Музыка Тарихы

Музыка тарихы — музыка өнерінің қалыптасу тарихын, жалпы музыканы жанрлары бойынша, елдер және мектептер бойынша музыканы зерттейтін Музыкатанудың саласы (ғылым және оқу пәні).

Музыка тарихының мақсаты – музыка өнерінің даму кезеңдерін музыканың түрлі салаларымен, қоғам өмірінің өзгерістерімен байланыстыра отырып зерттеу. Музыка тарихы музыкалық шығармашылықтың құбылыстарын зертеуде музыкалық-теориялық талдаудың нәтижелеріне сүйенеді. Сонымен қатар зерттелетін құбылыстың тарихи шарттылығын ескермейінше теориялық музыкатану қорытындылары толық және ғылыми дәлелді болмайды. Музыка тарихы музыканың жалпы тарихымен қатар жеке ұлттардың музыка тарихын, музыкадағы жанр мен форма (мысалы, опера, симфония, соната), орындаушылық өнер түрлерін (пианизм, скрипкалық өнер), музыкатанудың жеке салаларының (мысалы, гармония жайындағы ілімнің тарихы) тарихын қамтиды.

Музыка Тарихы

Егер қазіргі ғылым саналы адам қауымы осыдан 160 000 жыл бұрын Африкада қалыптасып, сосын осыдан 50 000 жыл бұрын басқа да тіршілікке ықпал құрлықтарға тараған деп санаса, музыканың да бір қарапайым түрлері да сол алғашқы қауымда адаммен бірге пайда болған деп есептейді.

Қазіргі ғылым археологиялық және этнографиялық деректерге сүйене отырып, Музыканы алғашқы қауым қоғамының кезінде-ақ өнердің би, поэзия т.б. түрлерінің ұрықтарын бойына жасырған синкретизмдік комплекстің «құрсағында» ұзақ уақыт «өсіп-жетілу» процессінен өтті деп санайды. Өнердің арғы атасы саналатын мұндай синкретизмдік комплекстер көпшілікке қажетті салт-жора ретінде, сонымен қатар бірігіп еңбек ету процесінде адамдардың рухани санасын тәбиелеу әрі қатынас құралы мақсатын атқарған. Мол диапазонды қамтып, бірінен соң бірі жалғаса беретін белгісіз биіктіктегі дыбыстардың әуел бастағы тәртіпке келтірілмеген тізбегі (құс әніне, аңдардың дыбысына еліктеу) кейін логикалық мәні жағынан тұрақты және жанама (тұрақсыз) биіктік бөлшектерге дараланған бірнеше тондардан ғана құралатын әуен саздармен алмасты. Мелодиялық-ритмдік формулалардың сан рет қайталануы мен оның қоғамдық тәжірибеде мықтап орын алуы бірте-бірте дыбыстарды логикалық жағынан қалыптастырып, ұйымдастыру мүмкіндігін ұғынуға жағдай жасады. Сөйтіп, музыкалық дыбыс жүйесінде өлшем мен ладтың ең қарапайым түрлері туды. Тарихқа дейінгі немесе қарапайым музыка деп ауызша музыка есептеледі. Оның мысалы - аустралиялық немесе америкалық аборигендердің бір-біріне ауызба-ауыз айтылатын музыкасы. Бұл кезен музыкалық шығармалардың жазба түрінде сақталуының шығуымен аяқталады. Ең алғашқы сына жазулы музыкалық мәтін Ниппурдың археологиялық қазбаларында табылған, оның жасы 4 мың жыл деп болжамданады.

Ғалымдардың ең алғашқы тіркеген музыкалық аспап - сырнай. Сырнайдың бір данасы б.з.б. 35-40 мыңжылдық деп болжамдалған көне мүсіндердің қасында табылған.

Дереккөздер

Tags:

МузыкатануОпераСимфонияСоната

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Экономикалық интеграцияСақ мәдениетіБауырымен жорғалаушыларЖаңа білім беру жүйесі1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісОтырарОңтүстік Америка314-атқыштар дивизиясыАлаш автономиясыКүн жүйесіХалықаралық балалар күніҚазан төңкерісіАлматы қорығыМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желі1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықТүркістан автономиясыЖоңғар шапқыншылығыКүн (жұлдыз)Халықаралық ұйымдарЖұлдызЖасуша1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанБейнелеу өнеріҚоршаған ортаның ластануыЖай сөйлемҚабанбай батырӨсімдіктер систематикасыКөлік кешеніПродуценттерҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріБиомеханикаҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыМәдениетКүй аңызы (әңгіме)Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіОмонимКонституцияОперациялық жүйелерҚазақстан халқының бірлігі күніМерезҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіСпортҒаламдық мәселелерЭстрогенБабырСын есімМагнит өрісіТотығу-тотықсыздану реакцияларыСәбит Мұқанұлы МұқановАдамның табиғатқа әсеріИранҚосарлы ұрықтануСоқырішекМақта (дақыл)ЖүрекАлғашқы қайта өрлеу дәуіріИбн СинаАйдын Ақанұлы АйымбетовИнтернетПлагиатVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріДенсаулықОрганикалық қосылыстарАналық жыныс безіҚазақстан музейлеріЖайықТуыстық атауларыАҚШ экономикасыАктинМорфология (лингвистика)ӨсімдіктерПедагогикаИспанияҚазақ философиясыАқсу-Жабағылы қорығыҚорықтарҒылыми фантастикаАлғашқы көмек🡆 More