Кулинариялық жартылай фабрикаттар— кулинариялық өңдеуді қажет ететін дайындалған күйінде сауда орындарына түсетін әр түрлі азық-түлік өнімдері (ет, балық, көкөніс, жарма т.
6.). Жартылай фабрикаттар әр алуан: оларды басқа тағамдар рецептурасында көрсетілгендей дайындайды. Жартылай фабрикаттарды дайындау тамақ дайындау жұмысын жеңілдетеді.
Ең көп тарағандары - порциялы, ұсақтап туралған, ұнға аунатылған және туралған жартылай фабрикаттар.
Ішек-қарыннан (ми, бауыр, бүйрек), сондай-ақ құс етінен жасалған жартылай фабрикаттар — тауықтың сүбесі мен жаншылған котлеті (семіз тауықтың ақ етінен жасалған), қуырылған тауық котлеті (кесілген еттен жасалған), тауықтың ішек-қарын, өкпе-бауырынан тұратын сорпалық оралып-буылған, өлшенген түрінде сатылады. Жартылай фабрикаттарға сондай-ақ тоңазытылған пельмендер мен ет тартқыштан өткізіп әзірленген фрикаделькиді де жатқызады. Оларды картон қораптарға салады. Үй жағдайында ет жартылай фабрикаттарын тоңазытқышта сақтайды. Оларды сатып алған күні пайдаланған жөн. Балықтан жасалған жартылай фабрикаттар — ең кең тараған түрі балықтын, тоңазытылған сүбесі болып табылады. Оны текшелен кесіп, таразыға тартып немесе тақталан буып-түйіп сатады.
Көкөністен жасалған жартылай фабрикаттарды тоңазытылған, келтірілген, сондай-ақ консерві түрінде шығарады. Қуыру үшін дайындалатын көкөніс негізінен, капуста, сәбіз, картоп котлеттері; тез тоңазытылған картоп, қуырылған картоп, құрғақ картоп пюресі; тез тоңазыту әдісімен консервіленген көкөніс жартылай фабрикаттары; көк бұршақ, үрме бұршақ (қабығымен), кейде помидор, сәбіз, тәтті бұрыш т.б. жаңа жиналған бетте тоңазытылған көкөністер сатуға түседі. Әр түрлі ет, балық, жеміс және көкөністен сұйық және қою тамақтық жартылай фабрикаттар даярлауға болады. Сондай-ақ жармадан (манный, күріш, тары котлеттері) және сүзбеден жасалған жартылай фабрикаттар да (ірімшік салып пісірген нан, немесе соған қажет қамыр) дайындалады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Кулинариялық жартылай фабрикаттар, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.