Маржан Балықтар

Пішіндері де, түстері де алуан түрлі үлкенді-кішілі балықтар – маржан рифтерінің көбірек көзге түсетін тұрғындары.

Балықтар мұнда қорек іздеп ашық теңізден тұрақтытүрде жүзіп келіп жатады, бірақ көптеген түрлері бүкіл өмірін рифтерде өткізеді әрі басқа ешбіртіршілік ортасында кездеспейді. Мұндай балықтарды маржан балықтары деп атайды.

Маржан Балықтар
Көбелек-балық

Көбелек балықтар

Көбелек – балықтар – маржан балықтарының ең жарқын (осы сөздің толық мағынасында) өкілдерінің бірі. Көлемінің шағындығы және екі бүйірі қабысқан биік денесі оларға қауіп төнгенде рифтің ең тар саңылауларынаеніп кетуге мүмкіндік береді. Олар әр түрлі ұсақ жәндіктермен және тірі маржан полиптерімен қоректенеді, полиптерді әктасты тостағаншаларынан оңай сурып алады. Көбелек-балықтар-барып тұрған дарашылдар. Көпшілігі рифтің беелгілі бір бөлігіндее жұптаса немесе жеке-жеке тіршілік етіп, өз аумағын өзге өкілдерден өршелене қорғайды.

Маржан Балықтар 
Көбелек-балық

Олардың ашық, алыстан байқалатын түр-түстері бұл аймақтың бос еместігін бөтендерге ескерткендей болады да, балықтардың шекараға таласу оқиғаларының санын азайтуға ықпал етеді. Ірі, ауқымды келген тоты-балықтар да маржан полиптерін қорек етеді, бірақ олар көбелек – балықтардангөрі дөрекі қимылдайды:тұтаса біткен қашау тәрізді тістерімен маржандарды кесек-кесегімен тістеп үзіп алып, ұнтақтайды. Бұл балықтардың үйірі қоректеніп жатқан тұстан сықыр мен шықыр жақсы естіледі, ал әр балықтың соңынан ұсақ құмның шашыранды ізі созылып, су түбіне баяу шөгіп жатады, бұл оның ішегі арқылы өткен маржандардың әктасты қаңқасының қалдықтары. Тропиктік жағажайлардағы өте ұсақ аппақ құмның пайда болуына да тоты-балықтарсебепкер деген пікір бар.

Клоун балықтар

Клоун-балықтар немесе амфиприондар-ашық түсті жолақтары бар шағын балықтар. Бұлар маржан рифтерінің әдеттегі тұрғындары, бірақ оларды седбесе өмір сүретін актиниялардың қасынан ғана кездестіруге болады. Амфиприондар өзге балықтардың барлығына ажал төндіретін күйдіргіш қармауыштардың арасымен қорықпай әрә-бері өте береді, ал қауіп төнгенде тіпті актинияның асқорыту қуысының түбінее де тығыла береді.

Маржан Балықтар 
Клоун-балық

Бұл балықтардың тері жабындары шырыш бөліп шығарады, ол құрамы жағынан актинияның қармауышын жауып тұрған шырыштан еш айырмашылығы жоқ, сондықтан актиния өз тұрғындарына ешбір зиян жасамайды. Баспана бергені үшін амфиприондар өз актиниясын тазалап, тіпті онымен азық бөлісу арқылы да есеп айырысады.

Қызықты деректер

Көлемдері шағын болғанымен, амфиприондар – барынша агрессиялы әрі батыл балықтар.Олар өз үйлеріне тым жақындап кеткен аквалангшыларға өршелене шабуыл жасаған кездері болған

Дерек көздер

  • Балалар энциклопедиясы,РОСМЭН,Су астындағы тіршілік

Tags:

Маржан Балықтар Көбелек балықтарМаржан Балықтар Клоун балықтарМаржан Балықтар Қызықты деректерМаржан Балықтар Дерек көздерМаржан Балықтар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Магмалық тау жыныстарыҚыстырма сөзТүйелерАс қорыту жүйесіМемлекеттік басқару формасыАдам қаңқасыФутуризмМақта (дақыл)ШикізатУнитарлы мемлекетӨзбектерҚазақтың арқар-мериносыМахаббат, қызық мол жылдарӨнерЖеті жарғы18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыСуҚатерлі ісікҚазақстанның экологиялық проблемаларыҒылыми стильҚазақ газетіҚозғалыс (зат)Көнерген сөздерҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріМәдени мұраДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруСөз табыТопырақСөз таптарыЭмбриогенезБірінші дүниежүзілік соғысӘлеуметтік инфрақұрылымКарбон қышқылдарыТіршілік үшін күресҰлы Жібек жолыЗат есімҚазақстан мейрамдарыЖүсіпбек АймауытовМәдениетӨсімдік селекциясыКиіз үйМетонимияСаяси мәдениетШерхан Мұртазаұлы МұртазаЖеке еңбек шартыБуддизмҚазақстан тарихыКөксерек (әңгіме)Жіктік жалғауМетаморфтық тау жыныстарыКүнделік.кзКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыСарматтарОрталық ҚазақстанҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевОнтогенезМұқағали Сүлейменұлы МақатаевДауысты дыбыстарЕгемендікКомпьютерТұрар РысқұловТабиғи радиоактивтікҚазақстанның пайдалы қазбаларыОтын-энергетикалық кешенАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміБатыс Қазақстан облысыЖүйке жасушаларыМал шаруашылығыҚасым АманжоловТуризмИсламҚазақстандағы «қайта құру» саясаты1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнері314-атқыштар дивизиясыБиосфераБұқаралық ақпарат құралдарыКәсіпкерлік🡆 More