Боб Марли

Боб Марли (ағылш.

Боб Марлидің өмірден озғанына көп жылдар болғанына қарамастан, ол әлі күнге дейін әлемдік танымалдылығын жоғалтпаған. Өзінің ізің ол регги жанрында қалдырған. Боб Марли панафриканизм жолын ұстанып, растамандық бағытты ұстанған. Осы бағытты жалғастырушы көптеген адамдар Марлиді осы жолды ұстанушы әулие ретінде де санайды.

Боб Марли
Сурет
Негізгі ақпарат
Туған күні

Қайтыс болған күні

11 мамыр 1981 (1981-05-11)

Қайтыс болған жері

АҚШ, Майами

Мемлекет

Ямайка

Мамандықтары

әнші, композитор, гитаршы.

Жанрлары

регги, ска, рокстеди

Лақап аттары

Tuff Gong

Ұжымдары

The Wailers

Лейблдері

Studio One, Big Tree, Beverley's, Upsetter/Trojan, Island/Tuff Gong

Өмірбаяны

Боб Марли Ямайкадағы Найн-Майлс ауылында дүниеге келген. Әкесі Норвал Марли шығу тегі бойынша еуропалық, Ұлыбританияның ТӘК (теңіз-әуе күштері) офицер қызметін атқарған, кейін Ямайка жеріне басқарушы болып барып, 16 жасар ямайкалық қызбен Седелла Букермен танысады. Кейіннен отбасы құрады. Алайда, Боб өз әкесің өмірінде тек екі рет көрген. Боб 10 жасқа келгенде әкесі қайтыс болады. Әлі регги бағытымен толық таныспаған Боб, алдымен руд-бой ағымының өкілі болады. Рудилықтардың басты ерекшелігі: қара түсті костюм және барынша әр-түрлі бас киімдер.

1950 жылдары Боб анасымен бірге, барлық ямайкалықтар сияқты Ямайканың астанасы Кингстонға қоныс аударды. Ол жерде Боб Невилл Ливингстонмен (Банни) танысты. Осы танысудан кейін Боб Марлидің ән өнеріндегі алғашқы қадамдары басталды. Мектепті бітірген Боб дәнекерлеуші болып жұмысқа тұрып, бос уақытында өзінің өнерін шыңдаумен айналысты. Бұл қадамда оған үлкен демеу берген Джо Хиггс еді. Одан біраз уақыттан соң ол Питер Макентошпен танысады, кейіннен ол Питер Тош деген атпен танымал болады.

Мансаптағы алғашқы қадамдар

18 жасында Боб джо Хиггспен бірлесе жазған әні "Judge not" әнімен шығады. 1963 жылы ол Хиггстің көмегімен The Wailers вокалдық тобын құрады.Топ құрамында: Питер Тош, Банни Ливингстон, Джуниор Брейтуэйт, Черри Грин және Беверли Келсо болды. Топтың музыкалық директоры болып топтың бас-гитаршысы Астон family man Баррет болды. Топтың алғашқы әні Simmer Down (1964). 1965 жылы The Wailers тобының мүшелері қысқарып, олар трио болып ән айта бастады. Кейіннен олардың әндерінің жақсы өтіміне қарамастан 1966 жылы топ өмірін тоқтатады. 1971 жылы Боб Ямайкаға оралып, The Wailers тобын қайта құрады. Алайда, топ тек арал көлемінде ғана танымал болып қалады. Топ әр түрлі жанрларда ән айта бастады - ска, калипсо, фьюжн. 1971 жылы топ өзінің «Tuff Gong» - ән жазу орталығын ашады, бірақ ол еш танымалдық алып келмейді. 1971 жылдың соңына қарай Боб американдық әнші Джонни Нэшпен келісім-шартқа қол қойып оған екі әуен жазып береді («Guava Jelly», «Stir It Up»). 1972 жылы The Wailers халықаралық Island Records келісім-шартқа отырады. Ол олардың танымалдылықтарын арттырып, жаңа хит әндердің шығуына серпін етеді. 1973 жылы топ АҚШ бойынша гастрольдік сапарды бастайды. Біраз уақыттан соң Тош пен Ливингстон топты тастап, жеке мансап құрумен айналысады.

Өмірінің соңғы кездері

1977 жылы Бобтың аяғында меланома табылды. Ол меланоманы кесіп алып тастаудан бас тартады. 1980 жылы Марли Ұлыбританядан өз тәуелсіздігін алған Зимбабведа өз концертің өткізді: ол кезге Боб Марли барлық африкалық бірліктің символы болып саналған. Артынша, ол Германияда да өз кешін өткізеді. Алайда АҚШ-та жоспарланған кеші өтпей қалады. Оған себеп: Мэдисон-Сквер-Гарденде өткізілген екі концерттен соң, ол Нью-Йорктің орталық саябағында таңғы жүгіру барысында талып қалады. 1981 жылы қыста ол Мюнхенде дәрігер Йозиф Иссельсаның қарамағында емделеді, алайда ол еш өзгеріс бермейді. Көптеген химиотерпаияның әсерінен Марлидің шашы (дреды) түсе бастады. 1980 жылдың 4 мамырында, Эфиопиялық провославтық шіркеуінде Берхане Селассие (амхор тілінде - Ұлы Үштіктің Нұры). Кейіннен ол Ямайкалық Құрмет Орденімен марапатталды. Үздіксіз емделуге қарамастан, 1981 жылдың 11 мамырында Боб Марли аурухана төсегінде көз жұмды. Оның баласына айтқан соңғы сөзі: «Money can’t buy life» (қаз. Өмірді ақшаға сатып ала алмайсын). Боб Марли Ямайкада жерленді. Оның моласында өзімен бірге: «Gibson Les Paul», гитарасы, футбол добы, марихуана, Інжіл және сақина (әрдайым өзімен бірге ұстаған эфиоптық ханзада Хайле Селассие I-ның сыйлығы)

Дереккөздер

Tags:

Боб Марли ӨмірбаяныБоб Марли Мансаптағы алғашқы қадамдарБоб Марли Өмірінің соңғы кездеріБоб Марли ДереккөздерБоб Марли11 мамыр1945 жыл19816 ақпанАғылшын тіліМайамиПанафриканизмРегги

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

РесейМеталдарҮтірШерхан Мұртазаұлы МұртазаОңтүстік ҚазақстанҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміАқбілек (роман)ДыбысСолтүстік ҚазақстанСаяси партияАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміСемей полигоныҚазақстан және БҰҰДемографияАсқорыту мүшелеріМарсАлғашқы көмекТүрік қағанатыТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевМұхаммедӘл-Фатиха сүресіГеосаясатФутболТөлеген ТоқтаровАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыАлаш партиясының бағдарламасыАрал экологиясыҰрықПневмонияСолтүстік Қазақстан облысыҰйғырларАбайдың қара сөздеріАқпарат технологиясыАзотҚышқылАналық жыныс безіҮстеуБақытсыз ЖамалҚазақ руларыЗат есімЖұлдызҚазақстан қалаларыСалқам Жәңгір хан1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықМысСу көлігіЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыӘлемнің жеті кереметіҚұстарОқшау сөздерАзаматтық құқықМәңгілік бала бейнеШиеОперациялық жүйелерТұқым қуалайтын өзгергіштікТемпераментБүйрекТыныс алуМутацияСудың ластануыШарын шатқалыАңырақай шайқасыҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыАнықтауышҚозғалыс (зат)Халық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміАфрикаХолециститДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевДостықЭкологиялық жүйеКеңес үкіметіҰлпан (роман)Бәйтерек (мифология)Мұстафа Кемал АтатүрікВегетативтік көбеюБәйтерек (монумент)Қазақтар🡆 More