Пайдаланушы

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) — 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.

Пайдаланушы аймағы

Пайдаланушы аймағы (Область пользователя; user area) — 1) мәселенің жұмыстық аймағы — терминалға немесе пайдаланушы программасына бөлінген негізгі жад аймағы; 2) есептеу желілерінде — пайдаланушының қолданбалы процестерінің жиынтығы; 3) қарым- қатынастық желіде — мәліметтерді жеткізу бойынша оның қызметін пайдаланатын терминалдар жиынтығы.

Пайдаланушы анықтайтын пернелер

Пайдаланушы анықтайтын пернелер (функционал пернелер) (Клавиши, определяемые пользователем (функциональные клавиши); user definable keys) — қызметін пайдаланушы адам өзгерте алатын пернелер. Жалпы команданы немесе арнайы символды тудыру үшін немесе компьютерге арнайы міндетті жүктеу үшін оларды алдын ала программалауға болады.

Пайдаланушы ентаңбасы (жеке адамның ентаңбасы)

Пайдаланушы ентаңбасы (жеке адамның ентаңбасы) (Метка пользователя (личная метка); user (private) label) — пішімі мен ақпаратын пайдаланушы анықтайтын және ерекше программамен өңделетін магниттік таспадағы мәліметтер жинағының стандартты емес ентаңбасы.

Пайдаланушы интерфейсі

Пайдаланушы интерфейсі (Интерфейс пользователя (пользовательский интерфейс); user interface) — пайдаланушының жүйемен әрекеттестігін жасақтайтын программалық құралдар кешені; пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы. Мұндай стандарттар программа қызметтерімен операцияларын қолайлы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін экран пішімі мен орындалатын командалардың меню құрылымын тағайындайды. Пайдаланушыға арналған компьютермен (программамен) жылдам әрекеттесу тәсілдері, оның мынадай ерекшеліктерін атауға болады: жүйелік объектілерді (файлдар, құрылғылар, терезелер), меню және мәліметтерді бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелер) пайдалану; объектілерді тандау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашу және объектілерді жылжыту үшін сілтеуіш құрылғыларды, мысалы, тышқанды пайдалану; экранды жұмыс үстелі немесе басқару тақтасы ретінде пайдалану.

Пайдаланушының (тұтынушының) нөмірі немесе ұқсастырғышы

Пайдаланушының (тұтынушының) нөмірі немесе ұқсастырғышы (Номер или идентификатор пользователя; user number, user ID) — желіде жұмыс істеуші адамға алдын ала ұсынылып, желіге қосылған кезде оны ұқсастыруға (есепке алуға, өзгелерден бөлуге, тануға) пайдаланылатын нөмір немесе символдар тіркесі.

Пайдаланушының нышандар жинағы

Пайдаланушының нышандар жинағы (Набор признаков пользователя; user attribute data set) — пайдаланушылар туралы мағлұматтардан тұратын мәліметтер жинағы. Оған пайдаланушылар ұқсастырғыштары, олар қатынайтын томдар мен мәліметтер жинақтарының атаулары, парольдер, мәліметтер жинағы бар операцияларға шектеулер және басқа мәліметтер жатады.

Пайдаланушының ұқсастырғышы

Пайдаланушының ұқсастырғышы (Идентификатор пользователя; user identifier, userid) — жүйеде пайдаланушы ұқсастыратын сан немесе бедербелгі-жолдық мәліметтер.

Дереккөздер


Tags:

Пайдаланушы аймағыПайдаланушы анықтайтын пернелерПайдаланушы ентаңбасы (жеке адамның ентаңбасы)Пайдаланушы интерфейсіПайдаланушы ның (тұтынушының) нөмірі немесе ұқсастырғышыПайдаланушы ның нышандар жинағыПайдаланушы ның ұқсастырғышыПайдаланушы ДереккөздерПайдаланушыПернетақтаТерминалЭкран

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Әлемдегі ең танымал кітапханаларҚайыңСан есімКөктем1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевҚадыр Мырза ӘліЭлектрокардиография314-атқыштар дивизиясыМитозКүнделік.кзЭлектромагниттік индукцияТәттімбет ҚазанғапұлыҮтірЭстрогенМұхитЯдролық қаруАҚШ экономикасыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыУнитарлы мемлекетЕсік Алтын адамыҰрықтануТыныс алуҮйсін мемлекетіМәскеу шайқасыҚазақстандағы су айдындарының экологиялық жағдайларыҚазақстан экономикасының тарихыЖаңа білім беру жүйесіҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміДамушы елдерОдағайИранМақал-мәтелдерАқбөкенСу көлігіІлияс ЖансүгіровҚазақ газетіШарын шатқалыМейозАналық жыныс жасушасыҚазақстан азамат соғысы жылдарындаБиомеханикаКөлік кешеніОрталық АзияҚояндарСуПайдалы қазбаларЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Фотоэлектрлік құбылыстарЖер сілкінуНұралы ханРақымжан ҚошқарбаевФерменттерҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыБактерияларРоботЖалпы ішкі өнімҒабиден МұстафинШәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақстан 2030ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыАбай ҚұнанбайұлыЖүсіп БаласағұниКонституцияҚозы Көрпеш – Баян СұлуЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміАлматыКөмір өнеркәсібіМұқағали Сүлейменұлы МақатаевЭлектрондық сандық қолтаңбаҚарағайЖұлынТоқырау жылдарындағы ҚазақстанРинат Рифхатұлы Зайытов1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларТұрар РысқұловМагмалық тау жыныстарыЧарлз ДарвинҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізімі🡆 More