Троп (гр.
Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.
Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. Риторика мен стилистикада троп түрлері ежелден қарастырылып келеді. Квинтилиан оның 7 түрін атап көрсетсе, М.В. Ломоносов 11 үлгісін ұсынған, ал А.А. Потебня 3 түрі бар екенін айтады. А.Байтұрсынов троп түрлері туралы: “Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:
Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Троп сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде тура және астарлы мағынада қолданылады, бұлардың бір-бірімен байланысының өзі заттар мен құбылыстардың ұқсастығына қатысты келеді. Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафора, теңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гипербола, литота, кейіптеу, ирония). Троп көркем әдебиет стилінде, публицистика мен ауызекі сөйлеуде жиі қолданыс тапқанымен, ғылыми-техникалық мәтіндерде, ресми іс қағаздарында қолданылмайды. Көркем мәтінде троптың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла береді. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Троп, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.