Солтүстік-Батыс Университеті

Үлгі:Infobox university Солтүстік-батыс университет (ағылш.

Солтүстік-батыс университеті өзінің бизнес, заң, инженерлік, медицина және журналистка мектептерімен белгілі. Университеттің Чикагода, Доһада кампустары, Маями, Вашингтон және Сан-Франциско қалаларында программалар бар.

Солтүстік-батыс университеті 700 миллион долларға жуық грант бөлінетін АҚШ-тағы ең үлкен зерттеу университеттерінің бірі. Университеттің мақсатты капитал қоры (endowment) 11 миллиард долларды құрайды (АҚШ бойынша 9-көрсеткіш).

Солтүстік-батыс университеті бұрынғы және қазіргі оқытушылары мен түлектерінің арасында 19 Нобель лауреаты, 38 Пулитцер сыйлығының жеңімпазы, 65 Америка ғылым академиясының мүшесі және 2 Жоғары сот судьясы бар.

Тарихы

Солтүстік-батыс университеті 1851 жылы Джон Эванстың бастамасымен құрылған. Университет Чикаго қаласысның солтүстігіндегі Эванстон қаласында орналасқан.

Құрылымы

Эванстондағы кампус

  • Вайнберг өнерлер мен ғылымдар колледжі (1851);
  • Коммуникация мектебі (1878);
  • Бинен музыка мектебі(1895);
  • Келлогг менеджмент мектебі (1908);
  • Аспирантура мектебі (The Graduate School) (1910);
  • МакКормик инжерения және қолданбалы ғылымдар мектебі (1909);
  • Медилл журналистика мектебі (1921);
  • Білім және әлеуметтік саясат мектебі (1926);
  • Кәсіби оқулар мектебі (School of Professional Studies) (1933).

Чикагодағы кампус

  • Файнберг медицина мектебі (1859);
  • Келлогг менеджмент мекеті (1908);
  • Прицкер заң мектебі (1859);
  • Кәсіби оқулар мектебі (School of Professional Studies) (1933).

Танымал ұстаздары

  • Филип Котлер - заманауи маркетингтің әкесі атанған ғалым. Келлогг менеджмент мектебінде 1962 жылдан бері Маркетингтен сабақ береді. 40-қа жуық маркетингке байланысты кітаптың авторы. "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры профессор Котлердің "Маркетинг негіздері" кітабын "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында қазақ тіліне аударған;
  • Гэри Сол Морсон - Славян тілдері мен әдебиеті департаментінің профессоры. Профессор Морсонның Анна Каренина курсына 500-ге жуық адам тіркеледі. Бұл АҚШ-тағы славян курстарының студент саны бойынша ең үлкені болып саналады. Профессор Морсон 30-ға жуық кітаптың авторы;
  • Ирвин Уайл - Славян тілдері мен әдебиеті департаментінің профессоры;
  • Джоэль Мокир - экономика тарихы және экономикалық өсу бойынша бірқатар кітап жазған ғалым;
  • Роберт Гордон - макроэкономист, "Американың өсуі мен құлдырауы" атты кітаптың авторы;
  • Гари Крамер - Келлогг менеджмент мектебінің профессоры. Өзінің құндылықтарға негізделген көшбасшылық авторлық курсын әзірлеген. 1999-2004 жылдары Бакстер компаниясының Бас директоры болған.

Танымал түлектері

  • Стивен Колберт - танымал америкалық шоумен және тележүргізуші;
  • Меган Маркл - танымал актриса, британ ханзадасы Гарридің әйелі;
  • Коди Кинан - АҚШ Ақ үйінің спичрайтинг директоры болған (Обама әкімшілігі);
  • Джордж Рэймонд Ричард Мартин - жазушы, сценарийші. HBO каналы Мартиннің «Мұз бен от жыры» фантазиялық романдар циклінің негізінде "Тақтар таласы" сериалын түсірген.

Дереккөздер

Tags:

Солтүстік-Батыс Университеті ТарихыСолтүстік-Батыс Университеті ҚұрылымыСолтүстік-Батыс Университеті Танымал ұстаздарыСолтүстік-Батыс Университеті Танымал түлектеріСолтүстік-Батыс Университеті ДереккөздерСолтүстік-Батыс УниверситетіАғылшын тіліВашингтонДоһаИллинойсСан-ФранцискоЧикагоЭванстон (Иллинойс)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бәйтерек (мифология)Мысық314-атқыштар дивизиясыМұнайӨзбектерҚара құрдымБүркітҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіШыршаТұсаукесерӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..Экологиялық жүйеӨкпеБиотехнологияСарматтарТыныс алуЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Органикалық қосылыстарӘлішер НауаиТранспортирКәсіпорынДауыссыз дыбыстарТүркістан автономиясыҰшқан ұяСөйлемнің бірыңғай мүшелеріФизикалық-географиялық аудандастыруСабақтас құрмалас сөйлемҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚазақстандағы саяси партияларАқсу-Жабағылы қорығыЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОМюнхен келісіміҚазақстандағы «қайта құру» саясатыЖай сөйлем және оның түрлеріТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровКерей ханАмерика–Жапон шарттарыӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Мобильді қосымшаларМұхаммедМодификациялық өзгергіштікБатыс ҚазақстанТұтынушы құқығыОңтүстік ҚазақстанСталинград шайқасыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіТыныс белгілеріҚытай Халық Республикасы экономикасыНафтаСюрреализмҚажымұқан МұңайтпасұлыТыныс алу жүйесіАй (серік)МутацияҚозғалыс (зат)Леонардо да ВинчиКүнбағысҚан мен терҚазақ мәдениетіҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріАналық жыныс безіТөле биАндроново мәдениетіЗәр шығару жүйесіСалауатты өмір салтыЖалаң сөйлемТәуке ханАралас құрмалас сөйлемКүкірт қышқылыБалғынбек ИмашевӘбу Райхан әл-БируниҚазақстанның экологиялық проблемаларыҚазақтың ұлттық ою-өрнегіМәшһүр Жүсіп КөпейұлыКүкіртТұлғаҚазақстан әкімшілік бірліктеріҚазақстан мейрамдары🡆 More