Абақты

АБАҚТЫ - қылмыс істеген адамды уақытша қамауға арналған орын.

Сот жазасын өтеу үшін қылмыскерді бас бостандығынан айырып, бұрынғы қауіпті қылықтарын одан әрі өрістетпеу мақсатымен, оны басқа адамдардан, қоғамнан оқшаулатып, абақтыға қамаған. Байырғы қазақ тұрмысында қылмысты, жазалы адамды уақытша қамау қажет болса қолын артына байлап, кісе белдігін, баскиімін шешіп (әйелмен бірдей болды дегенді білдіреді), тізерлетіп, бетіне күйе жағып киіз үйдің керегесіне немесе үлкен арбаның доңғалағына таңып тастайды. Қасына күзетші қояды. Сондай-ақ, уақытша қамаудың киіз туырлыққа орап таңып тастау тәрізді жолдары да болған. Абақты сөзінің тағы бір көне нұсқасы лабақты. Жазалы, қылмысты адамды қауымнан оңашалаудың мырзақамақ түрме деген түрлері қазақ ортасында XIX ғасырдан тарала бастады. Ертеде көшпелілер арасында болмаған, кейінгі кезде пайда болған орыс отаршылдығымен бірге келген бұл «құбылысты», қазақтар тосырқап қабылдағанын Арқадағы әнші Мәдидің:

Абақты
Абақты
Зындан. Бухара, 1915 ж.
Абақты қатар-қатар болады екен,  Ішіне жақсы-жаман толады екен,  Ішіне сол шіркіннің кіріп барсаң,  Көңілің су селкендей болады екен,  

- деген өлеңінен байқауға болады. «Жігіттің жақсысы ортамда сыналады, аттың жақсысы арбада сыналады», - деген мақалдағы ортам жерден терең етіп ор қазылып, жан-жағы айналдырыла қоршалды. Қылмыскердің аяқ-қолын байлап, абақтының осы түрі ортамға салып қойған. Айыпты адамды ұстайтын ортамға ұқсас, жерден мүлдем терең етіп қазылған абақтының түрі - зындан шығыс елдерінде ертеде кең таралған.

Дереккөздер

Tags:

Бас бостандығынан айыруҚоғамҚылмысҚылмыскер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Абай жолы (роман)Қасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевОралхан БөкейҰлпан (роман)ТұлғаМоральШәкәрім ҚұдайбердіұлыАдам сүйегінің құрылысыЖүктілікІлияс ЕсенберлинТолеранттықАрал теңізіЭкзистенциализмНаймандарҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріДінҚазақстандағы сайлау жүйесіТолықтауышӘпке (драма)Балдыр1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысАлаш ОрдаЖелтоқсан көтерілісіТынық мұхитҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріӘмір ТемірӘлем елдерінің тізіміАзаматтық құқықІш өтуЖіктік жалғауКомпьютердің құрылғыларыБеларусьРеформацияМарқакөл қорығыКөркем әдебиет стиліТұқым қуалаушылықҚорқыт атаПатша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатыҚызылордаИсламҚазақстандағы туризмБейорганикалық заттарЛәззат Мұратқызы ТанысбайҚазақстан географиясыҚартаюЖетіген (аспап)Тыныс белгілеріРесми стильТеңіз балдырларыАндроново мәдениетіЖоғары сатыдағы өсімдіктерАсқорыту мүшелеріМеталдарОйлауЖаһандануБесеудің хатыОңтүстік АмерикаТөле биАлюминий оксидіОдағайҒұндарТұманбай МолдағалиевҚанЭволюцияТиләуләт сәждесіМахаббат, қызық мол жылдарҚазақстан өзендеріКәсіпкерлікҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыСолтүстік ҚазақстанТемпераментМорфология (лингвистика)ӘлімұлыЖасыл балдырларБейімбет Жармағамбетұлы МайлинНаурыз мейрамыДәретҚазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіРесей империясының құрамындағы Қазақстан🡆 More