Селин Дион (1968 жылы 30 наурызда туған) – канадалық әнші.
Квебек провинциясындағы көп балалы отбасылардың бірінде туған. Отбасының кенжесі. Ата-анасы музыкант болғандықтан, Селин киелі сахнаға ерте жастан-ақ аяқ басты.
Селин Дион Céline Dion | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Толық аты | Селин Мари Клодетт Дион |
Туған күні | |
Туған жері | Шарлемань (Квебек) |
Белсенділік жылдары | 1980 — қазіргі уақыт |
Мемлекет | |
Мамандықтары | әнші, актриса, әндер авторы |
Жанрлары | |
Лейблдері | Sony Music Canada, Epic, 550, Columbia |
Ресми сайты |
12 жасында Селин өзінің тұңғыш әнін анасының көмегімен жазып шығып, әнді танымал француз әншісі Женет Реноның альбомынан табылған мекенжайға жолдайды. Ол ән менеджер Анжелилдің қолына түседі. Анжелилден жауап болмаған соң, Селиннің ағасы телефон арқылы хабарласып: «Сіздің кассетаны тыңдамағаныңызға сенімдімін, егер тыңдаған болсаңыз, дереу бізге хабарласатын едіңіз!» дейді. Әнді тыңдаған күні-ақ Анжелил Селинді өзінің кеңсесіне шақырады. Селиннің әнін өз аузынан тыңдағанда, менеджер өзін ұстай алмай, толқып, жылап жіберген деседі.
Анжелил Селиннің тұңғыш табынушысы еді. Осыдан кейін Селин күллі әлемді әнімен, өнерімен жаулау жолына түсті. Осынша ерекше дарынға куә болған Анжелил көп ойланбастан Селиннің альбомын шығару үшін үйін сатып жібереді. Анжелилдің бұл сенімі далаға кеткен жоқ. Бұл альбом Канадаға кеңінен таралып, жас Селин 1982 жылы Жапониядағы сазгерлер байқауының жүлдегері атанды.
Селин 18 жасында Майкл Джексонды теледидардан көріп, менеджеріне: «Менің де осындай атақты болғым келеді!» деп айтқан деседі. Осыдан кейін менеджері Селиннің сыртқы келбетін ретке келтіріп, шашын кестіріп, ағылшын мектебіне жаздырады.
Нағыз атақ Дионға Пибо Брисонмен бірге шырқаған «Beauty and the Beast» (мультфильм саундтрегі) әнінен кейін келеді. Бұл ән арқыны Селин Дион Грэмми мен Оскар жүлделерін қатарынан жеңіп алды.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Селин Дион, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.