Әбілхайыр Ордасы

Әбілхайыр Ордасы немесе Көшпелі өзбектер хандығы — XV ғ.

алғашқы ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймағында пайда болған.

Әбілхайыр Ордасы
Тарихи мемлекет

1428 жыл – хандықтың құрылуы.
1465 жыл – Жәнібек пен Керей сұлтандары Әбілқайыр ханнан Талас пен Шу өзендерінің аңғарына қоныс аударды. Жетісуда Керей бастаған Қазақ хандығы құрылды.
1468 жыл – Әбілқайырдың қайтыс болуы және хандықтың түпкілікті құлдырауы.

Әбілхайыр Ордасы
 
Әбілхайыр Ордасы
1428 — 1468


Әбілхайыр Ордасы
 
Әбілхайыр Ордасы
 
Әбілхайыр Ордасы
 
Әбілхайыр Ордасы


Әбілхайыр Ордасы
Әбілхайыр хандығы 1448 ж
Астанасы 1428 – 1446 жж. Чинги-Тура

1446 ж. Орда-базар
1446 – 1480 жж. Сығанақ
1446 – 1501 жж. (қуғында) Қажытархан

Тіл(дер)і Түркіше
Діні Ислам
Басқару формасы Хандығы
Хан
 - 14281468 Әбілқайыр хан
 - 14681469 Едігер хан
 - 14691470 Шейх-Хайдар хан
 - 1469 Күш-Хайдар хан

Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Ноғай ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді.

Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.

Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.

Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Орда Ежен хан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды.

1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.

1450 жж. Әбілхайыр Мәуранахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқараға жорық жасайды.

145657 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады.

Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстан жеріне қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.

1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті.

Дереккөздер

Tags:

Қазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Асық ойыныҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚадыр Мырза ӘліЕділ қағанЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміШвейцарияҚазақ-Жоңғар соғысыҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіМитозАшық тұқымдыларҚазақстан мәдениетіҚасым ханның қасқа жолыЖалпы ішкі өнімСөз табыОрбұлақ шайқасыТұрар РысқұловИмпрессионизмАқан серіКөкпарҚазақстан азамат соғысы жылдарындаЭндокриңді бездерБейімбет Жармағамбетұлы МайлинКенесары ханҰлы Жібек жолыӨкпеШиеҰлықбекҒаламдық мәселелерМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)АвангардизмЭмбриогенезӘбу Насыр Әл-ФарабиБиосфераШикізатМұхтар ШахановОзон қабатыМұхитқа шыға алмайтын елдерҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатАлғашқы көмекҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыМашинажасауҚалқанша безҚазақстанның тұңғыш мектептеріГерманияҰшқан ұяҚазақстандағы транспортЖай санҚант диабетіҚазақ тіліАйтысӘлемдік діндерАстана мектеп оқушыларының сарайыСаңырауқұлақтарЯдролық қаруҚазақ хандығының құрылуыЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміАбылай ханНаурыз мейрамыТабиғи радиоактивтікМемлекеттік басқару формасыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАқындар айтысыМорфология (лингвистика)КәсіпорынҚыстырма сөзҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіҚазақстандағы алюминий кеніОксидтерҚорғансыздың күні (әңгіме)АмерикаАстық шаруашылығыСарқылмайтын ресурстарЕтеккірӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановТұқым қуалаушылықАсан қайғы СәбитұлыТемірКөктем🡆 More