Иран Коммунистік Партиясы

Иран коммунистік партиясы (ИКП; Хезбе коммунисте Иран) – жұмысшылар, шаруалар мен озық ойлы интеллигенция өкілдері құрған саяси ұйым.

Иран коммунистік партиясы негізі 1920 жылы маусымда Энзели қаласында өткен социал-демократиялық «Әділет» («Адалет») партиясы съезінде қаланды. Партия программасында саяси-әлеуметтік, экономикалық міндеттер белгіленді: елді империалистікезгіден азат ету, экономикалық кіріптарлыққа душар еткен 1919 жылғы ағылшын-иран шартының күшін жою, Каджарлар әулетін биліктен тайдыру және монархиялық тәртіпті тыйып, ірі феодалдарды жерден айыру. Съезден кейін Иран коммунистік партиясы Коминтернге кірді. 1920 жылы Иран коммунистік партиясы басшылары солшыл элементтердің ықпалымен елдегі объективтік мүмкіндіктерді ескермей, Иранда дереу социалистік революцияны жүзеге асыру, помещиктердің ғана емес, ұсақ жер иеленушілердің де жерлерін конфискелеу ұрандарын көтеріп, бірқатар қателіктерге ұрынды. Сол жылы қазанда арандатушы элементтер ОК құрамынан шығарылып, Хайдар хан Аму оғлы бастаған ОК-тің жаңа құрамы сайланды. Иран коммунистері 1920-22 жылы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысып, 1929-31 жылы ереуілдерге басшылық етті. 1931 жылы үкімет коммунистердің қызметіне тыйым салатын заң шығарды. Таги Эранидің басшылығымен Иран коммунистік партиясы жұмысы 1934 жылдан қайта жанданды. 1925, 1937 жылдары партия қатты қуғынға ұшырады. 1938 жылы Иран коммунистік партиясы басшылары сотқа тартылып, Эрани 1940 жылы түрмеде өлтірілді. Иран коммунистік партиясы жұмысын 1941 жылы құрылған Иран халық партиясы одан әрі жалғастырды.

Иран коммунистік партиясы
Басшысы

Таги Эрани

Құрылған жылы

1920 жылы

Идеологиясы

марксизм-ленинизм

Сайты

www.cpiran.org

Дереккөздер

Қазақ совет энцеклопедиясы

Tags:

ИранИран халық партиясыКаджарлар әулетіЭнзели

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жетіген (аспап)Жанғожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіСептік жалғауТеатрЛексикаҚазақтың ұлттық ою-өрнегіЕркіндікҚазақстанның пайдалы қазбаларыДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевҚазақстан аудандарыБаяндауышБауыржан МомышұлыҚадір түніИталияҚұлақӘбілхайыр хандығыРезус-факторКомпьютерҒылымҚұрманғазы СағырбайұлыЖаңа экономикалық саясатМорфология (лингвистика)АИВ/ЖИТСМеталдарБесін намазыСөйлем мүшелеріҚажылықБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевБақытсыз ЖамалБатыс Қазақстан облысыҚырғи қабақ соғысыГепатитҚазақстан Парламентінің СенатыЯсин сүресіҚызыл Жұлдыз (Жамбыл облысы)ЖасушаАқуызЗейінHTMLҚабанбай батырГипергликемиялық комаТірек-қимыл жүйесіЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Химиялық элементтердің периодтық жүйесіЖем (өзен)Өлім кезеңдеріҚазақстан экономикасының тарихыСолтүстік ҚазақстанСинтаксисSaccharomyces cerevisiaeБіріккен Ұлттар ҰйымыЖеті қазынаДамушы елдерАятГломерулонефритМиМультимедиаТехасСөзжасамАбортАйнымалы токЗат алмасуПсихология тарихыАсық ойыныГеосаясатЕкінті намазыҚазақстанның экологиялық проблемаларыНуклеин қышқылдарыҚанипа Омарғалиқызы БітібаеваЖануарларҚазақстан халқы ассамблеясыӨкпеХлорофиллАммиакЗәрдің түзілуі және шығарылуыАйқапТуризмТромбоцит🡆 More