Кәмшат

Кәмшат (лат.

Кәмшат
Кәмшат
Амандық күйі
Кәмшат
Жойылу қаупіндегілер (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Сусарлар тұқымдасы
Кіші тұқымдасы: Сусар
Тегі: құндыз
Түрі: L. lutra
Екі-есімді атауы
Lutra lutra
(Карл Линней, 1758)
Ареал
Ареал

Кәмшат Аустралиядан басқа материктің бәрінде кездеседі. Суда жақсы жүзеді, шомылады. Камшаттың негізгі қорегі — балықтар мен бақалар. Кәмшатты кейде қазақша құндыз немесе қама деп те атайды. Мұның бірнеше түрлері бар, олардан жиі кездесетіндері: кәмшат құндызы, өзен кәмшаты.

Қазақстанның орманды, таулы аймақтарында кәдімгі кәмшат және Орта Азия кәмшаты кездеседі. Дене тұрқы 65 — 70, құйрығы 41 — 44 см, салмағы 5 — 8 кг. Кәмшаттың арқасы мен құйрығының түсі жылтыраған қара қоңыр. Бауыры ақшыл, төсі сарғыш қоңыр келеді. Саусақтарының арасы жүзу жарғақтарымен көмкерілген. Қазақстанның оңтүстік-шығысында таралған. Іле өзеніне құятын Шілік, Үсек, Құндызды сияқты таулы өзендерінің сағаларын және Көксу, Қара, Тентек өзендерінің жоғарғы жағалауларын мекендейді. Көбіне шабақтар мен балықтармен қоректенеді. Сондай-ақ, құстарды, сүтқоректілерден — қоян, су тышқаны мен ұсақ кеміргіштерді ұстап жейді. Кәмшат көбіне өзеннің тік жағасынан ін қазып, сонда паналайды. Інінің аузы су астында болады. Жатағын қыста қатпайтын, балығы бар ағын су бойына салады. Жылына 1 рет түлейді. Аналығы 2 — 4 құнай табады. Көп аулануына байланысты саны күрт азайып кеткен. Осы кезде тек кәдімгі кәмшатты ғана аулауға рұқсат етіледі. Орта Азия кәмшатыы өте сирек кездесетін болғандықтан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Бұл аң Кирсанов қорықшасында арнайы қорғалып, өсіріледі. Жылына 100 — 150 кәмшат елтірісі дайындалады (2004).

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Lutra lutra


Tags:

Латын тіліСусарлар тұқымдасыТері

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

YouTubeМұнай өнеркәсібіЕкібастұз көмір алабыБатыс-Сібір генерал-губернаторлығыКиіз үй жабдықтарыЖүйке жасушаларыҚазақстандағы туризмБатаЗат есімАқбөкенСептік жалғауӘлем елдерінің тізіміОтырарИнтернетҚазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымыЖоңғар шапқыншылығыТемір жолСүндет тойТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануЕсімшеХолециститӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаЖұлдызды аспанАрал теңізіСинонимҰлы Отан соғысыСпораЖел энергетикасыЭтил спиртіАбердин-СитиОрталық жүйке жүйесіБатыс ЕуропаМаклерБейімбет Жармағамбетұлы МайлинӨртҚазақ газетіПартеногенезГеометрияФилософияАрыстан баб кесенесіСаптама етікАқан серіӘл-Фатиха сүресіАқ Орда (мемлекет)Зар Заман ақындарыЖұлдызШаңырақМәдениет туралы түсінікҚазақстан астанасыҒұндарГеографияҒұсылЖамбыл ЖабайұлыБөкей ОрдасыНаурыз көжеҒұндар мемлекетіЕңлік-КебекМақал-мәтелдерӘлеуметтік инфрақұрылымҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚобызЛизосомаКанадаПанамаОтырар кітапханасыДауыссыз дыбыстарМұстафа ШоқайОрталық АзияӨкпеҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміАллергияҚазақтарТемірқазықҚазақстандағы ұжымдастыруҮндістан мен Пәкістан қарым-қатынастарыТас дәуіріҚазақтың балаға ат қою рәсіміНоғай ордасы🡆 More