Картоп бітеудей пісіріледі,қабығынан аршылып тілімдеп туралады да ыдысқа салынады.
Сосын тұздалады,үстіне бұрыш себіледі, сірке суымен және өсімдік майымен араластырылады. Содан соң ол үйме етіп тарелкаға салынады, көк жуа себіледі. Ыстық тағам ретінде де, суық немесе қуырылған етке, айталық бұзау, қой, шошқа етіне және балыққа қосымша ретінде де беруге болады. Әсіресе жаңа пісірілген картоптан жылы кезінде жасалған салат дәмді болмақ.
Картоп бітеудей пісіріледі, қабығынан аршылады да дөңгелектеніп туралады. Ыдысқа салынғаннан кейін тұздалады да үстіне ұнтақталған қызыл бұрыш себіледі,сақина секілдендіріп кесілген пияз қосылады және анар шырыны құйылады. Осылардың бәрін араластырып петрушка және аскөкпен әшекейлейді.
Картоп бітеудей пісіріледі, суымай тұрғанда қабығынан аршылады да, дөңгелектеніп туралады. Ыдысқа салып қалауыңша сірке суын және қант қосуыңа болады. Сақина секілдендіріп кесілген пияз бен тұз піскен картоппен араластырылады. Дайын салатты салқын жерге қойған жөн. Дастарқанға апарарда майонез немесе қаймақпен араластырып, петрушка болмаса балдыркөкпен әшекейлейді.
Картопты пісіріп алып, қабығынан аршып, суытқаннан кейін, жұп-жұқа етіп тілімдеп турайды. Ақ қабатты қырыққабатты майдалап кеседі де, тұз араластырып сөлі шыққанға дейін үгітеді. Содан соң оған шараптық сірке суы мен қант, тұздан жасалған қосындыны құйып, сосын жақсылап араластыру қажет. Салат ыдысының ортасына үйме етіліп піскен картоп салынады, үстіне ұсақтап туралған аскөк себіледі, екі жағынан тағы да үйме етіп дөңгелектеп кесілген тұздалған қияр орналастырылады, осылардың арасына күні бұрын дайындалып қойған қырыққабатты салып, бәрінің үстіне шекілдеуік майы құйылады.
Картоп, түсті қырыққабат, үрме бұршақ сәл тұзды суда пісіріп алынады. Картоп пен түсті қырыққабат тілімдеп кесіледі, үрме бұршақ және консервіленген немесе тұздалған суға пісіріп алған жасыл бұршақ араластырылады. Оған майонез қосылады, дөңгелектеп кесілген қызанақ, қияр, жасыл бұрышпен әшекейленеді. Содан кейін әркім қалауынша тұз, бұрыш салады.
Қабығы аршылмаған бітеу картопты темір пешке салып қыздырып пісіріп алғаннан кейін ортасы ойып алынып, оған ұсақтап туралған тұздалған қияр,пияз, петрушка көгі қосылып араластырылады. Алма мен қызылшаны да жұп-жұқа етіп, тілімдеп кесіп алып, тұз салып араластырып, май және сірке суын қатады.
Тұздығы:
Піскен картоп текшелеп туралады және оған дәл осылай туралған балдыркөк, қияр, шалғам, тұщы бұрыш пен салат қосылады, оған тұздық құйып, ептеп араластырады, көк салаттың жапырақтарымен әшекейлеп табаққа салып әкеледі.
Қояншөпті қабыршығынан аршып жуғаннан соң үстіне қайнап тұрған су құйып, тұз, қант қосып, жұмсарғанынша пісіреді. Сүзіліп алғаннан кейін ұзындығын 2 см етіп, көлденеңінен кескен жөн. Картопты тазартып жуып, қайнап тұрған суға салып пісіреді. Содан соң қабығынан аршып, кейін майдалап текшелеп турайды.
Тұздық дайындау: Қаймақты кастрюльге салып, оған ұн қосып былғап тұрып қайнатып алады. Оған жұмыртқаның сары уызын ааластырады, әркімнің өз қалауынша қыша, тұз, сірке суы, қант қосылады да салқындатуға қойылады. Картоп пен қояншөпті жаңағы тұздықпен араластырып, шағын көк жуа қосып шыны ыдысқа салады. Үстіне көк жуа сеуіп, қояншөптің бүршіктерімен әшекейлеу жөн.
Картоп бітеудей пісіріледі, сосын қабығынан аршылып, майдалап текшелеп туралады. Қабығынан аршылмаған үрме бұршақ жуылып, тамырларынан тазартып алынады. Содан соң тұз,қант қосылған суға салынып, үрме бұршақ әбден жұмсағанынша қайнатылады. Бәрін қосып араластырғаннан кейін - қалауынша тұз, сірке суы, қант салып, майонез қату қажет.
Картоп бітеудей пісіріледі де, қабығынан аршып, сәл жұқалау етіп тілімдеп туралады. Қыша, тұз, сірке суы немесе лимон қосқан майонез әзірленіп қойылады да, бұған қант, ұсақтап туралған аскөк, петрушка көгі, аздап эстрагон қосады. Бәрін картопқа қосып араластырып тарелкаға орналастырады. Әшекейлеуге кесілген қызанақ немесе ұсақтап туралған жасыл да тәтті бұрыш қолдануға болады.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Картоп салаты, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.