Клоака

Клоака — бір қатар омыртқалы жануарларға (кейбір дөңгелек ауыздылар және балықтар, барлық қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, клоакалы сүтқоректілер) тән тік ішектің кеңейген соңғы бөлігі.

Клоаканың қабырғасы да, басқа түтікше мүшелердің қабырғасы тәріздес үш қабықтан: ішкі — кілегейлі қабықтан, ортаңғы — етті қабықтан және сыртқы — тік ішекпен жалғасқан алдыңғы бөлігі — сірлі қабықтан, ал соңғы бөлігі — адвентиция қабығынан құралған. Клоаканы көлденеңінен орналасқан екі етті сақина үш бөлімге: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөледі.

Алдыңғы бөлімді нәжіс қойнауы деп атайды. Бұл бөлім тік ішектің тікелей жалғасы болғандықтан, оның қабырғасының гистологиялық құрылысы тік ішек қабырғасының құрылысына ұқсас, яғни оның кілегейлі қабығының ішкі бетінде қысқа келген ішек бүрлері, кілегей бөлетін түтікше бездер мен бірклеткалы құтыша бездер болады. Клоаканың ортаңғы бөлімі несеп қойнауы деп аталады. Бұл бөлімнің жоғарғы бүйір қабырғасына несепағар мен жануарлардың жынысына байланысты не шәует жолы, не жұмыртқа жолы ашылады. Ортаңғы бөлімнің кілегейлі қабығында ішек бүрлері мен бездер болмайды. Еркек жануарлардың түрлеріне байланысты ортаңғы бөлімде әртүрлі деңгейде жетілген жыныстық қатынас мүшесі орналасады. Клоаканың соңғы бөлімінің кілегейлі қабығы көпқабатты эпителиймен астарланған. Клоака кілегейлі қабығының өзіндік тақташасында қорғаныс қызметін атқаратын лимфоидты құрылымдар болады.

Дереккөздер


Tags:

АдвентицияСақина

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Басынқы сөйлемИсламТарих философиясыАрал теңізіАдам қаңқасыКерей ханҰлыбританияБіріккен Ұлттар ҰйымыҚазақстан астанасыКөне түркі жазбаларыДүниежүзінің табиғат ресурстарыШвейцарияКорея РеспубликасыЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақ руларыСүтқоректілерМәскеу шайқасыҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміҚорғансыздың күні (әңгіме)Алланың есімдеріЭкономикалық қатынасАққан жұлдыз (роман)ФутболОтынЛенинград шайқасыКәсіпорынНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыБіріккен Араб ӘмірліктеріБілім беруАзияӨзгергіштікҚанМетаморфтық тау жыныстары1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықРоботБұрыш (геометрия)ҚырғызстанСолтүстік Қазақстан облысыАбай Құнанбайұлының шығармаларыҚазақстандағы саяси партияларҚазақстанның экономикалық аудандарыГеографияСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайОнтогенезОтын-энергетикалық кешенКөзімнің қарасы...Қолдан сұрыптауЕтісҚазақстан географиясыӘдемі инелікДәруменОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыЛеонардо да ВинчиҚазақтарКиіз үйЖай механизмҚарағанды металлургия комбинатыҰрықжолдастыларӨркениетЛинолеумҰлы Отан соғысыҚоршаған ортаны қорғауҚой шаруашылығыҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыРобототехникаҚазақстанның кен ресурстарыҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыСан есімТұсаукесерСәбит Мұқанұлы МұқановХиуаз Қайырқызы ДоспановаАктинҚант диабетіБалықтарҚазақ батырлар тізіміMicrosoft ExcelГалогендер🡆 More