Жәннәтпен Сүйіншіленген Он Сахаба

Ашарату мубашшара, (арабша: العشرة المبشرون بالجنة) - көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленген Мұхаммед пайғамбардың он сахабасы.

Ашарату мубашшара терминологияда он сахабаға қолданылатын термин.

Жәннәтпен Сүйіншіленген Он Сахаба
Осман сөзінің арабша жазылуы, Стамбұл, Айя София
Жәннәтпен Сүйіншіленген Он Сахаба
Мұхаммед (оң жақта) және Әли (сол жақта) сөздерінің арабша жазылуы

Олар жайлы хадисте

Мұхаммед пайғамбар хадисінде былай деген: "Мына кісілер Жәннатқа кіреді:

  1. Әбу Бәкір,
  2. Омар,
  3. Осман ибн Аффан,
  4. Әли ибн Әбу Талиб
  5. Зүбәйір ибн Әууәм,
  6. Талха ибн Ұбайдуллаһ,
  7. Сағд ибн Әбу Уаққас,
  8. Әбу Ұбайда ибн Жаррах,
  9. Абдуррахман ибн Ауф
  10. Сағид бин Зәйд

Басқада сүйіншіленген сахабалар болған

Көзі тірісінде Жәннәтпен сүйіншіленген осы он кісіден бөлек басқалар да бар. Алайда есімдері бірге аталған сахабалар осылар. Аттары аталмаған басқа сахабалар жәннатқа кірмейді деген сөз емес. Өйткені сахабаларға Аллаһ тағала разы екендігін білдіретін Құранда көптеген аяттар бар.. Демек, Аллаһ тағала разы болған құлдарын Жәннатқа кіргізері сөзсіз. Алайда, жоғарыда атап кеткендей, олардың арасынан да дәрежелері әр түрлі сахабалар ұшырасады. Бұл сахабалардың көз тірісінде Жәннатпен сүйіншіленуінің өзіндік бірнеше себебі бар: Кей уақытта жасалған істің басқа кезде жасалған істерден артықшылығы болады. Бұл сахабалар Исламның алғашқы қиын-қыстау кезеңінде мұсылмандықты қабылдады. Пайғамбар Меккеде Исламды уағыздай бастаған алғашқы кезде (өзгелердің теріс айналғандарына қарамастан), олар Құранның әмірлеріне құлай сеніп, мойынсұнды. Қауіп-қатерге толы сол күндері көзсіз ержүректілік танытқандар болмаса, мұсылман болуға кез келгеннің батылы бара бермейтін. Хазірет Әбу Бәкір: “Басымызды өлімге тікпейінше сыртқа шығуға да, бір жерге кіруге де жүрексінетінбіз”,–деуі арқылы сол күндердің көз көрген қиыншылығын тілге тиек еткен.

Бұлардың ешқайсысы алған бетінен қайтпай, Пайғамбардың жан серіктері болып, Исламды шынайы көңілмен қабылдап, өмірлерінің соңына дейін қасиетті жолдан бас тартпады. Олардың барлығы Аллаһ тағала тарапынан әмір түскен кезде бала-шаға, мал-мүліктен айрылып қалу қаупіне қарамастан, қиындыққа көз жұмып, тәуекелге бел байлап һижрет етті. Бұлардың арасында шетелдермен қатынасып саудамен айналысарлықтай аса бай Абдуррахман ибн Ауфтың бәрін тастап Мәдинаға көшіп келгенінде, өмірін қайта бастауына тура келгендігін айта кету керек. Демек, олар бір ғана мақсатты көздеді: тек қана Аллаһтың разылығына бөлену.

Жәннатпен сүйіншіленген бұл он кісінің ортақ ерекшеліктерінің бірі – ел тізгінін ұстай алатын парасаттылықты иеленуі. Әу бастағы төрт халифаның өмірі бұған дәлел. Хазірет Пайғамбардың “Үмбетімнің сенімдісі” деген марапатына ие болған Әбу Ұбайданың бойында әйгілі қолбасшы Халидті он орап аларлық парасаттылық бар еді. Міне, осындай қабілеттеріне, дара қасиеттеріне қарамастан Пайғамбарға еруі – ардақтылықтың үлгісі болатын. Аты аталған тұлғалардың бәрі текті жерден шыққан. Хазірет Әлидің әкесі аса дәулетті болмаса да, Меккеде сөзі өтетін беделді кісілердің бірі еді. Исламның болашағы бұлдыр тартып тұрса да байлық пен шеншекпенге көз сатпай, бастарын қатерге тіккендігі үлкен жанқиярлықтың белгісі емей немене?! Олардың ешбірі дүниеге бас имеді. Керек жерінде Хазірет Осман бес жүз түйені үстіндегі жүгімен қоса садақаға берсе, Абдуррахман ибн Ауф дүниесінің ауырлығынан Жәннатқа кірерде кеш қалатынын естіп, қолындағы бар затын көзі қиып, тегіс Аллаһтың ақ жолына жұмсай білді.

Исламның аяғын тәй-тәй басқан алғашқы кезеңінде қиындыққа кеудесін тосушылардың бірі болуы олардың дәрежесін басқалардан ерекшелеп жоғары көтерді. Бұлардың ішінен дәрежесі жағынан төрт халифа ең алда келеді. Ендігі жерде солардың өмірлеріне қысқаша тоқталу арқылы сахабалардың дәуірі, олардың сіңірген еңбектері жайлы мәлімет беруге тырысамыз.

туған, қайтыс болған жылдары

Жәннатпен сүйншіленген он сахабаның туған, қайтыс болған жылдары
Есімдері Арабша жазылуы туған жылы    Қайтыс болған жылы    
Әбу Бәкір أبو بكر c. 570 634
Омар عمر بن الخطّاب 584 644
Осман ибн Аффан عثمان بن عفّان c. 579 656
Әли ибн Әбу Талиб علي بن أﺑﻲ طالب c. 599 661
Талха ибн Ұбайдуллаһ طلحة بن عبيد الله c. 597 656
Зүбәйір ибн Әууәм الزبير بن العوّام 594 656
Абдуррахман ибн Ауф عبد الرحمن بن عوف ? c. 652
Сағд ибн Әбу Уаққас سعد بن أبي وقّاص 595 664
Әбу Ұбайда ибн Жаррах أبو عبيدة بن الجراح 584 640
Саид ибн Зәйд سعيد بن زيد c. 594 673

Дереккөздер

Tags:

Жәннәтпен Сүйіншіленген Он Сахаба Олар жайлы хадистеЖәннәтпен Сүйіншіленген Он Сахаба Басқада сүйіншіленген сахабалар болғанЖәннәтпен Сүйіншіленген Он Сахаба туған, қайтыс болған жылдарыЖәннәтпен Сүйіншіленген Он Сахаба ДереккөздерЖәннәтпен Сүйіншіленген Он СахабаЖәннатМұхаммедПайғамбарСахаба

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан және БҰҰАқбілек (роман)БронхитӘлімұлыЖасанды интеллектМемлекеттік басқару формасыТұмар ханшаОсман империясыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыПневмонияТарауих намазыӘмір ТемірҚанның артериялық қысымыҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніСпирттерЖабайы алма (повесть)ДифракцияАтмосфераАқпарат-коммуникация технологиясыЖоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісҰйқы безіАуаМахмұд ҚашқариӘскери коммунизм саясатыТерминҚызыл кітап1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісОрбұлақ шайқасыМақалаЖиембет жырауЖем (өзен)ДемократияФилософияМоңғол шапқыншылығыЖалаң сөйлемҚалқанша безАлкандарНаймандарҚұнанбай ӨскенбайұлыЗәрдің түзілуі және шығарылуыОнкологияҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖоғары молекулалы қосылыстарСарматтарАнгкор-ВатДжо БайденГеографияМахаббат, қызық мол жылдарЫңғайлас салалас сөйлемСабақтас құрмалас сөйлемДомбыраҚан мен терГемоглобинФутболТүркістан автономиясыГипоксияАллергияМаңғыстау облысыБүйрекОтырарТоталитаризмКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысМахамбет ӨтемісұлыҚазақстан Республикасының КонституциясыСабын және синтетикалық жуғыш заттаpӘлем елдерінің тізіміҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныЖерҚазақстандағы саяси партияларҚызбаҚұстарСұлтанмахмұт ТорайғыровТыныс белгілеріАқтөбеАлаш автономиясыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыПітір садақаМутация🡆 More