Ала Қарға

Ала қарға (лат.

Қазақстанда кең тараған. Дене тұрқы 47 – 50 см, салмағы 0,6 кг-дай. Ала қарғаның басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Орман шетіндегі, өзен бойындағы тоғайларға, бақтарда, кейде дара өскен ағаш басына ұя салады. Мекиені 4 – 7 қызыл қоңыр, секпілді көгілдір жұмыртқаны 19 күн басады. Балапандарын кезектесіп 35 күндей ұяда негізінде жәндіктермен асырайды. Тамызда балапандары ұядан ұшады. Ересегі қорек талғамайды. Қазан айында Тянь-Шань тауының етегіне қыстауға ұшып кетеді. Ала қарға пайдалы құстардың жұмыртқасын зақымдап зиян келтіреді.

Ала қарға
Киев, Украина
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Corvidae
Тегі: Corvus
Түрі: C. cornix
Екі-есімді атауы
Corvus cornix
Линней, 1758
Ала Қарға
Ала Қарға
Ала Қарға
Clamator glandarius + Corvus cornix

Өмір сүруі

Ала қарға – қарғалар туысының адамдарға ең белгілі өкілі. Дене мөлшері қара қарғадай (441-600г) бола тұрып, оның өзіне тән реңі бар: басы, тамағы, қанаты және құйрығы – қара, ал қалған жабын қауырсындары-сұр. Бұл жыртқыштыққа икемдігі айқын көрінетін күшті құс. Ормандағы қарға- барлық ұсақ қанаттыларға төнген қатер, ал көлдерде суда жүзетін құстардың ұяларына үлкен нұқсан келтіреді. Адам үйректің, қасқалдақтың немесе сұқсырдың ұяларына тиіп кетсе-ақ болды ( мысалы, қайықпен қасынан жүзіп өтсе), қарғаны тап сол жерден көруге болады. Сөйтіп , бірнеше минуттан соң ұядан тек жұмыртқаның қабығы ғана қалады. Ол балапандарды да дәл солай жәукемдейді. Қазақстанда ала қарға республиканың бүкіл солтүстік жартысында – суда жүзетін құстары көп көлдерде, дала және орманды дала зоналарында қоныстанады. Қыста Қазақстанның оңтүстік жартысына жылыстайды. Әдетте қыс кезінде тау етегіндегі далада және қалалар мен ауылдардың көшелерінде жүреді. Ала қарғалар қыс жылы болса, тіпті тауға биіктей көтеріледі. Ала қарғаның саны соңғы онжылдықта Қазақстанның барлық аумағында өсе түсуде. Сөйтіп суда жүзетін құстарға маманданған аңшылықтар үшін оның зиянды әрекеті жер-жерден өте күшті сезіле бастады. Сірә ала қарғаның санын ретке келтірудің мезгілі жеткен тәрізді.

Дереккөздер


Tags:

БалапанЖұмыртқаЖәндікЛатын тіліОрманТорғайтәрізділерТоғайТянь-ШаньҚазақстанҚанатҚұсӨзен

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

КапитализмКөзімнің қарасы...Қытай Халық Республикасы экономикасыЭкономикалық интеграцияСталинград шайқасыСөйлемЕжелгі РимРимҚазақстан әкімшілік бірліктеріҚазақстанҮндістанМиозинҚанРаушангүлділерТіршілік үшін күресТәуекел ханПсихологияЖеке еңбек шартыАустралияАстрономияАналық жыныс жасушасыЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚоршаған ортаны қорғауӘлкей Хақанұлы МарғұланАрал экологиясыЖамбыл ЖабайұлыСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайАққулар ұйықтағандаҚазақстандағы көмірХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыСырым ДатұлыСалт-дәстүрМенің атым Қожа (повесть)БақбақЭкологияҒылымҚара құрдымОм заңыАрыстан баб кесенесіТопырақАлаш қозғалысыКөктемҚалқанша безИнтернетБиосфераҚазақстандағы экологиялық проблемаларРобототехникаБарсакелмес қорығыӘбу Насыр Әл-ФарабиҚыз ЖібекЖүрекӘлемнің жеті кереметіӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыҚажығали МұханбетқалиұлыДауысты дыбыстарМақта (дақыл)1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісҰлыбританияСолтүстік АмерикаАдам даму индексіҚазақстан халқының бірлігі күніӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..Фотоэлектрлік құбылыстарСептік жалғауҒылыми-техникалық революцияАлкиндерҰрықНесіпбек Тұрысбекұлы АйтҚазақстан халқы ассамблеясыҚызыл кітапАқсу-Жабағылы қорығыКубизмҚазақстан 2050Қазақстанның экономикалық аудандарыТұсаукесерСан есімИранМұқағали Сүлейменұлы Мақатаев🡆 More