Жабысқақ Балық

Жабысқақ балық (Echeneіdae) — алабұға тәрізділер отрядына жататын теңіз балықтарының бір тұқымдасы.

Жабысқақ балық тропиктік және субтропиктік теңіздерде тараған. 7 туысқа бірігетін 7 түрі белгілі. Тұрқы 30 — 90 см, денесі ұзынша, басының үстіндегі және арқасының алдыңғы жағын жауып жататын етті жиекті дискісі — жабысқағы ( түрі өзгерген бірінші арқа қанаты) болады. Жабысқағындағы өзгерген қанат талшықтары ет күшімен өзінің қалпын өзгерте алады. Басқа организмдерге жабысқанда, қанат талшықтарының ет аралығында жартылай вакуумды майда саңылаулар пайда болып, соның күшімен бекиді. Жабысқақ балық акулаға, балыққа, теңіз тасбақасына, китке, т. б. жабысып жүреді. Шабақтары өз бетінше тіршілік етіп, тұрқы 4 — 8 см-ге жеткенде судағы қалқыған заттар мен балықтарға жабыса бастайды. Жабысқақ балықтар ұсақ балықтармен, жабысқан “қожасынан” қалған жем қалдықтарымен қоректенеді. Жабысқақ балықтардың кәсіптік маңызы жоқ. Тропиктегі кейбір ел тұрғындары жабысқақ балықтарды теңіз тасбақасын, ірі балықтарды, дюгоньдарды аулауға пайдаланады.

Жабысқақ балық
Remora brachyptera
Remora brachyptera
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Ұлы табы: Сүйекті балықтар
Табы: Actinopterygii
Сабы: Алабұғатәрізділер
Кіші сабы: Percoidei
Ұлы тұқымдасы: Percoidea
Тұқымдасы: Echeneidae
Rafinesque, 1810
Тектері
  • Echeneis
  • Phtheirichthys
  • Remora
Синонимдері

Echeneididae

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Tags:

Алабұға тәрізділер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жыныс мүшелерінің құрылысыИнсулинАнтантаТолеранттықЭтикаЖалғаулық шылауларРесейдің Украинаға басып кіруі (2022)Қорқыт атаЖынысЛейкоциттерАлланың есімдеріЛатын АмерикасыМорфология (лингвистика)ҚыпшақтарЕңлік-КебекСолтүстік Қазақ жазығыЕрлан ЖүнісСөйлем мүшелеріБастауышТөле биҚажымұқан МұңайтпасұлыМәшһүр Жүсіп Көпейұлы1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықЗурзееҚасым ханДауыссыз дыбыстарЛизосомаТалғаулы салалас құрмалас сөйлемӘлемдік саясатАлаш автономиясыБатыс ҚазақстанАдам қаңқасы1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларОрганикалық қосылыстарАлматыТөңкеріс (қоғам)НайзағайАҚШ штаттарының тізіміМарафон шайқасыТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровТәуке ханТұздар (химия)Қазақстан 2030Тұқым қуалайтын өзгергіштікЖетіқарақшыЭлектронды поштаАлтынАйша бибі кесенесіОңтүстік АзияИспанияҚазақстан астанасыЖүсіпбек АймауытовГенетикаОрманды дала зонасыҚазақстан экономикасыСолтүстік ЕуропаСинтаксисБірінші дүниежүзілік соғысСаптама етікҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Төлеген ТоқтаровСөз табыТың игеруҚаратпа сөзБиоценозХимиялық элементтер тізіміЖоңғар шапқыншылығыДәрілік өсімдіктерҚанҚазақ мәдениетіКөне түркі жазбаларыАбайдың қара сөздеріАлаш қозғалысыКөмірсуларҚимақ қағанатыҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесі🡆 More