Оз Әлемінің Таңғажайып Сиқыршысы

туындыларының бірі саналатын кітап.

(ақпан 2016)
  • «Оз әлемінің сиқыршысы» – 1900 жылы жазылған, балалар әдебиетінің озық

Авторы- Лаймен Фрэнк Лаум. Төлнұсқасы – «The Wizard of Oz». Александр Волков орыс тіліне «Волшебник Изумрудного города» атпен аударып шығарды. 1982 жылы «Оз әлемінің сиқыршысы» атты кітап экран бетіне жарық көрді.

  • Қысқаша мазмұны

Бұл кітапта Дороти атты қыздың басынан өткен оқиғалары баяндалады. Дороти жетім қыз, бірақ Генри көкесі мен Эм тәтесімен және оның сүйікті күшігі Тото да бірге тұрып жүрді. Бір күні Дороти тұрып жатқан үйді құйын көтеріп Манчкиндер еліне әкеледі. Құлап келе жатып үй жауыз жауыз мыстанның үстіне келіп құлайды да, манчкиндер елін жауыздықтан құтқарды. Бұл іске риза болған солтүстіктің мейірімді мыстаны Доротиге сиқырлы етік береді және бұл сиқырлы етік арқылы кез келген жерге баруға болады. Билеуші Доротидің Манчкиндер елінде қалғанын қаласа да, Дороти өз еліне қайтқысы келді . Мейірімді мыстан Доротиге тек Оз әлемінің сиқыршысы ғана көмектесе алатындығын айтады және Оз әлемінің сиқыршысына тек сары кірпіштер көмегімен бара аласың деп жол ңұсқап жібереді. Жолда Дороти ағашқа асылып тұрған тұлыбты көреді. Тұлыб өзінде ми болғандығын қалайды. Дороти тұлыбқа өзімен жүруді өтінеді, себебі, Оз әлемінің сиқыршысы тұлыбқа да өз көмегін тигізе алатындығына кәміл сенді. Әрі қарай жолда Дороти мен тұлыб темір адамды көреді. Темір адамның бар арманы-өзінде жүрек болуы. Дороти ұлы сиқыршы темір адамға көмектеседі деп ойлап, оны да үлкен сапарға қосты. Дороти, тұлыб және темір адам жолда қорқақ арыстанды кездестіреді. Арыстанның бар арманы- батылдыққа ие болу. Жолда арыстан, темір адам, тұлыб және Дороти келе жатты. Кенеттен Дороти өзін жайсыз сезініп талып қалады. Сол мезетте, темір адам Доротидің бұл шарасыз күйіне қайғырып, жылай бастайды. Ал тұлыб болса Доротиге көмектесудің амалын тауып, Доротиді аман алып қалады. Жолда үлкен асу көрінеді. Арыстан бар жігерлікті жинап, Дороти, темір адам және тұлыбты өзіне мінгізіп асудан аман-есен өтеді. Басты кейіпкерлер Оз әлемінің сиқыршысының мекеніне де келіп жетті. Дороти, тұлыб, темір адам және арыстан Оз әлемінің сиқыршысына өздерінің армандарын айтады. Сол кезде, Оз әлемінің сиқыршысы сендердің армандарың әлдеқашан орындалды деп айтты. Тұлыб, сен Дороти ес түссіз жатқанда оны аман сақтап қалу жолын тауып едің ғой, егер миың болмаса қалай бұл мәселені шешер едің? Темір адам, сен Дороти талып қалған уақытта жанашырлық танытып, аяпедің ғой, егер жүрегің болмаса аяушылық сезімі сенде қайдан болсын? Арыстан, сен үлкен асуды қорықпай жеңіп едің, егер жігерің болмаса қалай үлкен асуды бағындырар едің, деп жолбарыс, тұлыб және арыстанға қарады. Бұл үшеуі де сиқыршыға барар жолда өздерінің армандарының орындалғанына қатты қуанды. Енді тек Доротидің ғана арманы орындалмады, соған Дороти сәл мұңайыңқырап тұрды. Сиқыршы Доротиге де арманын орындауға көмектеседі, яғни Доротидің аяғындығы етік оны өз елі Кансасқа алып баратындығын айтады. Дороти достарымен қоштасып, өзінің туған жері Кансасқа қайта оралады. Кансастағы тәтесі мен көкесі Доротидің келгеніне қатты қуанады.

  • Кейіпкерлер

-Дороти: кітаптағы басты кейіпкер. Үйін құйын көтеріп алып кеткеннен кейін, өз еліне қайта оралуды армандайды. Бұл арманын Оз әлемінің сиқыршысы көмектеседі. Сиқыршыға барар жолда өзіне өте жақсы достарды кездестіреді.
-Мейірімді мыстан: Доротиге зұлым мыстанды өлтіргені үшін сиқырлы етік береді.
-Тұлыб: Доротиге өзіне ми қажет екендігін айтады. Жолда тұлыб үлкен мәселені миы арқылы шешіп, соңында өзінде ми бар екендігін ұғады.
-Темір адам: жүрек иемденуді армандайды. Дороти жолда талып қалған уақытта аяушылық білдіреді, соңында өзінде жүрек бар екендігін аңғарады.
-Арыстан: батыл болуды қалайды. Жолда асуды жігерлігі арқылы асып өтеді. Сиқыршы арыстанда батылдық қасиеті бар екендігін ұғындырады.
-Оз әлемінің сиқыршысы: тұлыб, темір адам, жолбарыс және Доротиге өз армандарын орындауға көмектеседі. Пайдаланылған әдебиеттер: The book «The Wizard of Oz» Laimen Frank Laum

Оз Әлемінің Таңғажайып Сиқыршысы
Алғашқы басылымы.1900 жылы жарық көрген.

Tags:

Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Керей ханЖол белгілеріЭкзистенциализмЖыныс мүшелері ауруларыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныҚазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуыЖамбыл ЖабайұлыАнтонимӘлем елдерінің тізіміИсламОғыз мемлекетіХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміНамаз уақытыБактерияларҒұндарЦиститЯсин сүресіМоңғол шапқыншылығыБалқашҚазақ әліпбиіӨкпеТұлғаПугачев бастаған шаруалар соғысыҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміӨкпе обырыҚымызРевматизмМақал-мәтелдерСаяси режимГипергликемиялық комаҚызылша (медицина)ЕуропаБронх демікпесіДамушы елдерДара сөздер мен күрделі сөздерҚант диабетіҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерСайлау жүйесіКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыМиграцияАсқар СүлейменовҮш Жүз партиясыҚыстырма сөзАбиотикалық факторларҚожаЖабайы алма (повесть)Асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыАустралияПиелонефритГормондарКүйзелісШешендік сөзСаңырауқұлақтарСемей полигоны1921-1922 жылдардағы ашаршылықҚазақстан азамат соғысы жылдарындаВирустарАзаматтық құқықСөйлем мүшелеріАуызашарҚадыр Мырза ӘліГалогендерЖасуша мембранасыКөксерек (әңгіме)ӨндірісҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатЕліктеу сөзАристотельАлматы облысыІсікДекларацияЫбырай АлтынсаринТыныс белгілеріМотивацияАлаш партиясының бағдарламасыҚаһарАнтибиотик🡆 More