Жайылма (Пойма) - шабындықты терраса, өзен аңғарының едәуір тегіс келген, қазіргі заман шөгінділері жапқан, тасқын немесе су тасу кезінде оқтын-оқтын су басатын бөлігі.
Өзен арнасының пландағы өзгерістері барысында су ағыны тасымалдайтын тасындылардың шөгуі нәтижесінде қалыптасады. Жайылмалар — екі жақты (өзен арнасының екі жағасында орналасқан), бір жақты (ағын арнасы аңғардың бір беткейіне жабыса орналасқан) және ағынның бірде оң, бірде сол жағына ауысып отыратын жайылма болып сараланады.
Жайылма арналық, орталық және қабақтық болып үшке бөлінеді:
Жайылма топырағы (Пойменные почвы) — аллювиальды топырақ, өзен суының жиі тасуы кезіндегі өзен аңғарындағы тұнба қалдықтар. Жер асты суының жақын орналасуына байланысты өзен аңғары топырағының саз балшыққа айналатын табиғи кұбылысы.
Жайылмалы экожүйелер (Пойменные экосистемы) — өзен бойындағы экожүйелер.
Өзен бойында орналасқандықтан, сол өзендердің жылдық режімдеріне тікелей байланысты. Әдетте, көпшілік өзен бойындағы экожүйелер көктем, кейбір жылдары жаз айларында су тасыған кездерде су астында қалып, олардың бетіне сумен келген шөгінді жыныстар жиналады. Топырақтары әр түрлі қабатты, аллювийлі шымды-шалғынды. Ылғалмен жақсы қамтамасыз етілгендіктен, бұл экожүйелер жақсы өнім береді. Көбінде шабындық, ретінде, ал кейбір жағдайларда бақша егістері үшін пайдаланылады.
Жайылмалық аңғар (Пойменная долина) — жайылмасы жақсы дамыған аңғар. Аңғардың морфологиялық дамуының соңғы сатысына жатады.
Жайылмалық батпақ (Пойменное болото) — негізінен қамыс пен қоға басқан, жақсы дамыған жайылмаларда болатын евтрофтық (ойпақдық) батпақ түрі.
Жайылмалық көл (Пойменное озеро) — негізгі арнадан бөлініп қалған өзен тармағы немесе саласы; бұрынғы өзен иінінің қалдығы, өзен жайылмасындағы көл. Пландағы көрінісі ұзынша келген ирек немесе тағаға ұқсас болып келеді.
Жайылмалық көлтабан (Пойменный лиман) — өзеннің ескі арна жағалауына орналасқан көлтабан. Мұндай көлтабан өзеннің кейде бір жағында, кейде екі жағында да болады, ол өзеннің тасқын суымен толып ағу кезінде, топырақтың терең қабатында ылғал жинайды.
Жайылмалық көптармақтық (Пойменная многорукавность) — жаңа пайда болған арна ескі негізгі арна жойылмай тұрып-ақ дамып үлгерсе және бағытталған арнаны қалыптастырып үлгерсе, онда бітпеген өзен ирелеңі жоғарыда көрсетілген сипатынан күрделірек пішінге өтеді. Бұл жағдайда кең әрі көптармақты көптеген салалармен шиырланған жайылма пайда болады. Көптармақтар ішінен негізгі арнаны табу өте қиын. Көптармақты жайылмалар ірі өзендердің төменгі ағыстарында, атырауларда кездеседі.
Жайылмалық шөгінділер (Пойменные отложения) — жайылмадағы аллювийлік шөгінділер. Құмдақ алевритті, алевритті-пелитті болып келеді. Тасқын немесе су тасуы кезінде жайылмаға шыққан өзен ағысының қалдығы.
Жайылманың шым топырағы (Пойменные дерновые почвы) — өзен аңғарының топырағы, жыл сайын су тасыған кезде тұнба қалдықтарынан құралатын топырақ.
Жайылманың шым-батпақты топырағы (Пойменные дерновые заболоченные почвы) — өзен аңғары топырағының жыл сайын су тасыған кезде қалатын тұнбасы. Әдетте, мұндай тұнбалар жер асты суларына өте жақын болады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Жайылма, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.