыМәскеу шайқасыРимХақназар ханҒаламшарМұнай өнеркәсібіМашинажасауКеңес үкіметіМенің атым Қожа (повесть)Тәттімбет ҚазанғапұлыОттегіАйнұр ТұрсынбаеваБауыр (орган)КартопФариза Оңғарсынова1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісРесейМәдени өсімдіктерПсихологияОзон қабатыКаспий теңізіАдам даму индексіҚазақстан экономикасының тарихыТау жынысыАналық жыныс безіЕтістікҚыпшақтарМұқағали Сүлейменұлы МақатаевКөміртегіҰлпан (роман)СелекцияҒылыми стильТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевГемоглобинКонституцияӘмір ТемірКөктемМикроорганизмЭлектромагниттік толқындарҚызылша (медицина)Абай жолы (роман)ЖануарларСүтқоректілерҚазақстанның Қызыл кітабыТатарларҚазақ ұлттық киімдеріРентген сәулесіӘлем елдерінің тізіміКөлікДүниежүзілік көрме (2017)Қазақ философиясыХалықаралық еңбек бөлінісіКөптік жалғауАрал теңізіМәтінҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларБензолБұрыш (геометрия)Зат есімСәкен СейфуллинАй (серік)АвтотрофтарҚызмет көрсетуҚазақ хандығының құрылуыҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевМеталдар🡆 More