Динозаврлар

Динозаврлар – 160 миллионға жуық жылдар бойы (225 миллион жыл бұрынғы кезден бастап, 65миллион жыл бұрынғы кезге дейін) Жер бетіндегі ең басым жануарлар болды.

Алып динозаврлар жануарлардың барлық кезеңдегі ең ірілері болды және олар көлемі жағынан пілдерден біраз асып түсетін. Ерте кездегі ұшатын бауырымен жорғалаушылар (рептилиялар) аспанға көтерілетін ең үлкен жануарлар болды. Жер үсті алыптарынан өзге мұхитта да құбыжық (монстр) жорғалаушылар өмір сүрді.

Динозавр
Динозаврлар
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Chordata
Табы: Reptilia
Сабы: Dinosauria
Ұлы тұқымдасы: Бауырымен жорғалаушылар
Тұқымдасы: Динозавр
Тегі: Динозавр
Түрі: Кесіртке жамбасты Динозавр,
Құс жамбасты Динозавр

Екі-есімді атауы
Динозавр
(Owens, 1842)

Динозавр

Құрып кетуі

Динозаврлар неге құрып кеткен? Динозаврлардың құрып кеткені жайында айтылғандарға назар аударсақ, ол Жерге астереоид, метеорит немесе кометаның соғылуы салдарынан болған деген пайымдау шындыққа жанасады. Жер тарихында жануарлардың өлуінің өзге де жағдайлыры бар, бірақ осыдан 65 милион жыл бұрын динозаврлардың жойылуы апаттық жағдайдан болды. Соқтығысу салдарынан ауаға көтерілген тозаң бұлттар климатты өзгертті: өсімдіктер құрыды, жұмыртқалар басып шығарылмады, ал ересек жануарлар аштық пен суықтан қырырлып қалды.

Балалары

Өз ата-аналарының аумаған кішкентай динозаврлардың балалары қандай болған? Өз ата-аналарының аумаған кішкентай көшірмесі сияқты болған. Бауырымен жорғалаушылар болып табылатын динозаврлар жұмыртқа салған. Олардың арасында маязавр сияқты кейбіреулері қамқор ата-аналар болған. Олар ұя жасап, жұмыртқаларын жыртқыштардан қорып, балалары аяқтанып кеткенге дейін қасынан шықпаған.

Ең ең

Ең қорқынышты қай динозаврлар болған? Ұзындығы 12 метрге, салмағы 6 тоннаға дейін жететін, жақтары үлкен және бірнеше қатар тістері бар тираннозавр рекс және аллозавр сияқты сүтқоректілер ең қорқынышты динозаврлар болған. Бірақ "жезтырнақ" - дейноних, адам бойымен бірдей велоцираптор және кішілеу стенонихозавр сияқты динозаврлар да олардан қалыспайтын. Бұл жауыз етқоректілер ең ақылды динозаврлар болған. Тираннозавр рекс өзінен әлсіздеу динозаврларды аңдыған, сондай-ақ ол өлген жануарларды да тағажау еткен. Кейбір құрбандар анкилозавр секілді қарсылық шабуылдар жасаған. Брахиозаврдың өте ұзын қүйрығы мен сырықтай мойны. Қай жануарлар құрлықтағы ең ірілері болған? Тарихи кезеңге дейін сейсмозавр және брахионавр сияқты бауырымен жорғалаушылар болды. 50 тонналық бауырымен жорғалаушылар үй сияқты өте үлкен болған. Олар тобырымен өмір сүрген, өсімдіктермен қоректенген және ағаштың басына дейін жететін ұзын мойындары болған. Аяқтарының тас болып қатып қалған іздері олардың жылдам жүгіре алатынын білдіреді. Қытайда сүйектері табылған шөпқоректі маменхизаврдың 15 метрлік мойны болған. Бұл алып жануарлардың кейбіреулерінің кұйрықтары мойындарынан да ұзын. Құрлықтағы ең үлкен сүтқоректі балухитерий болып табылады. Ол салмағы 30 тоннаны тартатын мүйізтұмсыққа ұқсайды. Бүгінгі таңда құрлықтағы ең үлкен жануар - салмағы не бәрі 7 тонналық африкандық піл!

Ең ірі динозаврлар

Атауы Ұзындығы Салмағы
Сейсмозавр ұзындығы 50 м-ге дейін 50-80 т
Антарктозавр 30 м 50-80 т
Брахиозавр 25 м 50 т
Дипладок 23 м 12 т
Апатозавр 20 м 20-30 т

Қызықты дерек

Анкилозаврдың ұзындығы 10 метр, құйрығы түйреуіш тәрізді үшкір болып келеді. •Спинозаврдың ұзындығы 12 метрге дейің, ал салмағы 5 тоннаға дейін жеткен. •Стегозаврдың ұзындығы 7 метр, тікенек жапқан құйрығы және жотасында пластиналары болған. •Трицератопстың ұзындығы 9 метрге жеткен және сүйекті мойын жамылғысы мен үш мүйізі болған. Оның бас сүйегі - басқа жануарлардікіне қарағанда ең үлкені.

Дереккөздер

Tags:

Динозаврлар ДинозаврДинозаврлар Құрып кетуіДинозаврлар БалаларыДинозаврлар Ең еңДинозаврлар Ең ірі динозаврларДинозаврлар Қызықты дерекДинозаврлар ДереккөздерДинозаврлар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

КітапТәуелсіз Қазақстан тарихыЖарықтың шағылуыСырым ДатұлыТүркістан автономиясыҒарышӘуе көлігіЖоңғар шапқыншылығыСелекционерАспанИспанияМағжан Бекенұлы ЖұмабаевҚазақ мәдениетіМәдени өсімдіктерМәңгілік бала бейнеАмерика–Жапон шарттарыЕуразиялық Экономикалық ОдақҚиялАлаш автономиясыЖайылма сөйлемШығыс ҚазақстанӘжеҚазақстанның экономикалық аудандарыХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚарағайЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріТәттімбет ҚазанғапұлыЖәнібек ханСолтүстік АмерикаМұхаммедЖұлдызҚант диабетіЖүсіпбек АймауытовБейімбет Жармағамбетұлы МайлинҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановЕскендір (поэма)Барбаросса жоспарыҰлы Жібек жолыДауыссыз дыбыстарКСРО ыдырауыЛуврСабақтас құрмалас сөйлемМарсӨсімдік шаруашылығыСөйлемБейнелеу өнері1921-1922 жылдардағы ашаршылықҚарлұқ қағанатыҚазақ әліпбиіҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевФутболКөнерген сөздерСемей полигоныОтырарҚоректік тізбекТабиғатты қорғауТүркістан (қала)Жалаң сөйлемГаз өнеркәсібіФилософияҚола дәуіріСарқылатын ресурстарАрхейМэйдзи жаңғыртуыАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіХимия өнеркәсібіДамыған елдерСталинград шайқасыҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарАғзалар арасындағы байланыс түрлеріЗар Заман ақындарыКөмір өнеркәсібіТабиғи газТеріФотосинтезХолецистит🡆 More