Сілтілер

Сілтілер — сілтілік, сілтілік-жер металдардың және аммонийдің гидроксидтері.

Сілтілерге суда жақсы еритін негіздер жатады. Электролиттік диссоциация кезінде сілтілер OH анионын және метал катионын түзеді.

Сілтілерге мыналар жатады: Периодтық жүйенің Iа және IIа топшаларындағы (кальцийден бастап) металдардың гидроксидтері, мысалы, NaOH (күйдіргіш натр), KOH (күйдіргіш кали), Ba(OH)2 (күйдіргіш барит).

Физикалық қасиеттері

Сілтілік металдардың гидроксидтері (күйдіргіш сілтілер) өз алдына бөлек қатты, ақ түсті, ылғал тартқыш заттар болып келеді. Сілтілер — суда жақсы еритін, күшті негіздер, олардың суда еру реакциясы әжептәуір жылу бөлінумен өтеді. Сілтінің күштілігі мен суда ерігіштігі периодтық жүйенің әрбір тобындағы катионның радиусы неғұрлым көбейсе, соғұрлым арта түседі. Ең күшті негіздер — Ia тобында цезий гидроксиді және IIa тобында радий гидроксиді. Бұдан басқа, күйдіргіш сілтілер этанол және метанолда ериді.

Химиялық қасиеттері

Қатты күйінде барлық сілтілер H2O-ны ауадан сіңіріп алады, және де CO2-ні де (сондай-ақ ерітінді күйінде) ауадан сіңіріп алады (біртіндеп карбонаттарға айнала отыра). Сілтілер өндірісте кең қолданылады. Сілтілердің маңызды химиялық қасиеті — қышқылдармен реакция кезінде тұздар түзе алуы.

Реакция мысалдары:

NaOH + HCl → NaCl + H2O

Алынуы

Сілтілік металдардың хлоридтерін электролиздеу арқылы немесе сілтілік металдардың оксидтеріне сумен әсер ету арқылы алады.


Tags:

АммонийНегіздерСілтілік металдарСілтілік-жер металдар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Карта ойыныҮйсін мемлекетіАстанаҚозы Көрпеш - Баян СұлуУнитарлы мемлекетСаңырауқұлақтарӨнерҒаламшарТүркістан облысыҚыпшақтарАқпан төңкерісіТұрар РысқұловҚұнанбай ӨскенбайұлыҒылыми стильПублицистикалық стильАристотельҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықҚазақстанның экологиялық проблемаларыКүкіртАуыл шаруашылығыМағжан Бекенұлы ЖұмабаевТрансформаторҚазақстан әкімшілік бірліктеріАбай және оның орыс достарыФранцияӘл-Фатиха сүресіҚожаТайқазанТотығу-тотықсыздану реакцияларыҚазан төңкерісіӨсімдіктер1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықКатализМемлекетЕсімдікЖошы ханҰлы Жібек жолыМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміҚуық түбі безінің қабынуыАлшынСталинград шайқасыАфрикаӨт айдайтын дәрілерАлтай тауларыҚазақ хандарыЕуропа одағыРим империясыҚазақстандағы ұжымдастыруКенелерӨсімдік ұлпасыТөлеңгіттерКіші жүзАсан қайғы СәбитұлыСаясатӨскеменҒабит Махмұтұлы МүсіреповМал атауларыҚазақстандағы «қайта құру» саясатыҚазақстан демографиясыҚұмырсқаларДебатЖүсіпбек АймауытовДауысты дыбыстарЛинкольн-Дуглас пікірталастар форматыЖұлдызКөмірҚазақ жүздеріҚазақ батырлар тізіміЕкінші дүниежүзілік соғысАқ Орда (мемлекет)Сөз таптарыМенеджментАлматыҚазақстан аумағындағы казак әскерлеріАйша бибіҰлы Отан соғысыПиелонефритЖұбаныш Жексенұлы Тоқсанбаев🡆 More