Көкек Зығыры

Көкек зығыры Көкек зығыпы- жасыл мүк (кукушкин лен – Polytrichum commune).

Жалпы сипатттамасы

Көкек зығыры топырақтың бетiн кiлемдей тұтасып жауып жататындықтан, басқа мүктердi оңай ығыстырады. Бойына ылғалды көп сiңiредi. Бұл орманның батпаққа айналуына себепшi болады. Көк зығыры екi үйiлi өсiмдiк (6 – сыныпты еске түсiрiңдер). Аталық өсiмдiк көп жылдық, ал аналық өсiмдiк бiр жылдық болады. Көк зығырының биiктiгi 40 см шамасында болады. Сабағы бұтақтанбайды, оның сыртын қалың, майда жапырақтар жауып тұрады. Сабағының құрылысы өте қарапайым. Сабақтың қабықшасының астында тiрек ұлпасы орналасады. Сабақтың ортасында қарапайым өткiзгiш шоқ орналасады. Жасыл мүк топыраққа ризоидтары арқылы бекiнедi.

Жасыл мүктер басқа жасыл өсiмдiктер секiлдi автотрофты жолмен қоректенедi. Топырақтан ризоидтары арқылы суды және онда ерiген минералды заттарды сiңiредi. Жапырақ клеткаларында хлорофилл дәндерi бар. Жапырақтар арқылы ауадан көмiрқышқыл газын сiңiредi. Нәтижесiнде олардың хлоропластарында фотосинтез процесi жүрiп органикалық зат түзiледi.

Көбеюі

Көкек зығыры жынысты және жыныссыз жолдармен көбейедi. Жынысты көбеюi былайша жүзеге асады. Аталық өсiмдiктiң жоғарғы ұшында аталық жыныс клеткалары болады. Аналық өсiмдiктiң сабағының жоғарғы ұшында аналық жыныс клеткалары жетiледi. Осы жыныс клеткаларының қосылу нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан қауашақ жетiледi. Қауашақтың iшiнде споралар дамиды. Спора – екi қабықшалы жыныссыз көбеюге маманданған клетка. Жыныссыз көбеюi осы споралардан басталады. Пiсiп жетiлген споралар қауашақтан жерге шашылады. Қолайлы жағдайда споралар өнiп, тармақталған жiп тәрiдi жасыл балдырларға ұқсас өскiншелер пайда болады. Осы өскiншелердiң бүршiкшелерiнiң бiреулерiнен аналық өсiмдiктер, ал екiншiлерiнен аталық өсiмдiктер жетiледi.

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ай (серік)Қазақстанның сыртқы саясатыШешендік өнерҚазақстан қорықтарының тізіміСәбит Мұқанұлы МұқановБаскетболСалауатты өмір салтыКөмірсутекСолтүстік АмерикаХалықаралық ұйымдарМитозАллитерацияДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевСөз табыКеңес Одағының білім беру жүйесіЖіктік жалғауЕкінші дүниежүзілік соғысКөптік жалғауАшық тұқымдыларҚыпшақтарНұралы ханВолейболБидай (астық)Көзімнің қарасы...Оқшау сөздерТемпераментПсихологияМәшһүр Жүсіп КөпейұлыҚазақстан және БҰҰҰшқан ұяАйша бибі кесенесіСақтарҒарышкерАлғашқы қайта өрлеу дәуіріСан есімАлаш қозғалысыИсламдағы жыныстық өмір әдебіИспания314-атқыштар дивизиясыГемоглобинТүйелерҚазыбек биАстрономияМарсМюнхен келісіміБалықтарТоқырау жылдарындағы ҚазақстанЖер сілкінуАлматы қорығыӘбілқайыр хан (Кіші жүз)АрхейҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевБіріккен Ұлттар ҰйымыДауыссыз дыбыстарӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміБензолҚазақстанның экологиялық проблемаларыКөмірсуларПлацентаМемлекет астаналары тізіміҚазақстан мейрамдарыЖәнібек ханГаз өнеркәсібіТуризмҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыАтом ядросыОдағайҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерАндроново мәдениетіҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміБақытсыз ЖамалХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміМахаббат, қызық мол жылдарҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміБесеудің хатыҮстеуАдам эволюциясының негізгі кезеңдері🡆 More