Микротүтікшелер

Микротүктер – жасушаның беттік кешенінің туындылары.

Олар жасуша бетін ұлғайтып, сыртқы ортадан заттарды сіңіру қызметін атқарады.

Микротүтікшелер
Микротүтіктердің құрылымы

Сипаттамасы

Микротүктер плазмалемманың ұзындығы 1-2 мкм, диаметрі 0,1 мкм болатын өсінділері. Гиалоплазмада актинді микрофиламенттердің ұзына бойлық шоқтары өтеді, сондықтан микротүктердің ұзындықтары өзгеріп отырулары мүмкін. Бұл – заттардың жасушаға өтулерін реттеудің бір түрі. Микротүктердің беті гликокаликспен қапталады. Сору белсенді түрде жүрген кезде микротүктер бір-біріне тығыз орналасады да, олардың гликокаликстері косылып кетеді. Осындай кешенді щеткалы жиек деп атайды. Щеткалы жиектің гликокаликсінің молекулалары ферментті белсенді болып келеді.

Қызметі

Биологиялық мембраналар клетканы тек қана сыртқа ортадан бөліп қоймай, сондай-ақ, өздерінің құрылымдары мен қызметтік ерекшеліктері бар, жеке-жеке аймақтарға – компартменттерге бөледі. Осындай компартменттермен байланысқан мембраналардың өздеріне сай ерекшеліктері болады. 7 мкм-ге жететін аса ұзын микротүктерді стереоцилиялар деп атайды. Олар кейбір, мысалы, есту және тепе-теңдік мүшелерінің сенсорлы клеткалары сияқты арнайы клеткаларда кездеседі. Олардың бастапқы сору қызметтері жойылады да, қызметтері алғашқы орналасуларын өзгертулерімен байланысты болады. Клетка бетінің конфигурациясының өзгеруі клетканы қоздырады, қозу нерв талшықтарының ұштарына беріледі, ал сигналдар орталық нерв жүйелеріне барады. Стереоцилияларды микротүктердің модификациясынан туындаған арнайы органеллалар ретінде қарастыруға болады.

Дереккөздер

Tags:

Жасуша

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

КанадаҮстеуҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыШахматЖоғары сатыдағы саңырауқұлақтарНАТОМемлекетКенесары ханҒұсылЖұрнақБактерияларАқмола облысыСыр бойындағы қалаларҮлкен деректерЕкінті намазыСәбит Мұқанұлы МұқановБүйрекүсті безіЖұлдызды аспанТүркістан автономиясыШымкентАмитозСыбайлас жемқорлықӨртСұлтанмахмұт ТорайғыровШеңберҚазақша жыл санауМенің атым Қожа (повесть)Бесеудің хатыЖатырҚазақтың ұлттық ою-өрнегіӨзбекстанЗікірМарафон шайқасыШешендік сөзАдам ағзасындағы химиялық элементтерЖанқожа НұрмұхамедұлыЭкологиялық жүйеМұхтар Мұқанұлы МағауинЕсімдікАршаДепортацияЖапонияҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыМұнайБатыс Түрік қағанатыБірінші дүниежүзілік соғысАйтысБесікке салуҚазақтарҚонақжайлылықСаңырауқұлақтарДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевАТФЖасушаның бөлінуіҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Солтүстік ЕуропаҒарышкерСаптамаЖалаң сөйлемЕуропаБілімҚырғызстанДемографияСағатОю-өрнекЭлектромагниттік толқындарӘпке (драма)ЭпитетТемірқазықҚанЖүрек ауруларыСарқылатын ресурстарАлтай тауларыМақалаСырым ДатұлыЖайылма сөйлем🡆 More