Тони Кроос(нем.
Тони Кроос | ||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||||||||||||||||||
Туған жері | Грайфсвальд, Германия | |||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||
Бойы | 182 | |||||||||||||||||||||
Салмағы | 78 | |||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||
Клуб | ||||||||||||||||||||||
Номері | 8 | |||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
2007 жылы 26 қыркүйекте алғаш рет Бавария сапындағы алғашқы ойынын Бундеслигада «Энерги» клубына қарсы өткізді, 72 минутта Зе Робертоның орнына шықты. 3 минуттан кейін, Мирослав Клозеға голдық пас шығарды, ал 89 минутта Тони екінші голдық пасын тағы да Клозеге берді. Осы уақытта Тони 17 жаста болып, Бавария тарихындағы ең жас ойыншысы атанды. 10 қарашада 13 турда жас Тони «Бавария» үшін алғаш минуттан алаңға «Штутгарт» клубына қарсы шықты. Осы маусымда Бавариямен чемпионатты және Германия Кубогін жеңді. Чемпионатта Кроос 12 матч ойнап, 2 голдық пас берді. Кросс алғаш «Байер 04» үшін 28 ақпанда «Ганновер» клубына қарсы матч өткізді. Ал алғаш рет Кросс негізгі құраммен 12 мәуірде «Вердер» клубына қарсы ойнады. Кроос осы матчта 11 минутта голдық пас жасады. Келесі турда Тони алғаш голын «Вольфсбург» клубына қарсы соқты, алайда командасы 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Маусым біткеннен кейін «Байер» жалға алуды тағы да бір маусымға созды.
Осы маусым Тони үшін өте сәтті өтті. Ол команданың лидерлерінің бірі болды. Алғаш матчын алғаш турдан бастап, «Майнц» клубымен ойнады. 29 тамызда Кроос алғашқы маусымдық голдық пасын беріп, «Бохум» клубын жеңді. 3 қазанда алғаш голын «Нюрнберг» клубының қақпасына тығып, командасымен 4:0 есебімен қарсыластарды жеңді.
Осы маусымда «Байер» чемпионаттың төртінші орынына шығып, Кроос 33 матчта шығып, 9 гол мен 10 голдық доп берді.
Тони сәтті маусымнан кейін қайта мюнхендіктер қатарына қосылды. Алғаш оралғаннан кейінгі матчын Бундеслигада «Вольфсбург» клубына қарсы өткізіп, 9 минутта Тони Томас Мюллерге голдық доп берді. 16 қазанда Тони чемпионаттағы екінші голдық пасын Гомеске беріп, «Ганновер» командасын жеңді. 29 қазанда Тони Фрайбург клубының қақпасына чемпионаттағы жалғыз голын соқты.
Чемпионатта «Бавария» үшінші орын алып, «Боруссия» мен Тонидің бұрынғы клубы «Байерге» қалып қалды. Тони чемпионатта 27 рет шығып, 1 гол мен 4 голдық пас берді.
Чемпиондар Лигасында «Бавария» ойының 1/4 финалында аяқтады, Кроос барлығы 7 ойын өткізді.
Сәтсіз маусымнан кейін «Баварияға» жаңа бапкер келді, ол «Байердің» бұрынғы бапкері Юпп Хайнкес еді. Бірақ бұл маусымдада «Бавария» чемпион бола алмады, Тони чемпионатта 31 матч өткізіп, 4 гол мен 9 голдық доп жасады.
Ал Чемпиондар Лигасында финалға дейін жетіп, лондондық «Челсиға» пенальтида жеңіліп қалды. Барлығы 14 матч ойнап, 2 гол мен 4 голдық доппен ерекшеленді.
Осы маусымда «Бавария» үш титулды да ала алды: Бундеслига, Германия Кубогі, Чемпиондар Лигасы. Чемпионатта 24 матч өткізіп, 6 гол мен 8 голдық доп жасады.Ал Чемпиондар лигасында 9 матч өткізіп, 3 гол соқты.
2014 жылы 17 шілдеде «Реал Мадридтің» ресми сайтында футболшының көшкені жарияланды. Ресми емес мағлұматтар бойынша трансфер құны 25-30 млн.еуроға дейін болды. Кросс 6 жылдық контракка қол қойып, жылына 12 милл. еуро алатын болды. Жаңа клубта Каканың бұрынғы нөмері - 8 нөмерді алды.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Тони Кроос, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.