Біртесіктілер

Біртесіктілер (Monotremata) – жұмыртқа салушы сүтқоректілер класс тармағының жалғыз отряды; қазіргі кездегі сүтқоректі жануарлардың ең қарапайым тобы.

Б. Австралия, Тасмания және Жаңа Гвинеяның орманды алқаптарында, далалы аймақтарында, сирек бұталы жерлерде кездеседі. 2 тұқымдасының (үйректұмсық пен түрпі (ехидна)) 3 түрі бар. Денесінің ұзындығы 30 – 80 см, дене пішіні жұмырланып келген. Қысқа аяқтары ін қазуға және жүзуге жақсы бейімделген. Артқы және алдыңғы аяқтарында бес саусақтары болады. Құлақ қалқаны жоқ, көздері кішкентай, олар суға сүңгігенде тері қатпарымен жабылады. Денесін жапқан түгі қатты қылшықты, түбі мамықты (ехиднаның денесін тікен жапқан, құйрығы әрең көрінеді). Тері астындағы бұлшық ет қабаты қалың. Сүт бездері түтікше тәрізді, олардың өзектері аналығының құрсақ жағына ашылады. Жамбас белдеуінде қалталы сүйегі болады, бірақ оның қандай қызмет атқаратыны анықталмаған. Миының көлемі біршама үлкен. Алдыңғы мидың иіс сезу бөлігі өте үлкен, сондықтан иіс сезу мүшесі жақсы жетілген. Қарнында ас қорыту бездері болмайды. Ішегі клоакамен аяқталады. Зәр жолдары, жыныс өзектері клоакаға ашылады. Б-дің дене температурасы басқа сүтқоректілермен салыстырғанда, төмен болады. Мыс., үйректұмсықтарда 32,2°С, ал ехидналарда 31,1°С. Олар ымырт жабылғанда, түнде белсенді. Судағы омыртқасыздармен қоректенеді. Табиғи жағдайда 30 жылдай өмір сүреді. Үйректұмсықтың терісі бағалы, қазіргі уақытта аулауға тыйым салынған. Б-лер жер бетінде тіршілік ететін сүтқоректілердің ішіндегі ең улысы болып саналады. Аталықтарының аяқтарында болатын сүйекті өскінінде қоймалжың улы зат жиналады. 1 түрі – проехиднасы өте сирек кездесетін жануар болғандықтан Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.

Дереккөздер


Tags:

АвстралияБұлшық етЖамбас белдеуіЖануарЖаңа ГвинеяЖұмыртқаКлоакаКөзМиОмыртқасыздарОрманСаусақСүйекСүтқоректіТасманияТеріҚызыл кітапҚұлақҚұрсақҮйректұмсық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АқтөбеЖай сөйлемБиомеханикаАвторлық құқықҚазақстандағы экологиялық проблемаларЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚазақстандағы жануарлар әлеміШиенің түрлеріМагниттік материалдарСпирттерКітапханаЖалғаулық шылауларГерманияЖеңіл атлетикаЕртісАвтокөлік шығаратын елдер тізіміҚызмет көрсетуСарқылмайтын ресурстарБейбітшілік және келісім сарайыГаметаЖәңгір-Керей ханЖүйке жүйесіКөмірҚасым ханның қасқа жолыҰрықКорея РеспубликасыБөкей ОрдасыӘлкей Хақанұлы МарғұланГуманизмҰлыбританияСызықшаҮтірДыбысМарсЗар Заман ақындарыНАТОҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыТұрар РысқұловХимиялық элементтердің периодтық жүйесіЖүйке жасушаларыАктинЭкологияҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыЖайылма сөйлемЫбырай АлтынсаринМонро доктринасыБесін намазыМезозойЭссеЕсімдікСөз табыҚорықтарРинат Рифхатұлы ЗайытовБақытсыз ЖамалАуа ластануыСемей полигоныТолықтауыш1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаНарықтық экономикаҚазақ хандарыВирустарАлмаКөмір өнеркәсібіАзия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағыЕгіншілікДауыссыз дыбыстарТөлеген ТоқтаровҚазақ газетіҚазақстанның мұнай өнеркәсібіДүниежүзілік көрме (2017)Сәкен СейфуллинТозаңдануАйтысҚазақстанның сыртқы саясатыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваАналық жыныс жасушасы🡆 More