Алматы Қонаев Атындағы Көше

Көшеге қазақтың арда ұлы, көрнекті мемлекет және саяси қайраткер, белгілі ғалым, тау-кен инженері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан КП ОК-нің бірінші басшысы, КОКП ОК Саяси Бюросыныңмүшесі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі (ҚР.М.К.П.24.02.1994 № 1577.

21.04.1994 № 331 қалалық шешімі) берілген.

Алматы Қонаев Атындағы Көше

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) Алматы облысы Балқаш ауданында дүниеге келген. Д.А.Қонаев Ұлы Отан соғысы жылдары «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары және техникалық бөлімнің бастығы, сондай-ақ, Лениногорск (Риддер) кен басқармасының Риддер кенінің директоры, 1942 жылдан ірі қоғам, мемлекет, ғылым қайраткері болды. Әсіресе, Д.А.Қонаевтың ірі өнеркәсіп комбинаттарын салудағы сіңірген еңбегі белгілі. Оның көмегімен химия, металлургия институттары пайда болды. Ядролық физика саласында қызу жұмыстар басталды. Ол мемлекет басшысы ретінде шынайы өнер мен мәдениетті қорғап, қолдап отырды, лайықты бағалады. 1992 жылы оның «Менің заманым жайында» атты естеліктер кітабы шықты, ол 1994 жылдан «Сталиннен Горбачевке дейін» деген атпен қайта басылып шығарылды Көше Медеу ауданында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Райымбек даңғылынан басталып, Абай даңғылына дейін жалғасып жатыр. Гоголь, Төле би, Қазыбек би, Қарасай батыр, Құрманғазы көшелерін қиып өтеді. Бұрынғы атаулары: а) Қапан; ә) Карл Маркс көшелері. Көшенін узындығы - 3050 метр. Көшенін Әйтеке би көшесімен қиылысқан жерінде Т.Бокиннің ескерткіші орнатылған. Гоголь көшесі мен Қазыбек би көшелерінің аралығында 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағын жанап өтеді. Қарасай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің аралығында Қонаев сквері орналасқан.

Скверде Д.А.Қонаевтың ескеркіш-бюсті (мүсіншісі: Т.Досмағамбетов, А.Татаринов, сәулетшісі: А.Қапанов) қойылған. ҚР Ғылым академиясының Органикалық катализ және электр химия институты, Қалайы өрттей қорғау басқармасы, Республикалық Модалар үйі, Бас киім және «Алмагүл» фабрикалары, Тұтынушылар Одағының қонақ үйі, «Сымбат» сән үйі, «Қызылтаң» маталар үйі орналасқан.

Дереккөздер

Tags:

1994Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Аңырақай шайқасыАндроново мәдениетіБаланы қырқынан шығаруАрғынНанотехнологияЖалғаулық шылауларХимиялық элементтер тізіміТүргеш қағанатыҚазақстан астанасыСуҚаһарМетафораШілдеханаМұнай өнеркәсібіАйша бибіТүркістан облысыХлорАлтын Орданың хандарының тізіміАбайдың қара сөздеріЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларМеккеТәттімбет ҚазанғапұлыҚояндарҚытай тарихыОрганикалық затАлтын ОрдаҚазақ хандығыҚазақстан әкімшілік бірліктеріЛионель МессиҚан қысымыШығай ханҚазақстан экономикасының тарихыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыПайғамбарШизофренияАқан серіЕсімдікҮтірҚазақстан 2050МиграцияҚұндылықҚазақ билеріХристофор КолумбСалалас құрмалас сөйлемКөмірҚазақстан халқының бірлігі күніІлияс ЖансүгіровҚантамырларЕуропа одағыГендік инженерияҚұрсақ тойӘбіш КекілбайұлыҚорғансыздың күні (әңгіме)Сын есімнің шырайларыҚазақтың ұлттық тағамдарыБиосфераТұқым қуалаушылықМал атауларыНайзағайҚажымұқан МұңайтпасұлыӘз-Жәнібек ханҚазақстан экономикасыҚан жасушаларыТарих (Геродот)МикроорганизмҚарақалпақстанМоғолстанҚазақстан 2030СоқырішекҚыз ЖібекМәдениетАминқышқылдарМахамбет ӨтемісұлыҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақша УикипедияКеңес Одағының БатырыЖұбаныш Жексенұлы ТоқсанбаевКөзімнің қарасы...Еуразиялық Экономикалық Одақ🡆 More