Сүмбіле

Сүмбіле немесе Сириус (лат.

Белгісі - Bd:α CMa.

Сүмбіле
Сүмбіле Қосаржұлдыз жүйесі, NASA

Сүмбіленің жалтырауы 1,46 жұлдыздық шамаға тең болып, екінші жарық жұлдыз Канопуске қарағанда екі есе артық жарқырайды. Оның ағылшынша аты Sirius /sɪɹiəs/, ол ежелгі грекше Σείριος сөзінен келген. Оның Байер белгілемесіндегі аты - Үлкен арлан шоқжұлдызындағы α жұлдыз. Көзімізге сүмбіле бір тұрақты жұлдыз болып көрінгенімен, ол шынтуайтында Қосаржұлдыз болып есептеледі. Ол спектрі A1V болған ақ негізгі тізбек жұлдызы мен спектрі DA2 болған күңгірт ақ ергежейлі серігі Сүмбіле B дан құралады(Bd:α CMa B).

Сүмбіленің басқа жұлдыздардан өте жарық көріну себебі оның жарық шамасының жоғарылығынан ғана емес, және оның жерге өте жақындығынан болған. Ол күнге жақын жұлдыздардың бірі есептеледі. Сүмбіленің Күннен қашықтығы 2,6 парсек (8.6 жарық жылы). Сүмбіле диаметрі жағынан Күннен екі есе үлкен, жарқырауы Күн жарқырауынан 25 есе артық.

Сүмбіле Қосаржұлдызы 200 - 300 млн жылдық тарихқа ие. Ол әу бастан-ақ екі көк түсті жарық жұлдыздан құралған. Жоғары энергияға ие Сүмбіле B өз энергиясын сарқып, алып қызыл жұлдызға айналған және сыртқы қабатынан үздіксіз жеміріліп, осыдан шамамен 120 млн жыл бұрын қусырылып қазіргі Ақ ергежейліге айналған екен.

Қазақ астрономиясындағы Сүмбіле жұлдызы

Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, тәжік, парсы, пуштун (Ауғанстан) күнтізбелерінде Сүмбіле жұлдызы 31 күндік зодиак айы саналады.

Ол тамыздың соңы, қыркүйектің басы аралығына Қазақстанның түңгі аспанында пайда болады. Ол Қиыс Оңтүстік (шығыс оңтүстік) аспанынан қыс бойы сәулесін шашып тұрады. Қазақ халқы бұл айдың алғашқы жартысын “Лақ Сүмбіле”, екінші жартысын “Теке Сүмбіле” деп атайды.

Тамыз айында Сүмбіленің суы жүреді, сондықтан да қазақтар "Сүмбіленің суы жүріп пе екен?" – деп сұрайтын болған. Сүмбіле жаңбыры болып өткен жердің көдесінің түбі көк, малға от болады деп, жылқыны қыста сол жерге тебіндеткен.

Қазақта "Сүмбіле туса су суыр, Таразы туса таң суыр" деген сөз бар. Яғни, қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келеді. Жауын басталады. Сүмбіле жұлдызы туған шақтан бастап өзен-көлдердің суы ептеп салқындай бастайды. Сүмбіленің аспанда көрінуі елімізде қыстың алғашқы лебімен тұспа-тұс келеді.

Сүмбіле туған соң суда сүлік өле бастайды. Және "Сүмбіле туса сұмпиып,ат тойынар құнтиып" деген сөз бар. Бұл сүмбіле тууымен күн салқындап , жылқы баласына шыбын-шіркейсіз мезгіл басталатынын, әсіресе суда сүлік өліп, жылқылар жақсы жайыла бастайтынынан болса керек.

Сүмбіле 
Сүмбіле. Чандра рентгендік обсерваториясының суреті. Онда "Сүмбіле В" серігі де анық байқалады.

"Сүмбіле жұлдызы туғанда жарқырап,
Құлынның үлесін биеден тартып ап.
Ел қымыз ішкені,
Қаздардың қайтқаны,
Сол қайтқан қаздардан қыс сәлем айтқаны.
Жабырқап қалғаны аққудың құт көлі –
Жап-жасыл жайлаудың қызығы біткені.
Көтеріл, қыпшақтар,
Үй жықсын ұл-қызың...
Қолында өледі Сүмбіле жұлдызы."
(Олжас Сүлейменов,«Сен – менің кейіпкерімсің», Қадыр Мырзалиев аударған)

Бақылау-өлшеу тарихы

X1
N14
M44

Сүмбіле/Сопдеттің иероглиф нұсқасы

Сүмбіле 
Мысыр ана құдайы Исида (ISIS), Осиристің әйелі, Перғауындар осы Құдайдың балалары есептелген.

Ең ежелгі астрономиялық жазбаларда Сүмбіле туралы айтылған, оны ежелгі мысырлықтар Сопдет(Sopdet, грекше: Σώθις)деп атаған. Ол бейнелі жазуда (иероглиф) жұлдыз бен үшбұрыш арқылы таңбаланған. Мысыр перғауындарының ортакезең патшалығы кезіндегі календары Сүмбіле туған күннен басталған. Сол күні тәңертең Сүмбіле күннен біршама алыстайтындықтан күннен бұрын көтеріліп, өзінің құдіретті де, тылсым нұрын шашып, сосын 70 күннен кейін аспаннан көрінбей кететін болған. Бұл күннің календар үшін маңызы ол Ніл өзенінің тасуына тура келеді. Сүмбіле жоғалатын 70-ші күні миф бойынша Сопдет пен Исиданың мысыр перғауыны сарайына түнеп кетуі есептеледі.

Сүмбіле 
Сүмбілені қазақ жерінде қыста шығыс оңтүстік аспаннан оңай байқауға болады.

Ежелгі гректер Сүмбіле туғанда жазғы шіліңгір ыстық ағаштарды кептіріп, еркектерді әлсіретіп, әйелдерді мазасыз етеді деп есептеген. Сүмбіле өте жарық болғандықтан, алғашқы жаздың тұрақсыз климатында тіпті де жарқырап, жаман істердің тууын шақырғандай болады. Сүмбіленің пәле-қазасына "ұшыраған" адамды (бір бәлеге ұрынған адамды) “astroboletos”(αστροβολητος)немесе “жұлдыз соққысы” ауруымен ауырды деп есептеген. Сүмбіле олардың жазба деректерінде "өрт", "жалын" деген сөздермен бейнеленіп Сириус деп аталған. Бұл жұлдыз шыққаннан кейінгі жазды "ит күні" деп атаған. Арлан жұлдызы деген сөз осыдан келіп шықса керек.

Сүмбіле 
Осирис

Эгей теңізінің Искья аралындағы аборигендер салқын жел соққаны үшін Сүмбіле мен Зевске тасаттық беріп, Сүмбіленің аспанда көрінуін үлкен құрметпен күткен. Егер ол жарқырап шықса бақыт-бақтың, молшылықтың нышаны, егер күңгірттеніп шықса, обаның нышаны деп сенген. Археологтар аралдан б.з.д ІІІ ғасырдағы ақшаларды қазып алды. Оның бетіне жарқыраған ит, нұрлы аспан денесі бедерленген, бұл Сүмбіле жұлдызының олар үшін қаншалық маңызды екенін көрсетсе керек.

Римдіктер сәуірдің 25 алды-артында Сүмбіленің Кай батуын тойлаған. Олар римнің астықты қурататын құдайы Robigo-ға бір ит құрбандық шалып, шарап пен жемісті үйіп төгіп, қой да сойып, сол жылы болатын жұлдыз жарығының астықты құртуын "тосады".

Александриялық Птолемей өзінің «Альмагест» кітабының 7 және 8 тарауларындағы жұлдыздар картасы ішінде Сүмбілені аспан шарының орталық сызығына орналастырған. Ол Сүмбілені 6 қызыл тұрақты жұлдыздың бірі деп сипаттаған. (Оның қызыл жұлдыз ба, емес пе екені туралы тарихта үлкен пікірталас болған.) қалған бес жұлдыз М және К тұрақты жұлдыздары (Арктур және Betelgeuse) қатарлылар.

Жарық жұлдыз ежелгі Полинезиялықтар үшін де өте маңызды болды. Олар өйткені самсыған Тынық мұхит аралдары арасында жұлдызға қарап жол жүрді. Сүмбіле көкжиекте жүргенде ол теңізшілер үшін компас болды. Бұл жарық жұлдыз сондай-ақ белдеулік бұрышты есептеуде қолданылды. Sirius ауытқуы Фиджи аралына сай келетіндіктен, ол әр күні фиджи аралы төбесінде көрінеді. Сүмбіле Алып құс шоқжұлдызындағы “Manu”-дың денесі, Canopus оның оңтүстік қанаты, Procyon оның сол жақ қанаты, сөйтіп полинезия аспаны үлкен екі бөлікке бөлінеді.

Сүмбіленің көтерілуі Грекияда жаздың басталуы болса, Маориліктер үшін суық қыстың басталуы болып, жергілікті халық Сүмбілені де, қысты да Takurua деп атаған екен.

Қозғалысы

Сүмбіле 
Сүмбіленің1793жылдан1880жылдары аралығындағы қозғалысы

1676 жылы әйгілі астрономия ғалымы Эдмонд Галлей оңтүстік Атлант мұхитыының қасиетті Елена (Saint Helena) аралында (Тарихта ол аралға император Наполеон Бонапарт сүргін етілгені, ағылшындардың ұзақ уақыт Күшәламен (арсенмен) уландыруы кесірінен сонда қайтыс болғаны белгілі.) бір жылын өткізііп, оңтүстік жарты шар аспанын зерттейді. Шамамен 40 жылдан кейін (1718ж.) өзінің өлшеулері мен Птолемейдің «Альмагест» кітабындағы деректерді салыстырып, тұрақты жұлдыздардың тұрақты еместігін, олардың да үздіксіз қозғалып, өзгеріске түсетінін ашты. Аталған зерттеу бойынша Арктур мен Сүмбіле бірдей жылжыған. Сүмбіле 1800 жыл ішінде оңтүстікке қарай 30 Минут дуги (шамамен ай шарының радиусындай) жылжыған екен.

Сүмбіле 1868 жылы әлемдегі тұңғыш рет қозғалыс жылдамдығы өлшеніп шыққан тұрақты жұлдыз есептеледі. Сэр Уильям Хаггинс Сүмбіле жұлдызының жарық спектріне мұқият талдау жасап, ондағы ап-анық қызаруды байқады. Сонымен ол Сүмбіле жұлдызы 40км/сек жылдамдықпен күн жүйесінен алыстап бара жатыр деген қорытындыға келді. Бұл кезектегі өлшеулер бойынша 7.6км/сек деген нәтижеден біршама артық болса да, астрономия ғылымында Радиаль жылдамдықты өлшеуді зерттеудің басы болды.

Серік жұлдызының байқалуы

Сүмбіле 
Қос ергежейлінің өзара айналуы

Неміс астрономы Фридрих Вильгельм Бессель 1844 жылы Сүмбіле қозғалысындағы түсініксіз өзгерістерге негізделіп, оның басқа бір серік жұлдызы бар екенін жорамалдады.

Шамамен 20 жылдан кейін АҚШ телескоп жасаушы және астрономы Алван Грэм Кларк(Alvan Graham Clark)1862ж. 31 қаңтарда тұңғыш рет осы күңгірт серікті байқады. Астрономдар оны Сүмбіле В, немесе Кіші Сүмбіле деп атады. Ал жарық және көзбен көруге болатыны салыстырмалы түрде Сүмбіле А деп аталады.

1894ж. бастап адамдар Сүмбіленің орбитасындағы жүйесіздікті байқап, бәлкім Сүмбіленің үшінші серігі болуы мүмкін деп жорамалдады. БІрақ бұл жорамал әлі дәлелденген жоқ. Есептеулерге негізделгенде жорамалданған 2-ші серігінің Сүмбіле А -ны айналу периоды 6 жыл, ол күн массасының 0.06 есесіндей ғана. Ол Ақ ергежейлі есептелетін Сүмбіле В жұлдызына қарағанда 5-10 дәрежелі қараңғы, сондықтан бұл серік әлі айқындалмай, анықталмай келеді. 1920 жылы байқалған Сүмбіленің Екінші серігі делінген жұлдыз Сүмбіленің ар жағындағы Сүмбілеге қатысы жоқ жұлдыз екен. Таяудағы зерттеу шамалары аталған екінші серік жұлдыздың барын дәлелдей алмағанымен, бірақ ол Сүмбіле А ға өте жақын болғандықтан, бәлкім анықталмай жатқан болар деген жорамалға апарады.

Уолтер Адамс 1915 жылы Вильсон обсерваториясында 1.5 метрлік шашыратқыш телескоп арқылы Сүмбіле В жұлдызының жарық спектріне талдау жасап, оны күңгірт Ақ ергежейлі жұлдыз деп бағалады. Оның Ақ ергежейлі болу сипаты содан былай тұрақтасты. Ол тарихтағы анықталған екінші Ақ ергежейлі есептеледі.

Robert Hanbury Brown және Richard Q. Twiss қатарлы зерттеушілер 1959 жылы Jodrell Bank обсерваториясында өздерінің Оптикалық интерферометрі арқылы Сүмбіле А жұлдызының диаметрін есептеді.

Астрономдар 2005 жылы Хаббл ғарыш телескопы арқылы Сүмбіле В жұлдызының диаметрі шамамен жер диаметріндей екенін (12,000км) анықтады. Бірақ аталған жұлдыздың салмағы күн салмағының 98% екен.

"Қызыл жұлдыз" пікірталасы

Сүмбіле жұлдызы жай көзге негізінен ақ жарықты. Бірақ кейде ол түрлі жарықтардың құбылып тұрғанындай көрінетіні тағы бар. Оған тесіле қараған адам ондағы жалтылды, жарық ауысуын байқамай қоймайды. Тарихта оның түсін қызыл деп сипаттау көп кездеседі. Бірақ, аталған жұлдыз (Сүмбіле А жұлдызы) сөнген қызыл жұлдыз емесі тағы белгілі. Сонымен астрономияда оның түсі туралы талас-тартыс болып өтті.

Сүмбіле 
Клавди Птолемей ( 90ж. – 168ж.)

Б.з.д 150-ші жылдары астроном Птоломей Сүмбілені "қызыл жұлдыз" деп есептеп, басқа бес тұрақты жұлдызбен бірге (Арктур, Бетельгейзе, Антарес, Альдебаран және Поллукс) қызыл және сарғыш түсте көрінетін жұлдыздар деп сипаттаған. Әуесқой астроном Thomas Barker 1760 жылы Лондон ғылым академиясы жиналысында Птоломей белгілеген қызыл түсті жұлдыздардың шындыққа сай келмейтіні туралы баяндама жасады. Көптеген жұлдыздарда жарқылының ауысуы құбылысы болады, түсі құбылып көрінеді, сондықтан адамдар ол жұлдыздарды қызыл түске де ауысады деп түсінген. Thomas Jefferson Jackson See 1892 жылдан бастап Қызыл түсті Сүмбіле мәселесін көтеріп, өз зерттеулерінен бірнеше мақалалар жариялады. Ол Сүмбіленің қызыл түсті екенін Птолемей ғана емес, астроном болмаса да ақын Арат, шешен Цицерон, қолбасы Германикалар да айтқан екен. Сенека болса Сүмбіле қызыл түсті, тіпті Марсқа қарағанда қызылы әлдеқайда қою деп жазыпты. Бірақ барлығы солай есептемеген. Мысалы Іғ.-дағы ақын Маркус Манилий оны "көк түсті" жұлдыз деп сипаттаса, ІVғ.-дағы ақын Avienus те солай жазыпты. ЕЖелгі қытайлар б.з.д. ІІғ. жазбаларында және IVғ. жазбаларында Сүмбілені ақ түсті деп сипаттаған.

Сүмбіле 
Сүмбіле, Хаббл ғарыш телескопы

Неміс астрономдары Wolfhard Schlosser мен Werner Bergmann 1985 жылы VІІІ ғасырдағы Ломбардия жазбасын көрсетті. Бұл жазбада "жұлдыздың орнына қарай дұға ету" туралы жазылған екен. Жазбада Сүмбілені қызыл түсті деп сипаттаған. Неміс ғалымдары осыған негізделіп Сүмбіле В жұлдызының қызыл сөнген жұлдыз екенін айтты. Бірақ басқа ғалымдар бұл жазбадағы жұлдызды Сүмбіле емес, Арктур болуға тиіс деп есептеді.

Астрономдар әлдеқашан Сүмбіле А, немесе Сүмбіле В жұлдыздарының тарихи өзгерісі арқылы оның түсін сипаттайтын уәжге келіспейді. Өйткені, мыңдаған жылдық өзгеріс тұрақты жұлдыз үшін тым қысқа, астрономдар да тұмандықтарға талдау жасау барысында осындай өзгерістердің болатынын байқамады.

Бүгінге дейін байқалмаған 3 серік жұлдызының әсері де Сүмбілені қызыл жұлдыз деп есептеудің бір мүмкін себебі есептеледі. Басқа түсіндірулер бойынша, Сүмбілені қызыл деп есептеу өлең жолдарында ақындардың жамандықты, сорды, бақытсыздықты сипаттау мағынасында алынған, немесе көтерілген кездегі күшті жарығына негізделіп оны қызыл деп атаған болуы мүмкін. Жай көзбен қарағанда Сүмбіле көкжиектен алыс емес қашықтықта қызыл, ақ, көк түстердің ауысқан, құбылған жарығын шығарады.

Көрінісі

Сүмбіле 
Сүмбіле А және СҮмбіле В, Хаббл ғарыштық телескопы

Сүмбіленің жұлдыздық көрсеткіші 1.47 болып, кешкі аспандағы ең жарық жұлдыз есептеледі. Ол екінші жарық жұлдыз Қария жұлдызынан (Canopus, жұлдыздық шамасы 0.72) екі есеге жуық жарық. Әрине, оның жарқырауы айға, Венера мен Юпитерге жетпейді, кейде Меркурий мен Марс та одан жарық көрінеді. Сүмбіле 73° солтүстік ендіктің солтүстігін айтпағанда, жер бетіндегі адам қоныстанған өңірдің барлығында дерлік байқалады. Әрине, солтүстік өңірлерде ол биік аспанға көтерілмейді. Мысалы Санкт-Петербургтен күзеткенде сүмбіле көкжиектен тек 13° ғана биікке көтеріледі. Сүмбіле, Процион және Орион үш жұлдызы солтүстік жарты шар үшін қысқы аспан үшбұрышының бұрыш нүктелері есептеледі. Сүмбіле жұлдызының склонениесі (?) (Declination) 17° болғандықтан, оңтүстік бойлық 73° бастап ол поляршеңбері жұлдызы есептеледі. Тамыз айының алғашқы сәтінен бастап оңтүстік жарты шар аспанынан күн батқан соң батысқа батады, бірақ күн шығудан ілгері шығыс аспанына көтеріледі.

Адамдар үйлесімді орта жағдайында күн шығып тұрған кезде де Сүмбілені жай көзбен көре алуы мүмкін. Ондайда ауа өте шалаң, күзету бұрышы теңіз деңгейінен жоғары, күн тек көкжиекке асылып тұруы, сүмбіле де дәл төбеде болуға тиіс. Әрине, күндіз сүмлібе көрген мұндай жағдай сирек кездеседі. Белгілі мағынада, әсіресе діни мағынада бұл адамға соқырсенімдік түсініктер туғызуы мүмкін.

Сүмбіле 
Жұлдызды түндегі сүмбіле және басқалары

Сүмбіленің екі өзара айналатын жұлдызының орбиталарына орай екі жұлдыздың ең қысқа қашықтығы 3 арксекунд, ал ең алыс болғанда 11 арксекунд болады. Олардың арақашықтығы ең жақын болғанда олардың екеу екенін ажырату біршама қиын. Өйткені Ақ ергежейлі сүмбіле В жұлдызы жарқырауы тым күшті сүмбіле А жұлдызына жақын келеді. Оларды анық ажырату үшін аспан райының идеал болуы ғана емес, калибрі 300mm -лік телескоп керек. 1994 жылы екі жұлдыз өздерінің ең тоқайласу нүктесіне келді де, содан былай олар бір бірінен алыстай бастады. Қазір оларды ажырату қиын емес.

Сүмбіле А және Сүмбіле В жұлдыздары жерден 8.6 жарық жылы қашықтықта. Ол күн жүйесіне жақын жұлдыздар ішінде 8-ші орында тұр. Сондай-ақ ол күге жақын жұлдыздықтардың 5-сі есептеледі. Жерге ең жақын жұлдыздардың бірі болу сүмбіленің жарық болу сырының бірі есептеледі. Оған біршама ұқсайтын жұлдыздар мысалы бұлдыр Кентавр Альфа жұлдызы, ал алыс болғанымен өте жарық көрінетін алып жұлдыздар, мысалы Қария (Canopus), Ригель, немесе Орион қатарлылар бар.

Сүмбіле күнге қарағанда 25 есе жарық. Сүмбілеге ең жақын ірі тұрақты жұлдыз Процион болып, ол 5.24 жарық жылы қашықтықта. 1977 жылы ұшырылған Вояджер-2 ғарыш аппараты Юпитер тектес төрт Иовиан жұлдызға (Jovian planets) ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп болған соң, шамамен 296, 000 жылдан кейін Сүмбіле жұлдызына 4.3 жарық жылы қашықтықта жақындайды екен.

Қосаржұлдыз жүйесі

Ақ ергежейлі жұлдыз

Сүмбіле қосаржұлдыз жүйесіне тән, екі ақ ергежейлі жұлдызы өзара айналумен болады, ара қашықтығы 20 астрономиялық бірлік шамасында (шамамен күн мен Уран арақашықтығындай). Олардың өзара айналу периоды 50 неше жыл. Біршама жарығырағы, сүмбіле А жұлдызы A1V нұсқалы жетектеуіш жұлдыз (Main sequence) болып, оның беткі темпратурасы 9,940K. Ал, серік жұлдызы, сүмбіле В жұлдызы жетектеуіш жұлдыз (Main sequence) болу сатысынан өтіп, әлдеқашан Ақ ергежейліге (White dwarf) айналып кеткен.

Қазір сүмбіле В жұлдызының жарық спектрі сүмбіле А ға қарағанда 10 000 есе күңгірт болса да, ол кезінде екі жұлдыздың ішіндегі массасы үлкені болған. Бұл қос жұлдыздың жасы шамамен 230 000 000 жыл. Жорамалдар бойынша, олар өз заманының алғашқы мезеттерінде екі көкшіл-ақ жұлдыз болып, эллипс орбитасымен өзара айналған, периоды 9.1жыл болған делінеді. Инфрақызыл сәулелі астрономиялық жерсерік өлшеуі бойынша, сүмбіле жүйесі мөлшерленгенінен тіпті де көп инфрақызыл сәуле шашады. Бұл оның ішіндегі жұлдыз шаңына байланысты болуы мүмкін. Дегенмен мұндай жағдай қосаржұлдыз жүйесінде сирек кездеседі.

Cүмбіле А

Сүмбіле 
Сүмбіле А және Күн

Сүмбіле А жұлдызының массасы күн массасының 2.1 есесіндей. Астрономдар Оптикалық интерферометр арқылы оның радиусын есептеп, бұрыштық диаметрі 5.936±0.016mas екенін мөлшерледі. Оның тұрақты жұлдыз ретіндегі өз өсінде айналу жылдамдығы ақырын, секундына 16км, сондықтан жұлдыздық пішінінде ауытқу болмаған. Уега (Vega) және Сүмбіле А жұлдызының көлемі жақын, бірақ оның өз өсінде айналу жылдамдығы тез, секундына 274км. болғандықтан, анық түрде екуаторы сыртына қарай томпайып шыққан.

Жұлдыздық пішін бойынша Сириус А жұлдызы Молекулярлық тұмандықтық кеусеп күйреуінен пайда болған. Тағы 100 млн жыл өткен соң энергия қайнарын бүкілдей Термоядролық реакция қамдайтын болады. Оның өзегі тропосфера қабаты болып, CNO циклі (көміртегі, азот, оттегі айналысы) арқылы энергия жасайды. Астрономдар Сүмбіле А жұлдызы пайда болған соң 1 млрд жыл ішінде өз өзегінде сақталған сутегіні тауысып, Алып қызыл жұлдыз сатысын бастан кешірді, сосын барып Ақ ергежейліге айналды дейді.

Сүмбіле А жұлдызының жарық спектрі қою металдық спектрді бейнелейді, бұл оның гелийден ауыр элементтердің (темір, мысалы) артқанын көрсетеді. Күнмен салыстырғанда, Сүмбіле А жұлдызының атмосферасы ішінде салыстырмалы сутегі араласқан темір мөлшері Сүмбіле  екені, яғни 100.5 екені белгілі болды. Бұл деген сөз оның атмосферасындағы темір мөлшері күннің 316% екен. Бүкіл жұлдыз метал элементінен құрамайтыны анық, сондықтан бұл металдар оның беткі қабатындағы жұқа тропосферадан болуы мүмкін.

Сүмбіле В

Сүмбіле 
Қысқы аспан үшбұрышы: Сүмбіле (ең жарығы), Процион (жоғары сол жағында), Орион (оң жағындағы қызылы)

Сүмбіле В жұлдызының массасы күн массасына жақын келеді. Ол белгілі болған ең ауыр Ақ ергежейлі есептеледі. Бірақ осынау ауыр масса жер шары үлкендігіндей жұлдызға сығылған. Сүмбіле В жұлдызының кезекте белгілі болған беткі темпратурасы 25,200 К. Бірақ, ішкі жағынан энергия тудыра алмайтындықтан, артық жылу радиация формасында айналасына шашырап, сүмбіле В ны барған сайын суытады, оған 200млн жылдан артық уақыт керек.

Кез келген жұлдыз негізгі тізбек жұлдызы (Main sequence) және Алып қызыл жұлдыз (Red giant) сатысынан өткенде барып Ақ ергежейліге айналатыны белгілі. Сүмбіле В -ның Ақ ергежейліге айналу жасы қазіргі жасының жартысынан көбірек уақытты ұстайды, яғни шамамен 120 млрд жылдың алдында болған. Бұл жұлдыз өзінің Жетектеуіш жұлдыз мезгілі кезінде салмағы 5 күн шамасындағы массаға ие болған екен және сол кездің өзінде әлдеқашан В дейгейлі жұлдыз болыпты. Сүмбіле В жұлдызы Алып қызыл жұлдызға айналғанда қосары сүмбіле А жұлдызының метал құрамы шұғыл артқан екен.

Сүмбіле в жұлдызы алғашында Көміртегі мен оттегі элементтерінен құралғаны анық. Бұл екі элемент сүмбіле В жұлдызын қалыптастырған өлген тұрақты жұлдыздың Гелийлік термоядролық реакциясынан пайда болған. Бұл элементтер тіпті де жеңіл элементтермен қымталып, салмағына қарай қабатқа орналасып, оның бетіндегі жоғары тартылыс күшін туғызады. Сондықтан, Сүмбіле В жұлдызының ең сыртындағы атмосферасы әлемдегі ең жеңіл элемент — таза сутегіден құралған болып, спектрінен басқа элементтің жарығы байқалмайды.

Жұлдыз тобы

Дания астрономы Ejnar Hertzsprung сүмбіленің аспандағы қозғалыс соқпағын бақылаған соң 1909 жылы сүмбіле жұлдызы Үлкен Аю шоқжұлдызындағы жылжымалы жұлдыздар тобына тәуелді деген идеяны ортаға қойды. Үлкен аю шоқжұлдызының жылжымалы жұлдыз шоғыры 220 -дай тұрақты жұлдыздан құралған, аспанда ұқсас қозғалыс соқпағын басып өтеді. Олар алғашында тарқақ жұлдыз тобының бір бөлігі болған, кейін тартылыс күшін біртіндеп жеңіп бөлініп кеткен екен. Бірақ, астрономдар 2003 және 2005 жылдарғы талдау жасауларға негізделіп, сүмбіле жұлдызы бұл жұлдыздар тобына тән емес деген қорытынды шығарды. Үлкен аю шоқжұлдызының жылжымалы жұлдыз тобы шамамен 400 - 600 млн жылдық жасқа ие, ал сүмбіле жұлдызындағы металдар саны күнмен қарайлас болып, жасы бар болғаны 200 млн жыл ғана және бұл жұлдыздар тобы үшін тым аз жас есептеледі.

Сүмбіле бәлкім "Асқан сүмбіле тарқақ жұлдыздар тобына" тән болуы мүмкін, аталған тарқақ жұлдыздар тобындағы жарық жұлдыздар бәлкім Auriga β, Corona Borealis α, кратері β , Eridanus β, Serpens β қатарлылар болуы мүмкін. Бұл жұлдыз тобы күннен қашықтығы 500 жарық жылы шамасындағы 3 жұлдыз тобынан құралған, қалған екеуі Хиядес (Hyades) және Плеадес (Pleiades) болып, әрқайсысында жүздеген тұрақты жұлдыздар бар.

Этимологиясы және мәдени маңызы

Сүмбіле 
Ежелгі мәдениет

Сүмбіленің ағылшынша Sirius аты латынның Sīrius сөзінен, ол көне гректің Σείριος (Seirios - «ыстық өрт», «шіліңгір ыстық» деген мағынада) сөзінен шыққан. Бірақ бұл атау Архаикалық кезеңдегі грек мәдениетінің (б.з.д 800ж. – б.з.д.480ж.) алдында басқа өңірден келген болуы да мүмкін. Бұл атау б.з.д. VIIғ. Гесиод жырларындағы "жұмыс және күндерде" айтылады. Сүмбіленің басқа да 50-ге тарта атауы болған екен.

Араб тіліндегі Сүмбіле الشِّعْرَى‎ (латын жазуында: ‘aš-ši‘rā, немесе '‘al-shi‘ra) деп айтылған, мағынасы "Көсем", ол Құранда да кездесед. Ағылшынша тағы бір атауы Aschere осыдан келген болса керек.

Сүмбіле санскрит тілінде Mrgavyadha (мағынасы «Бұғы аулаушы»), немесе Lubdhaka (мағынасы «аңшы») деп аталған. Ол Mrgavyadha деп аталғанда Рудраға (Шива) өкілдік етеді.

Скандинавия мәдениеті бойынша, сүмбіле Lokabrenna - «локаның оты», «локаның алауы» деген мағына береді.

Ал жапон тілінде сүмбіле «Көк жұлдыз» мағынасында あおぼし ao boshi деп аталған.

Сүмбіле ортағасыр жұлдызнамасы үшін «Сығандардың жұлдызы» есептеліп, берил және аршаға қатысты айтылады. Мистикалық философ Heinrich Cornelius Agrippa оны арнайы белгімен Сүмбіле  таңбалаған.

Сүмбіле көптеген мәдениеттерде ерекше маңызға ие, әсіресе ит мағынасында айтылғанда. Ол үлкен арлан шоқжұлдызындағы ең жарық тұрақты жұлдыз, жай сөзде Арлан шоқ жұлдызы делінеді. Дәстүрлі аңшы иті көптеген мәдениетте өзіндік орны бар. Ежелгі гректер сүмбіленің жарығы итке жайсыз тиеді деп, әсіресе жазғы шіліңгір ыстықты (оларда сүмбіленің тууы ыстыққа тура келеді) "ит күні" деп атаған. Бұл ыстық күндердегі шаршау мен терлеу құрғауға апарып, түрлі ауыруға душар етеді деп алаңдаған. Мынадай да мысал айтылған, ыстықта аузынан көбігі аққан ит құтырып, адамды қауып алса, онда ол адам да құтырып кетуі, немесе өліп қалуы мүмкін. Ежелгі римдіктер бұл күндері аспанға үш ит шығады деп, ал сүмбілені күшік (Canicula) деп атаған екен.

Бұл жұлдыз қытай тілі бойынша - Tiānláng, яғни "аспан қасқыры" деген сөз, жапон тілі бойынша - Tenrō, солтүстік корея тілі бойынша: 천랑, оңтүстік корея тілі бойынша Cheonlang деп аталған.

Қазақ ұлты сүмбіленің туу мезгіліне орай оны "лақ сүмбіле", "теке сүмбіле" деп айырғанына қарағанда, оны ешкіге, бәлкім таутекеге ұқсатқаны байқалады. Шамасы бұл аталған малдардың тойынуына қатысты болса керек. Немесе ұмытылып бізге жетпеген әлдебір мифологиялық түсінікке қатысты.

Солтүстік Американың көптеген аборигендері де Сүмбілені итке ұқсатқан. Ал, батыс оңтүстігіндегі ежелгі тайпалар Seri және Tohono O'odham ұлты да бұл жұлдызды Қойға еріп жүретін ит ретінде атаған. Blackfoot ұлты болса оны иттің бетіне, Cherokee болса сүмбіле мен Антарес жұлдызын бір жұп ретінде қарап, рух жолының екі жағын күзеткен ит ретінде сипаттаған. Небраскалық Pawneeлер болса сүмбілені Арлан қасқырға, жабайы қасқырға ұқсатқан. Ал, Алясканың Беринг бұғазындағы инуиттер "ай иті" деп түсіндірген.

Кейбір мәдениеттер бұл жұлдызды Садақ пен жебеге ұқсатады. Ежелгі қытайда Сүмбілені Puppis және үлкен ит (Canis Major) шоқжұлдыздармен бірлестіріп, оңтүстік аспанды ендей жатқан үлкен садаққа ұқсатқан. Ал, жебе ұшы дәл осы Сүмбіле болған. Мұндай логика бағызы Египеттің Denderaдағы Хатхор храмындағы там суретінен де кезігеді. Онда әйел құдай Satis өз жебесін сиыр басты әйел құдай Хатхордың (Сүмбіле) үстіне сызады. Кейінгі парсы мәдениетінде бұл жұлдыз Tir деп аталып, бір тал жебені білдірген. Бір қызық жері ежелгі Мысырдағы ғибадатханалар, арасында осы Хатхор ғибадатханасы бар, түгелдей сүмбіле жұлдызына қаратып салынған. Дегенмен аспандағы бұл ең жарық жұлдыз егер мысырлықтардың ана дариясы --- Ніл өзенінің тасуымен тұспа-тұс аспанға көтерілгендіктен де олар бұл жұлдызға айырықша мән берген болуы керек.

Сүмбіле 
Осиристің отбасы

Ежелгі Мысырдың уақыт есептеуінде "Сүмбіле периоды" деген болды, ол "Сүмбіленің екінші рет күнмен бірдей жерден көтерілу периоды". Сүмбіле әр жылы шілденің ортасында күн аспанға көтерілудің алдында шығыс аспанынан көтеріледі екен. Уақыт жағынан бұл период 365.25 күн болып табылады. Сүмбіленің осы көтерілуі Ніл өзенінің тасуына тұспа-тұс келеді екен. Бір қызығы, аспандағы көрінетін 2000 нан артық жұлдыз ішінде дәл 365.25 периодымен қайта шығатын жұлдыз тек осы Сүмбіле ғана болса керек. Сондықтан да болар, Француз математигі R.A.Schwaller de Lubicz кезінде былай деген болатын: Сүмбіле жұлдызының периоды (365.25) "жорамалдай салуға келмейтін ғажайып астрономиялық құбылыс". Ал, бұл құбылыстың 4000 жыл бұрын байқалуы Египет мәдениетінің астрономия саласында жоғары деңгейге жеткенін көрсетсе керек.

Пирамидадан табылған жазбаларда Осирис құдайға арналған мындай сөйлемдер бар екен:

Сүмбіле  Сенің қарындасың Исида (Isis) келді, сен қуандың, сен ғашықсың. Сен оны төбеңе көтердің....

Сөйтіп ол балалы болды. Исида үлкейді, бейне Септ (Sept - Сүмбіле) секілді. Horus—sept болса Септ халқының атында туылды.

Сүмбіле 

Бір таң қаларлығы, аталған сөйлемде "балалы болып үлкейді, бейне Сүмбіле секілді" деген сөздер Сүмбіле жұлдызының қосаржұлдыз екенін айтып тұрғандай көрінеді. Бала туған соң ол Сүмбіле жұлдызының бұқарасы болады, яғни оның серік жұлдызы негізгі жұлдыздан ажырап кетпейді. Бұл енді астарлы түрде Астрономиялық білімнен сыр шерту секілді. Сүмбіле жұлдызының Қосаржұлдыз екені тек 1862 жылы ғана американдар жағынан анықталған. Ал, ежелгі Мысырлықтардың оның егіз жұлдыз екенін, серігі тым кішкене (бейне бала секілді) екенін тым ерте білгені әлі де зерттеуді талап ететін құпия.

Гомер өзінің Илиада поэмасында Ахиллестің Трояға жақындау кезін былай суреттейді:

Сүмбіле қараңғы, тұнық аспанға кеш көтеріледі;
Жазғы түндерде,бұл жұлдыздардың жұдызы,
Ориондар иті делінеді, бәрінен жарық ол,
Шіліңгір ыстық әкелетін, ол жамандық нышаны,
Ал, адамдар ыстықта әбден қиналады.

Тарихи-мәдени мағынасы себебінен болар, әлде аталған жұлдыздың психологиялық әсерінен болар, Сүмбіле ешқандай да романтизм сезімін туғызатын жұлдыз емес, тек адамға тылсым сыр ұсынып тұрғандай әркімді таң қалдырады. Оны ешкім айды, марсты, шолпанды тамашалағандай көңілді тамашалай алмайды; көк жарық жарқылы бар жылтылдаған аппақ Сүмбіле жұлдызы адамды шаттыққа емес, ойға жетелейді; сондықтан оны көбінесе жеке даралықтар, өзін оқшау, бірегей сезінгендер қадір тұтқан, жоғары бағалаған екен.

Догон және Сүмбіле

Сүмбіле 
Ежелгі Догон мәдениеті, Догондардың ата-бабасына арналған болуы мүмкін, XVII-XVIIIғ. жасалған.

Догондар батыс Африканың Мали еліндегі ежелгі ұлт болып, олар Сүмбіле туралы телескоп тапқырланбай тұрған кезде біле алуымыз мүмкін емес деректерді білген деген қауесет бар. Француз африкатанушы этнографы Марсель Гриоль (1898—1956) өзінің «Ogotemmêliмен сұхбат» және «Бозарған түлкі» еңбектерінде жазуынша, Догондар батыс астрономиясы дамудан бұрын Сүмбіленің Қосаржұлдыз екендігі туралы, оның серігі туралы, екі жұлдыздың айналу периоды 50 жыл екендігі туралы, тіпті бүгінге дейін анықталмаған Үшінші бір серік жұлдызы бар екендігі туралы ерте білген дейді.

Ал, Robert K. G. Temple 1976 жылы жазған «Сиқырлы Сүмбіле» кітабында айтуынша, олар Юпитердің Галилей серігі туралы және Сатурнның сақинасы туралы білімдерді де жеттік біледі екен.

Бұл талас пен жорамалқа арқау болған тақырып әуелде сол Марсель Гриольдың өзі соларға сондай білімді үйретуінен шыққан деген сөз бар. Олардың Сириус секілді жұлдыздар туралы білімі ежелгі заманнан қалған ба, әлде қазіргі заманғы білімнің көшірмесі ме, бұл туралы дау әлі басылған жоқ. Кейбіреулердің айтуынша егер Сүмбіле С жұлдызы (әлі жорамалдаулы жұлдыз) расталса, онда догондардың біліміне белгілі бір дәрежеде сенуге болады екен.

Сүмбіле атында

Сүмбіле 
Сүмбіле жұлдызы

Сүмбіле жұлдызы бұқаралық мәдениетте ғылыми фантазиялық әңгімелер мен түсірілімдердің негізгі тақырыптарының бірі есептеледі.

Ол сондай-ақ мысалы Маккуори унверситетінің логотипінде, және басқа да журналдардың атында кездеседі.

ХVІІІғ. бастап Англия Королдық флотындағы жеті кеме және Аустралия королдық флотының бірнеше кемесі HMS Сүмбіле атында аталды. Соғыс кемелеріне Сүмбіле атын беру АҚШ та да бар, мысалы USNS Сүмбіле кемесі (USNS Sirius (T-AFS-8)).

Атлант мұхитын тарихта тұңғыш рет жалғыз кесіп өткен Чарльз Линдберг тұңғыш рет айдаған моноплан моделі Lockheed 8 Sirius деп аталған екен.

1980 жылдары Mitsubishi Motors Mitsubishi Sirius атты двигательмен әйгілі болғаны белгілі.

Солтүстік Америка спутниктік радио компаниясының CD қабылдағышты 1999 жылы 11 айдан бастап "Аспандағы ең жарық жұлдыз" бойынша Sirius Satellite Radio аталғаны белгілі.

Сүмбіле 
Серер діні үшін ғарыш рәмізі — Сүмбіле жұлдызы белгісі

J.K. Роулинг Гарри Поттер романдар сериясында Гарри Поттердің ұстазын Сириус (Сүмбіле) деп атаса, оның хайуани пішіні үлкен бір қара ит етіп суреттейді.

Композитор Karlheinz Stockhausen кезінде өзін Сүмбіле жұлдызындағы бір ғаламшардан келгенін айтқан болатын. Ал оның күйлерінің көбі осы жұлдыз тақырыбында болып келеді.

Сенегал Гамбия және Мавританиядағы серер ұлтының сенімі болған Серер дінінің діни символизмі мен космизмі Сүмбіле болып, олар үшін бұл жұлдыз өте киелі есептеледі. Олар тұқым себуде, әсіресе жаңбырды болжау мен тілеуде көбінесе осы Сүмбіле жұлдызына қарайды және содан талап етеді. Олар үшін ғарыштың рәмізі осы Сүмбіле жұлдызы.

Дереккөздер

Сыртқы сілтеме

Tags:

Сүмбіле Қазақ астрономиясындағы жұлдызыСүмбіле Бақылау-өлшеу тарихыСүмбіле ҚозғалысыСүмбіле Серік жұлдызының байқалуыСүмбіле Қызыл жұлдыз пікірталасыСүмбіле КөрінісіСүмбіле Қосаржұлдыз жүйесіСүмбіле Жұлдыз тобыСүмбіле Этимологиясы және мәдени маңызыСүмбіле Догон және Сүмбіле атындаСүмбіле ДереккөздерСүмбіле Сыртқы сілтемеСүмбілеАспанЖұлдызЛатын тіліҮлкен Арлан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан аумағындағы казак әскерлеріФерменттерТері ауруларыҚола дәуіріДүниежүзілік шаруашылық жүйесіҚазақстан мейрамдарыОттегіМоңғол империясыЕжелгі ГрекияТұқым қуалайтын ауруларАвтомобиль түрлеріМақалаXV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіҚазақстан халқының бірлігі күніАсан қайғы СәбитұлыСиқымДамыған елдерҚұстарКонъюнктивитМодаль сөздерАлкандарМастопатияОтан қорғаушы күні (Қазақстан)МәтінМутацияЖеңіс күніБату ханҚазақ тіліЛинкольн-Дуглас пікірталастар форматыҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріАрғынБұғазАбайдың қара сөздеріҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЗәр шығару жүйесіҮйсін мемлекетіКүшВирусты гепатит ВТемпераментКөкпарҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыОрыстарОм заңыҰлы жүзЖүрек ауруларыҚазақстандағы туризмУақыт1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанЕсімшеЛионель МессиЫбырай АлтынсаринҚазақтарҒұндарҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚаңлы руыВирустарКүкірт қышқылыБайұлыАллитерацияДешті-қыпшақ мемлекетіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныЕліктеу сөзЕртісЕтістікДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруҮшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлерҚазақстан 2030Жусан иісі (повесть)Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыИсламдағы жыныстық өмір әдебіТөреАлаш ОрдаЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚазақстанның мемлекеттік құрылымыТеннисБатыс Түрік қағанатыБаланы қырқынан шығаруЖүрек-қантамырлар жүйесіМенеджмент🡆 More