Клаудио Каниджа

Клаудио Пауль Каниджа (ис.

Аргентина құрамасының экс-футболшысы. 1990, 1994, 2002 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. Тағы бір Аргентиналық футболшы Диего Марадонаның жақын досы.

Клаудио Каниджа Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Клаудио Пауль Каниджа

Туған күні

9 қаңтар 1967 (1967-01-09) (57 жас)

Туған жері

Эндерсон, Аргентина

Азаматтығы

Клаудио Каниджа Аргентина

Бойы

174

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
1982—1985 Аргентина Ривер Плейт
Клуб карьерасы
1985—1988 Аргентина Ривер Плейт 53 (8)
1988—1989 Италия Верона 21 (3)
1989—1992 Италия Аталанта 85 (26)
1992—1994 Италия Рома 15 (4)
1994—1995 Португалия Бенфика 23 (8)
1995—1999 Аргентина Бока Хуниорс 74 (32)
1999—2000 Италия Аталанта 17 (1)
2000—2001 Шотландия Данди 21 (7)
2001—2003 Шотландия Рейнджерс 50 (12)
2003—2004 Қатар Катар СК 15 (5)
2012 Англия Уэмбли 0 (0)
Ұлттық құрамы
1987—2002 Клаудио Каниджа Аргентина 50 (16)

Карьерасы

Клубтық

Карьерасын "Ривер Плейтте" бастады. 1988 жылға дейін ойнап, Италияға ауысты да, "Верона", "Аталанта", "Рома" секілді клубтарда доп тепті. 1994 жылы "Бенфикаға" ауысып, бір маусым ойнады да, отанына — "Ривер Плейттің" бітіспес қарсыласы "Бока Хуниорсқа" оралды. Аргентиналық клубта ә дегенде тәуір ойнағанымен, кейіндеу негізгі құрамға онша іліге алмай, Еуропаға кетуге мәжбүр болды.

1999 жылы "Аталантаға" қайта оралып, бір жылдан соң күтпеген жерде Шотландия чемпионатында, "Данди" клубында ойнады. "Дандидегі" нәтижелі ойыны "Рейнджерс" клубының басшыларын қызықтырды да, 2001 жылы жазда глазголық команданың сапына кеп қосылды. Үш маусым ойнап, катарлық ақшалы клубтардың біріне кетті де, 2004 жылы футболмен қоштасты.

Ұлттық құрамада

1990 жылғы әлем чемпионатында екі рет көзге түсті. 1/8 финалда Бразилиямен ойында Марадонаның алаң ортасынан бір өзі өрбіткен нәтижелі аяқтады. Жартылай финалда Италиямен ойында есепті теңестіріп, құраманы жеңілістен құтқарып қалды.

1994 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатының екінші ойынында Нигерияның қақпасына екі гол соқты да, құраманың жеңісіне үлес қосты. Бірақ осы ойыннан соң құраманың көш басшы ойыншысы Марадона допингпен ұсталып, чемпионаттан шеттетілді. Марадона кеткен соң Каниджаның да ойыны көңілдегідей болмай, 1/8 финалда Румыниядан ұтылып қалды.

1998 жылғы әлем біріншілігіне Даниэль Пассарелланың "футболшылары ұзын шашпен ойнамасын" деген талабын орындамағандықтан бара алмай қалды. Сол күйі Каниджа құрамада ешқашан ойнамайды деген де болжамдар болды, бірақ 2001 жылы "Рейнджерс" командасындағы керемет ойынынан соң 2002 жылғы әлем біріншілігіне бару үшін құрамаға шақыртылды.

2002 жылғы біріншілікте бір ойында да алаңға шыққан жоқ, топтық кезеңнің соңғы турындағы Швециямен ойында төрешіге айтқан ауыр сөзі үшін қосалқы құрамда отырған жерінен алаңнан қуылды. Құрама ол чемпионатта топтан шыға алмады да, Каниджа құрамадағы карьерасына нүкте қойды.

Жетістіктері

Командалық

  • ӘЧ күміс жүлдегері — 1990
  • Америка кубогының жеңімпазы — 1991
  • Конфедерациялар кубогының жеңімпазы — 1992
  • Аргентина чемпионы — 1985/86, 1998 (апертура)
  • Шотландия чемпионы — 2002/03
  • Шотландия Лигасының кубогы — 2001/02, 2002/03
  • Шотландия кубогы — 2002/03
  • Катар кубогы — 2003/04
  • Либертадорес кубогы — 1986
  • Құрлықаралық кубок — 1986
  • Америкааралық кубок — 1987

Қатысқан турнирлері

  • Америка кубогы: 1987, 1989, 1991
  • Әлем чемпионаты: 1990, 1994, 2002
  • Конфедерациялар кубогы: 1992

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

Клаудио Каниджа КарьерасыКлаудио Каниджа ЖетістіктеріКлаудио Каниджа Қатысқан турнирлеріКлаудио Каниджа ДереккөздерКлаудио Каниджа СілтемелерКлаудио Каниджа1967 жыл9 қаңтарАргентинаАргентина Ұлттық футбол құрамасыДиего Армандо МарадонаИспан тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚыпшақтарЭволюцияМетонимияАсық ойыныУрбанизацияҚайта құру кезеңіОлдувэй мәдениетіШерхан Мұртазаұлы МұртазаМәңгілік бала бейнеҚарагөз (трагедия)Жамбыл облысыҚұмырсқаларПублицистикалық стильХақназар ханФатима ҒабитоваОлжас Омарұлы СүлейменовСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Толқын ЗабироваСалауатты өмір салтыХристофор КолумбТүркістан (қала)ТарихПневмонияАбай және оның орыс достарыБесін намазыХолециститКеңес Одағы Коммунистік ПартиясыМоңғолияҚазақстан туыКонъюнктивитДулатЖатыр мойны эрозиясыҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніАтом ядросыДешті-қыпшақ мемлекетіҚожаҚажылықҚазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тиымдарыРим империясыМұса пайғамбарЖалғаулық шылауларСаңырауқұлақтарКенелерАқпарат технологиясыҚышымаАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіІштің түйілуіҚарлығаш Төлегенқызы МұхамеджановаАлаш ОрдаМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміЫбырай АлтынсаринМысырШөл зонасыӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)Аманкелді Үдербайұлы ИмановБұғазДауысты дыбыстарДемократияҚазыбек биГалогендерМоңғол шапқыншылығыГлюкозаҒұндарМәдени мұраЖол белгілеріАИВ/ЖИТСНАТОПалеолитХалық тығыздығы бойынша елдер тізіміАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыКөмірсуларНұралы ханСтолыпин реформасыАлаш айнасыГипофизМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыЖай сан🡆 More