Жорғалаушылардың Дене Құрылысы Және Тіршілік Әрекеті

Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8 000-ға жуық түрлері бар.

Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, крокодилдер, т.б. жатады. Суда тіршілік ететін түрлері де бар. Бірақ олар екінші рет оралып, суда тіршілік етуге бейімделген. Өйткені атмосфералық ауамен тек өкпесі арқылы ғана тыныс алады. Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әр түрлі. Құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік етеді. Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология (гр. «герпетон» - «жорғалау ілбі дар» + «логия» - ғылым) деп атайды.

Жорғалаушылардың денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтары жойылған

Жорғалаушылардың терісі құрғақ және онда бездер өте аз. Терінің сырты мүйізді қабыршақтармен, қалқаншалармен, сауытпен қапталған. Мұндай мүйізді түзілістер теріні қүрғап кетуден сақтайды әрі қорғаныш қызметін атқарады. Өсу кезінде терісі үнемі түлеп, түсіп отырады. Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен тұрады. Олар: бас-сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяктары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары және кеуде қуысы. Олардың қаңқасында алғаш кеуде қуысы пайда болған. Омыртқа жотасы - мойын, арқа-бел, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады. Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары бар. Күрделі қозғалыс жасауларына байланысты аяқтарында, жақсүйектерінде, мойнында және кеуде қуысында бүлшықеттері жақсы дамыған. Кеуде қуысындағы қабырғааралық бұлшықеттердің жиылып-босаңсуына сәйкес, ауа өкпеге еніп, қайта шығады.

Жорғалаушылардың асқорыту жүйесі қосмекенділерге ұқсас. Ауыз қуысының түбінде қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға, айналаны сипап сезуге көмектеседі. Жыланның тілі жіңішке, ұшы екі айыр, ол сипап сезу қызметін атқарады. Халық арасындағы «жыланның уы тілінде» деген ұғым шындыққа жатпайды. Жыланның уы үстіңгі жақсүйекте орналасқан улы тістерінде болады. Сілекей бездері өзгеріп, у бөлетін бездерге айналған. Сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Жорғалаушылар өкпесімен ғана тыныс алады. Өкпесі көптеген кіші ұяшықтардан тұрады. Ауа өтетін тыныс мүшелері - жұп танау тесіктерінен, жүтқыншақтан, көмекейден, кеңірдектен және ауатамырлардан тұрады. Жүрегінің қүрылысы қосмекенділерге ұқсас үш қуысты (екі құлақшадан, бір қарыншадан тұрады). Жорғалаушылар қарыншасының арасын жартылай перде екіге бөледі. Қарыншасы жартылай пердемен бөлінгендіктен, екі қүлақшадан қарыншаға өткен қан онша араласпайды. Жорғалаушылардың да денесіне аралас қан тарайды. Дегенмен артерия қаны көбірек. Крокодилдердің жүрегі толық төрт қуысты (екі құлақшадан, екі қарыншадан тұрады). Бұл кластың отрядтарының өзіндік ерекшеліктері бар. Жорғалаушылардың құрылысы күрделі екі бүйрегі жамбасқа жақын орналасады. Зәр (зәр қышқылы) бүйректе түзіледі. Түзілген зәр екі несепағар түтігі арқылы қуықта уақытша жиналады. Қуықтан клоака арқылы сыртқа шығарылады.

Жуйке жүйесіндегі ми құрылысы күрделене түскен. Алдыңғы ми сыңарларының сыртында жүйке жасушаларының шоғыры (ми қыртысының нышаны) пайда болған. Кейбір түрлерінің аралық миында төбе көзі орналасқан. Ол әсіресе гаттерияда (Жаңа Зеландияның ұсақ аралдарында таралған) жақсы жетілген. Күрделі қозғалыс әрекеттер жасайтындықтан, мишығы да жақсы дамыған. Жорғалаушылардың сезім мүшелері - көз, құлақ және танау тесіктері. Көзі қозғалмалы қабақты болып келеді. Жыланның қабақтары мөлдір, көздің алдыңғы жағын шыны тәрізді тұтас жауып тұрады. Есту мүшесі-ішкі және ортаңғы құлақ. Иіс сезу мүшесі - танау қуысында орналасады.

Жорғалаушылар - дара жынысты, бәрі де іштей ұрықтанады. Кейбір түрі ұрықтанған жұмыртқа салады, ал кейбір түрлері тірі туады. Қаражылан (гюрза) жұмыртқа салады. Сұржылан, қалқантұмсық ұрпақтарын тірі туады. Соны аңғарған халқымыз «жүмыртқадан жылан да, қыран да шығады», - деп қорытынды жасаған. Жорғалаушылардың дернәсілдері түрленбей, тікелей бірден ересектеріне ұқсас болады. Олар есе келе бірнеше рет түлей, денесінің сыртындағы ескі қабыршақты терісін түсіріп отырады. Жорғалаушылардың көптеген түрлері ылғалы мол әрі жылы тропиктік, субтропиктік, қоңыржай аймақтарда таралған. Кейбір жыландар, кесірткелер құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді және биік таулы аумақтарда кездеседі. Суда тіршілік ететін түрлері (жыландар, тасбақалар, крокодилдер) жұмыртқаларын су жағалауындағы жерлерге салады.

Жорғалаушылардың Дене Құрылысы Және Тіршілік Әрекеті
Колорадо крокодил фермасы

Жорғалаушылар зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. Адам көпшілік түрлерін тағам ретінде пайдаланады. Терісінен, сауыттарынан әсемдік бүйымдар жасалады. Әсіресе жыландардың уынан қымбат бағалы дәрі-дәрмектер алынады. Қазіргі кезде крокодилдерді, жыландарды арнайы қолдан өсіретін фермалар, тәлімбақтар, жыланханалар ұйымдастырылған.

Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді. Олар: тұмсықбастылар,қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер.

Тұмсықбастылар отряды

Жорғалаушылардың Дене Құрылысы Және Тіршілік Әрекеті 
Гаттерия

Оның өкілі - гаттерия. Ол - Жаңа Зеландияның ұсақ аралдарында ғана сақталған, өте ертеден келе жатқан жануар. ХТХО-ның Қызыл кітабына тіркеліп, қатаң қорғауға алынған. Гаттерияның сыртқы түрі кесірткеге ұқсас. Дене тұрқы 75 сантиметрдей, салмағы – 0,5-1 кг. Жонында және құйрығының үстіңгі жағында үшбұрышты қабыршақтардан тұратын жалы бар. Төбе тұсында (екі көзінің ортасында) ерекше төбе көзі болады. Сондықтан оны кейде екікөзді гаттерия деп те атайды. Төбе көзінде жарық сезгіш жасушалар орналасқан. Гаттерия түнде белсенді тіршілік етеді. Жыныстық жағынан 20 жылда ғана жетіледі, 8 - 15 жұмыртқа салады. Одан ұрықтың жетілуі 12-15 айға созылады. Гаттерия 50 жылдан астам өмір сүрелі. Өте ертеден бері тіршілік етіп келе жатқандықтан, ол «тірі қазынды» деп аталады.

Қабыршақтылар отряды

Жорғалаушылардың Дене Құрылысы Және Тіршілік Әрекеті 
Құбылғы

Оның өкілдері - құбылғылар (хамелеондар), жыландар, кесірткелер. Құбылғылардың денесі екі бүйірінен қысыңқы, мойны қысқа, құйрығы ұзын. Құйрығы ағаш бұтақтарын орап ұстауға бейімделген. Аяқтарында ұзын бес саусақтары болады. Қорегін ұшы жалпақ ұзын тілін аузынан лақтырып жіберіп үстайды. Үлкен екі көзі біріне-бірі байланыссыз қозғала алады. Денесінің түсі тез өзгеретіндіктен, бұлар құбылғылар деп аталған. Африка мен Мадагаскар аралында кеңі-нен таралған. Ағаш басында тіршілік етеді. Бунақденелілермен, солардың дернәсілдерімен қоректенеді. Көпшілігі жұмыртқа салып, көбейеді Жорғалаушылардың 6 000-нан астам түрі тікелей осы отрядқа жатады. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Қазақстанда жылан мен кесірткелердің түрлері көбірек таралған.

Жылан - мүшелдік жыл санауға кірген 6-жыл. Жылан қабырғаларының төменгі ұшы бүлшықеттердің арасында бос жатады. Сондықтан денесін ирелеңдетіп, тез қозғала алады. Жыланның бас бөлігіндегі көптеген сүйектер бірімен-бірі қозғалмалы байланысқандықтан, ірі қоректерді оңай жұтады.

Қазақстанда кездесетін жыландардың 19 түрінің төрт түрі улы жыландар. Оған кәдімгі және дала сұржыландары, қалқантұмсық және қара-жылан жатады. Улы жыландар қорегін улы тістері арқылы бөлінетін удың көмегімен үстайды. Жыланның улы бездері үстіңгі жақсүйекте, көздің артқы жағында орналасады. Жылан ұшы екі айыр тілі арқылы айналасын сипап сезеді. Жыланның уы мөлдір, сарғыш түсті, иісі болмайды. Сұржыланның уы көбіне қанға әсер етеді де, қан жасушалары, қан тамырлары зақымданады. Кейбір улы жыландардың (кеңалқым - кобра) уы адамның жүйке жүйесіне әсер етеді. Сондықтан адам есінен танып, сандырақтайды, қорқыныш, үрей туындайды. Сұржыланның жонын бойлай орналасқан ирелеңдеген қара жолағы болады. Қалқантүмсықтың басындағы қалқандары ірі. Көзі мен танау тесігінің ортасында ойыс шұңқыры болады. Қалқантұмсық ойыс шұңқыры арқылы айналадағы температураның өзгерісін сезеді. Қазақстанның оңтүстік аумағында кеңінен таралған. Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі - оқжылан. Оның денесі жіңішке, басы шағын, көзі үлкен. Өте жылдам қозғалуына байланысты оқжылан деп аталған. Оның ұсақ улы тістері аузының түбіне таман орналасқан. Оқжылан қорегін аңдып аулайды және көлденеңінен тістен ұстайды.

Тасбақалар отряды

Жорғалаушылардың Дене Құрылысы Және Тіршілік Әрекеті 
Дала тасбақасы

Бұған жататын жануарлардың денесі мүйізді сауытпен қапталған. Қазақстанда дала және батпақ тасбақалары кездеседі. Дала тасбақасы Қазақстанның оңтүстік құрғақ далалы, шөлейтті аймағында кеңінен таралған. Сауыты қоңырқай сарғыш түсті. Аяқтарында төрт сау сақтан болады. Жылына 3 - 4 айдай белсенді тіршілік етеді де, басқа уақыттарда ұйқыға кетеді. Аталықтарының үстіңгі сауыты күмбезденген, ал аналықтарында - жалпақтау. Аталығының құйрығы аналығынан ұзындау, денесі аналығынан кішілеу болады. Аталығы 11-12 жылда, аналығы 12-13 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Дала тасбақасы жазғы ыстық мезгілде де, қыста да үйқыға кетеді. Жылына екі рет 4 - 5 жұмыртқа салып, көбейеді. Дала тасбақасы күндіз белсенді тіршілік етеді. Батпақ тасбақасы Жайық өзенінің аңғарында таралған. Оның саусақтарының арасы терілі жүзу жарғақтарымен байланысқан Теңіздерде мүйізді сауыты жоқ жұмсақ терілі тасбақалар тіршілік етеді.

Крокодилдер отряды

Жорғалаушылардың Дене Құрылысы Және Тіршілік Әрекеті 
Куба крокодилы

Бұлар - жорғалаушылардың жоғары сатыдағы тобы. Крокодилдер отряды 3 тұқымдасқа бөлінеді. Олар нағыз крокодил, қолтырауын және азғы (гавиал) тұқымдастар деп аталады. Халқымыз крокодилді - «тәмсақ», аллигаторды «қолтырауын» деп атаған. Олар көбіне өзен, көлдерде тіршілік етеді. Басында, аналь тесігінің маңында аздаған бездері болады. Тістерінің саны көп. Жүрегі төрт қуысты. Терісі қымбат бағаланады, сондықтан арнайы фермаларда қолдан өсіреді.

Қазақстанда жорғалаушылардың 51 түрі кездеседі. Тасбақаның - 2, кесірткелердің - 30, жыланның - 19 түрі тіршілік етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) кесірткенің - 6, жыланның - 4 түрі тіркелген. Кесірткелердің түрлері: шұбар батбат, зайсандық батбат, келес, сорлан (сарықүрсақ), үлкен көз кесіртке, шұбар кесіртке. Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі - сүр келес. Ол Қазақстанның оңтүстігіндегі Қызылқұм өңірінде өте сирек кездеседі. Ал аяқсыз кесіртке сорлан (сарықүрсақ) өлкеміздің оңтүстік өңірінде ғана таралған. Саны аз әрі өте пайдалы жануар. Қызыл кітапқа тіркелген, қатаң қорғауды қажет етеді.

Жыландардың түрлері: жолақ абжылан, қызылжолақ абжылан, сарыбауыр абжылан, төртжолақты абжылан.

Жорғалаушыларға терісі құрғақ, мүйізденген қабыршақ немесе қалқанша сауытты, салқынқанды, омыртқалы жануарлар жатады. Өкпе арқылы, көпшілігі кеуде қуысындағы қабырғалар қозғалысының жәрдемімен тыныс алады. Жүрегі - үш қуысты. Тек тәмсақта (крокодил) жүрек төрт қуысты болып келеді. Екі қанайналым шеңбері бар. Вена және артерия қайы жарым-жартылай араласқан. Жорғалаушылар іштей ұрықтанып, құрғақ қабықты ірі жұмыртқа туады. Ұрпағын тірілей туатын жорғалаушылар да кездеседі. Бұлар қозғалыс жүрген кезде бауыры жерге тиіп жүретіндіктен, жорғалаушылар деп аталған.

Дереккөздер


Tags:

Жорғалаушылардың Дене Құрылысы Және Тіршілік Әрекеті Тұмсықбастылар отрядыЖорғалаушылардың Дене Құрылысы Және Тіршілік Әрекеті Қабыршақтылар отрядыЖорғалаушылардың Дене Құрылысы Және Тіршілік Әрекеті Тасбақалар отрядыЖорғалаушылардың Дене Құрылысы Және Тіршілік Әрекеті Крокодилдер отрядыЖорғалаушылардың Дене Құрылысы Және Тіршілік Әрекеті ДереккөздерЖорғалаушылардың Дене Құрылысы Және Тіршілік ӘрекетіГрек тіліЖыланКесірткеТасбақаҚұбылғы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Келін түсіруМахаббат, қызық мол жылдарҚымызМұхтар ШахановСынтас (тас)Чарлз ДарвинӘмір ТемірСалауатты өмір салтыЭкологиялық апатГормондарҰйғырларҚасым ханның қасқа жолыҚазақстан әкімшілік бірліктеріШымкентОксидтерӨзбекстанОрбұлақ шайқасыТабынБуын (фонетика)Шыңғыс Төреқұлұлы АйтматовЖапырақЖұрнақКөзімнің қарасы...Экологиялық жүйеҚол добыБесікке салуҚорғалжын қорығыҚұндылықШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚазыбек биАлтынҚартқожа (роман)Ғаламдық экологиялық проблемаларАсық ойындарыМысықАй (серік)Асқазан ауруларыШерхан Мұртазаұлы МұртазаҚұрманғазы СағырбайұлыНекеМұнай экспорттаушы елдер ұйымыҚазақстан астанасыСырға салуЖаһандануЖемсау (ауру)Тәуелдік жалғауЖанысЕрке сылқым (күй)Осман империясыТеміреткіСәбит Мұқанұлы МұқановМейозҚызғалдақЖақсыз сөйлемШығыс Қазақстан облысыДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновЖарықтың шағылуыБесік жырыҚазақстан және БҰҰКүнделік.кзБүркітЭндокриндік жүйеЕтісЗәрдің түзілуі және шығарылуыСын есімАбылай ханҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыАқуызАндроново мәдениетіКаспий теңізіҚазақ есімдеріБаланы қырқынан шығаруЕуропаМысСептік жалғауНамазды бұзатын нәрселерМұстафа Кемал АтатүрікКөтеу🡆 More