Сүйектің Құрылысы

Сүйектер тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан түзіледі.

Сүйектің сырты - тығыз ұлпадан, ішкі бөлімі кеуекті ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйекқап болады. Сүйекқаптың астыңғы бетінің жасушалары бөлініп, сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйекқап арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, кайта қалпына келуі де сүйеккапқа тікелей байланысты. Сүйекқапта қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан, сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті кабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін — бейағзалық, ал қалған үштен бір бөлігін ағзалық заттар құрайды. Ағзалық заттар - иілгіштік, серпінділік, ал бейағзалық заттар беріктік қасиет береді.

Сүйектің құрамы

Сүйектің құрамында - 50% су, 12,5% нәруыз тектес ағзалык зат - оссеин (жұмсақ, серпімді ағзалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпімді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттардың мөлшері көбірек.

Сүйектердің байланысы

Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі жүлгелер, төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін шұрықтар болады. Қаңқаны кұрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Олар атқаратын қызметіне карай байланыстар: қозғалмайтын, шала қозғалатын және қозғалмалы байланыстарға бөлінеді.

Дереккөздер


Tags:

Дәнекер ұлпасыСүйекқап

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МәдениетЯдродағы нуклондардың байланыс энергиясыМағжан Бекенұлы ЖұмабаевАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыДін философиясыЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріЫңғайлас салалас сөйлемОрманДәрілік өсімдіктерҚазақстандағы ұжымдастыруҚазақстан экономикасының тарихыТоталитаризмҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміҚазақ театрыҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріЕжелгі Рим өнеріАмерика–Жапон шарттарыШығыс Қазақстан облысыҰлыбританияОңтүстік АмерикаЧарлз ДарвинКөлікӨзгергіштікАйнұр ТұрсынбаеваАдамның табиғатқа әсеріБайқоңыр (ғарыш айлағы)Сөз табыТағамның маңызы, құрамы және қызметіБіріккен Ұлттар ҰйымыКөкжөтелҚышқылҒабиден МұстафинБатыс Түрік қағанатыҚарағанды облысыӘбу Насыр Әл-ФарабиӘйтеке биШолпан (ғаламшар)Жүсіп БаласағұниМәтінСоленоидҚола дәуіріЖәнібек ханЖуніс СахиевҚасым ханның қасқа жолыӨңдеуші өнеркәсіпҚазақ хандығының құрылуыКөксерек (әңгіме)Жануарлар қалай үндейді (ойын)ЖаһандануОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыМорфология (лингвистика)КанадаЭкономикалық қатынасМезозойСарматтарТөлен ӘбдікҚаңлыларСөз тіркесіСынтас (тас)Шерхан Мұртазаұлы МұртазаҚан мен терҒаламдық мәселелерСудың ластануыМәдени мұраТың игеруҚатерлі ісікМахамбет ӨтемісұлыНАТОЖалғауШылауТырнақшаҮйсін мемлекетіҰрықҰлпан (роман)Халықаралық валюта қорыЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОҚасым АманжоловАнемия🡆 More