Есік Ашар

Есік ашар, Есік көру, Үйге кірер – әулетке жаңа мүше ретінде қосылып отырған күйеуге қатысты атқарылатын қазақтың дәстүрлі неке-отбасылық қатынасындағы жосын.

Яғни күйеудің қайын жұртына алғаш баруына орай атқарылатын ғұрып.

Есік Ашар
Күйеу жігіттің отқа май құю сәті. Суретші Е.Оспанұлы.

Ғұрып барысы

Қалыңмалдың едәуір бөлігі берілген соң қыз жақтың күйеу балаға есік көруге, яғни келіп-кетіп тұруына рұқсат беріледі. Байырғы ортада қалыптасқан салт бойынша есік көруге шақырылғанша күйеудің күн жарықта келуі әдепсіздікке саналған. Сондықтан күйеу қас қарая, «күйеу келетін уақытта» келеді. Есік ашар жосыны атқарылған соң ғана күйеу жігітке қыз ауылына келіп тұруына рұқсат етіледі. Алайда, бұл күйеудің ата-енесінің үйіне кіруі дегенді білдірмейді. Кейбір өңірдің салты бойынша қалыңдық пен күйеу жігіт ерлі-зайыпты атанғаннан кейін (неке қиылған соң) күйеу қайынатасының үйіне барып жүздесіп, кәде-сый жасайды. Есік ашар кәдесіне бір жақсы ат немесе түйе тарту еткен.
Күйеу жігіт босағадан оң аяғымен кіріп, үш рет иіліп тағзым етіп сәлем береді. Сәлемдесіп болған соң күйеуге қалыңдықтың анасы сүт ұсынады. Сүтті ішіп болған соң енесіне арналған сыйын тарту етеді. Енесі күйеу жігітке алдын ала қыздырылып май құйылған ожауды ұсынады. Күйеу жігіт ожаудағы майды отқа құяды.
Ұзатылған қыздың тұңғыш баласын босанып немесе күйеуге шыққанына бір жыл толғаннан кейін төркіндеп келу салтын да жергілікті жерлерде "есік ашу" деп атайды. Арал, Қазалы өңірінде сақталған бұл салт құдалардың келісіміне қарай шешіледі. Есік ашар – жат жұрттық болған қыздың күйеуге шыққаннан кейін төркін жағына алғаш келіп, кәдесін жасап, туыстарымен араласудың бастапқы жолы. Тұрмыс жағдайы жақсы адамдар үш тоғызымен, сойыс малымен және т.б. жосын-жоралғыларымен қайтарады.

Дереккөздер

Әдебиеттер

  • Ибрагимов И.И. Этнографические очерки киргизскаго народа. РТ. Сборник, изданный по поводу политехнической выставки. Вып.II. Статьи по этнографии, технике, сельскому хозяйству и естественной исто-рии. М., 1872. С.120-152;
  • Кустанаев Х. Этнографические очерки киргиз Перовского и Казалинского уездов. Ташкент, 1894;
  • Диваев А.А. О свадебном ритуале киргизов Сырь-Даринской области. ТС. 1916. Т.568. С.51-65;
  • Жүнісұлы А. Пәниден бақиға дейін. Алматы: Ана тілі, 1992;
  • Зиманов С. З.Қазақ халқының әдет-ғұрыптары және дәстүрлері туралы деректер (академик С.З. Зимановтың қолжазба қорынан алынды). Қазақтың Ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. Он томдық. IX том. Алматы: Жеті жарғы, 2008. 169-194-бб.;
  • Оспанұлы Е. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 2009;
  • ҚР МОМ – материалдарынан;
  • ОМЭЭ – материалдарынан.

Tags:

Күйеу

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Алматы қорығыСалт-дәстүрСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)БиотехнологияКеңес Одағының БатырыТырнақшаҚазақстанШығыс Қазақстан облысыЕуразияКир патшаның сақтарға жорығыҚожа Ахмет ЯсауиНарықтық экономикаБалқашМысықПопуляцияДәрілік өсімдіктерБіріккен Ұлттар ҰйымыАйтысАбай жолы (роман)1857-1859 Үндістан ұлт-азаттық көтерілісіҚан мен терАқ Орда (мемлекет)Ақпараттық қауіпсіздікҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыСталинград шайқасыҚазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуыЭкономикалық интеграцияЭлектрондық сандық қолтаңбаАмерикаЖыныс мүшелері ауруларыКөлденең жолақты ет ұлпасыАйдын Ақанұлы АйымбетовӨнерЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріМұстафа ШоқайХимия өнеркәсібіҚазақ руларыЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыТас дәуіріАнтивирустарТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыІлияс ЖансүгіровҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріДәруменПиелонефритНесіпбек Тұрысбекұлы АйтHTMLСабақтас құрмалас сөйлемҚосарлы ұрықтануБатыс ҚазақстанАққан жұлдыз (роман)Дамыған елдер1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісМобильді қосымшаларҚазақстан демографиясыОрганикалық затҒаламдық мәселелерОтбасыҚазақстан мейрамдарыТүрік қағанатыҚазақ билеріВаршава келісімі ұйымыМарсСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовЖамбыл ЖабайұлыТүсті металлургияҰлы Жібек жолыАлкиндерЖалғаулық шылауларҰшқан ұяТабиғатты қорғауХиуаз Қайырқызы ДоспановаҚан топтарыҚазақтың ұлттық тағамдарыҚазақстанның кен ресурстарыМагниттік индукцияМагниттік өтімділікЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері🡆 More