Ахал уәлаяты (түрікм.
Бастапқыда Ашхабад қаласы уәлаяттың әкімшілік орталығы болған, бірақ кейін ол жеке әкімшілік бірлікке келтіріліп, орталығы Әнеу қаласы болды. Содан кейін уәлаяттың жаңа әкімшілік орталығы — Арқадақ қаласын салу туралы шешім қабылданды, ол 2022 жылдың 20 желтоқсанында уәлаяттың әкімшілік орталығы болды.
Түрікменстан уәлаяты | |
Ахал уәлаяты | |
түрікм. Ahal welaýaty | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Енеді | 8 атырап |
Әкімш. орт. | Арқадақ |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 38°30′00″ с. е. 59°00′00″ ш. б. / 38.50000° с. е. 59.00000° ш. б. (G) (O) (Я) 59°00′00″ ш. б. / 38.50000° с. е. 59.00000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы | 97 160 км² (2 орын) |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 939 700 адам (2005)(4 орын) |
Тығыздығы | 9,67 адам/км² (5 орын) |
Сандық идентификаторлары | |
ISO 3166-2 коды | TM-A |
Телефон коды | +99313 |
Автомобиль коды | AH |
Ахал уәлаяты Ортаққорда 59°00′00″ ш. б. / 38.50000° с. е. 59.00000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Ахал уәлаяты 1992 жылы 14 желтоқсанда бұрынғы Ашхабад облысының аумағында құрылды.
2016 жылдың 29 сәуірінде Түрікменстан Министрлер кабинеті аумағы Тежен атырабына берілген Бабадайхан атырабын жою туралы шешім қабылдады.
Алайда 2018 жылдың 5 қаңтарында Түрікменстан Парламентінің қаулысымен Бабадайхан атырабы қалпына келтіріліп, Тежен атырабынан оның құрамына Бабадайхан қаласы; Ақалтын, Ақуәкіл, Алты Гарлыев атындағы, Қарауәкіл, Захмет, Тәзел, Хасыл және Жарықкөкше кеңесшіліктері; Селеңгі кеңесшілігі Көкті, Мамыр және Шілі ауылдары ауыстырылды.
Сол қаулымен Түркіменстан парламенті уәлаят аумағында болған Алтынасыр атырабын жойып, оның аумағын Кака атырабына (Мән және Шәж кеңесшіліктері), Сарахс атырабына (Балықшылық кеңесшілігі), Тежен атырабына (Алтынасыр қаласы, Уаһарман, Құрбантұрлы, Дәулетті және Лұқман кеңесшілігі, Ақалтын, Бидайлы және Малдаршылық ауылдары) берді.
Сондай-ақ, Кака қаласының мәртебесі атырап құқығы бар қаладан атыраптағы қалаға өзгертіліп, Баһарлы атырабы Бәһерден деп өзгертілді.
Уәлаяттың ауданы 97 160 км². Түрікменстанның орталық бөлігінің оңтүстігінде, Иран мен Ауғанстан шекарасында Көпетдақ тауының етегінде орналасқан.
Ахал уәлаяты 1881 жылы Көктепе шайқасы болған Ахалтеке шұратымен, сондай-ақ Бәһерден үңгіріндегі Көуата жылы жерасты көлімен танымал.
Ахал уәлаятының халқы 939 700 адам (2005). 2000 жылы Түрікменстанның жалпы халқының 14 % Ахал уәлаятында тұрды.
Ахал уәлаятына 7 атырап, 8 қала, 9 кент, 82 кеңесшілік және 231 ауыл кіреді (1995 жылдан кейін өзгертілген атаулар жақшада көрсетілген).
8 атырап:
2022 жылдың 20 желтоқсанында уәлаяттың әкімшілік орталығы ауыстырылған жаңа елді мекен Арқадақ қаласы құрылды. Қала Көктепе атырабының жерінде құрылды, қала құрамына Аба Аннаев ауылы енгізіліп, сол арқылы жойылды, Қарызек кеңесшілігі (Аба Аннаев ауылында болған) де жойылды.
Ахал уәлаятының экономикасы агроөнеркәсіптік сипатқа ие. Оның дамуына мемлекет астанасының аймақта орналасуы үлкен әсер етті. Уәлаяттың өңірлік жалпы өнімдегі экономикасының үлесі 23 % асады. 2000 жылы Ахал уәлаятының үлесіне Түрікменстандағы барлық жұмыс орындарының 11%, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 23% (құны бойынша) және елдегі жалпы өнеркәсіп өндірісінің 31% тиесілі болды.
Аймақ газ өндіру бойынша республикада көш бастап тұр (43,8%). Оның аумағында бірқатар ірі газ кен орындары бар, мысалы, Оңтүстік Гүтләк.
Ахал уәлаятының егін шаруашылығы бүкіл аймақты батыстан шығысқа қарай созып жатқан Қарақұм арнасымен суарылады. Судың тағы бір көзі – Тежен қаласының оңтүстігіндегі екі үлкен су қоймасы арқылы өтетін уәлаяттың оңтүстік-шығыс бөлігінде ағып жатқан Тежен өзені. Рухабат атырабында жеке егістіктері, жылыжайы, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді өңдейтін өндіріс орындары бар «Рухубелент» ірі агроөнеркәсіп кешені құрылған.
Басқа салалар – тоқыма және мақта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы дамып келеді. Жергілікті шикізаттан сапалы қағаз шығару үшін Жаслық ауылында құны 135 миллион доллар болатын целлюлоза-қағаз комбинаты салынды. Ахалда түкті және боялған мақта-маталарын шығаратын тоқыма фабрикасы салынды. Сондай-ақ басқа да бірқатар өнеркәсіп орындары – Тежендегі мақта мен карбамид зауыттары салынған, келесі кезек Келаттағы цемент зауыты. Абадан мемлекеттік аудандық электр станциясында қуаттылығы 123 МВт болатын Орталық Азиядағы алғашқы газ турбинасы («General Electric» компаниясы шығарған) іске қосылды.
2010 жылғы жағдай бойынша Ахал уәлаятында 241 орта мектеп бар, онда 146 000 оқушы оқиды.
№ | Аты | Лауазымға тағайындалды | Лауазымнан босатылды | Босату себебі |
1 | Жұмакелді Амансахатов | 26.06.1992 | 02.08.1996 | жұмыстағы кемшіліктері үшін |
2 | Нұрмұхаммед Әшіров | 02.08.1996 | 07.07.1997 | жұмыстағы кемшіліктері үшін |
3 | Какажан Ташлиев | 07.07.1997 | 23.11.2001 | жұмыстағы кемшіліктері үшін |
4 | Қандым Ханныев | 23.11.2001 | 15.11.2002 | жұмыстағы кемшіліктері үшін |
5 | Әнебай Атаева | 15.11.2002 | 30.10.2004 | жұмыстағы кемшіліктері үшін |
6 | Мұрат Атақарриев | 30.10.2004 | 27.09.2005 | жұмыстағы кемшіліктері үшін |
7 | Амантұрды Мұратқұлиев | 27.09.2005 | 25.10.2006 | жұмыстағы кемшіліктері үшін, тұтқындалды |
8 | Құрбанберді Оразмұратов | 25.10.2006 | 12.11.2007 | жұмыстағы кемшіліктері үшін |
9 | Мәметнияз Әуезұлы Нұрмәмедов | 12.11.2007 | 10.07.2009 | басқа жұмысқа ауысты |
10 | Дәнмұрат Мұратбердиев | 10.07.2009 | 17.02.2012 | президенттік сайлаудан кейін отставкаға кетті |
11 | Мәметнияз Әуезұлы Нұрмәмедов | 21.02.2012 | 09.07.2015 | жұмыстағы кемшіліктері үшін |
12 | Аннакелді Оразбердіұлы Жазмұратов | 09.07.2015 | 29.04.2016 | лауазымынан төмендетілді |
13 | Есенмұрат Оразкелдиев | 29.04.2016 | 05.04.2017 | басқа жұмысқа ауысты |
14 | Тәңріқұлы Атахаллиев | 05.04.2017 | 17.06.2019 | басқа жұмысқа ауысты |
15 | Сердар Бердімұхамедов | 17.06.2019 | 07.02.2020 | басқа жұмысқа ауысты |
16 | Жазмұхаммед Құрбанов | 7.02.2020 | ағымдағы |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Ахал уәлаяты, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.