Жұлын Жүйкелері

Жұлын жүйкелері (лат.

Жұп жұлын жүйкелері адамда жұлынның алдыңғы (қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) және артқы (сезімтал жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің, ал жануарларда жоғарғы (сезімтал жүйке талшыктарынан құралған) және төменгі(қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің қосылуынан пайда болып, омыртқа өзегінен оң және сол омыртқааралық тесіктері арқылы шығады.

Жұлын Жүйкелері

Құрамында сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтары болғандықтан, жұлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызады. Бұлардың құрамында симпатикалық жүйке талшықтары да болады. Жұлын жүйкелері омыртқа өзегінен шыққан бойда-ақ байланыстырғыш (симпатикалық) және жұлын қабықтарына арналған қайтарма (сомалық) тармақтарды бөліп, сұр байланыстырғыш (симпатикалық) тармақтарды қосып алып, содан соң, адамда алдыңғы және артқы, жануарларда вентральды және дорсальды (сомалық, симпатикалық жүйке талшықтарынан құралған) тармақтарға ажырайды. Жұлынжүйкелерінің дорсальды тармақтары (адамда — артқы тармақтар) омыртқа бағанынан жоғары (адамда — омыртқа бағанының артқы жағында) орналасқан дене бөліктерін (сүйектер, бұлшықеттер, буындар, тері, олардың тамырлары), ал вентральды тармақтар омыртқа бағанынан төмен (адамда — алдыңғы жағында) жатқан дене бөліктерін жүйкелендіреді. Аталған тармақтар өз кезегінде латеральды (беткей орналасқан мүшелерге) және медиальды (терең жатқан мүшелерге) тармақтарға тарамдалады. Жұлын жүйкелері омыртқа бағаны бөлімдеріне сәйкес: мойын, көкірек, бел, құйымшақ және құйрық жүйкелері болып бөлінеді. Олардың саны мойында 8-жүп, құйрықта 5-6 жүп, қалған бөлімдерде адам мен жануарлардың омыртқалар санына сәйкес келеді. Алдыңғы (қол) және артқы аяқтарды жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінің вентральды (адамда — алдыңғы) тармақтары түзетін: иық, бел және құйымшақ жүйке тораптарынан шығады.

Дереккөздер

Tags:

ЖүйкеЖұлынЛатын тіліОмыртқа

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қасым ханҚазақстан тарихыҚақтығыс ұғымыАспанҚазақ тіліФотосинтезІлияс ЕсенберлинДамушы елдерСалауатТүрік руна жазбаларыКомпьютерҚылмыстық құқықМұқағали Сүлейменұлы МақатаевЭнергияҚазақстандағы сайлау жүйесіАсқазан ауруларыЖүрек-қантамырлар жүйесіАстрономияӘлемдегі ең танымал кітапханаларРедуценттерСатурнФариза ОңғарсыноваКөне түркі жазбаларыАвтокөлік шығаратын елдер тізіміУльтракүлгін сәулеленуПотогендік микроорганизмдерХимиялық элементтердің периодтық жүйесіШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовШығыс ЕуропаЕуразияАлександр Сергеевич ПушкинАуғанстанУақыт машинасы (роман)КүкіртТрансплантологияҒарышкерТабиғатАбсолют қара денеТеріПрозаСоциалистік реализмҚазақша жыл санауБатыс Түрік қағанатыКеңес Одағы Коммунистік ПартиясыПублицистикалық стильҒарышЖануарларВолейболӨзбекстанМотивацияТалақҚазақстан қорықтарының тізіміДәрілік өсімдіктерҚазақ қолөнеріТемекіАс қорыту жүйесіОңтүстік ҚазақстанЗәр шығару жүйесіШежіреДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевЖайылма сөйлемӘлеуметтік инфрақұрылымҚазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымыҚазақ батырлар тізіміҚышқылӨркениетАқ Орда (мемлекет)БатаТуризмҚасым ҚайсеновЕсімшеЭндокриндік жүйеАқуызШымкентҚазақстандағы сауда және жәрмеңкелерЖұлдыз🡆 More