Starlink

Starlink — америкалық SpaceX компаниясы жасақтаған Жер шарындағы Интернет жүйесі қамтылмаған немесе нашар қамтылған не болмаса Интернеті қымбат аймақтары бар орындарға арнайы бағытталған ғаламдық спутниктік шоқжұлдыз жүйесі.

Спутниктік жүйелерді зерттеумен, жасақтаумен және өндірумен айналысатын SpaceX бөлімшесі Вашингтон штатының Редмонд қаласында орналасқан.

Starlink
Starlink

Starlink
Ұйымы SpaceX
Тапсырысы
Орбитамен айналуы earth
Ұшыру күн-айы ақпан 22, 2018
Торабы https://www.starlink.com/
Қуаты on the sun

Тарихы

Жобаны жасау 2015 жылы басталды, «TINTIN» сынақ прототиптері 2018 жылдың 22 ақпанында сәтті түрде іске қосылды. 2017 жылы SpaceX 2020 жылдың ортасына қарай Жер орбитасына жалпы саны 12 000-дай спутниктер жіберу туралы нормативті құжаттар ұсынды. 2019 жылдың мамырында 60 спутник-прототиптің бірінші тобы жіберілді.

SpaceX 2020 жылға қарай АҚШ-тың солтүстігіне және Канадаға, ал 2021 жылы бүкіл әлемге Интернетке коммерциялық қол жетімділік ұсынуды жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асыруға арналған инвестицияның жалпы суммасы 10 млрд.$-ға бағаланды. SpaceX сондай-ақ зерттеуге және ғылыми мақсаттарға арналған осы жүйені қолданатын жер серіктерін сатуды жоспарлауда.

Технологиясы

Жер серіктері

Starlink жер серіктері Холл эффектісінде жұмыс жасайтын, криптон қолданатын электростатикалық қозғалтқыштармен жабдықталған. Өзіндік қозғалтқыштары спутникке олардың орбитада көтерілуіне, ғарыш әуесінде маневрлар жасауға және пайдалы қызмет ету уақыты аяқталысымен орбитадан ауытқуына мүмкіндік береді. Жерсеріктің массасы 260 кг-ға жуық, пішімі жалпақ панель түрінде. Starlink жерсеріктері маневрлерді автономды орындау үшін және ғарыштағы қоқыстармен, басқа да ғарыш аппараттарымен соқтығысып қалмас үшін АҚШ Қорғаныс Министрлігінің ғарыштағы қоқыстарды қадағалау жүйесінің деректерін пайдаланады. Әрбір аппаратта 1 күн батареясы, 4 фазаланған антенналық тор, жұлдыздарды бағдарлау датчиктері орнатылған.

Қолданушы

Қолданушы терминалдары

Жүйенің Иридиум, Глобалстар, Thuraya және Inmarsat спутниктік байланыс жүйелерінен айырмашылығы, мұнда өзінің жерсеріктерінің телефондарына тікелей қосылмайды. Оның орынына ол пицца қорабының мөлшері шамалас қолданушы терминалдарына жалғанады . Осы қолданушы терминалдарының фазаланған антенналық торлары бар әрі олар жер серігін бақылап отырады. Терминалдарды жер серіктері тікелей көрінетін Жер шарының барлық орнына орнатуға болады. 2020 жылдың 26 қазанында басталған жүйені жариялы сынақтан өткізу аясында клиенттерге 499 долларға жабдықтар жиынтығын сатып алуға ұсыныс жасалуда, байланыс қызметіне бір айға жазылым бағасы 99 долларды құрайды.

Дереккөздер

Tags:

Starlink ТарихыStarlink ТехнологиясыStarlink ДереккөздерStarlinkSpaceXВашингтон

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Microsoft ExcelКөз ауруларыАсқазан ауруларыЭкономикаМеталдарЖасушаӘбіш КекілбайұлыАдамаралық қарым-қатынасРевматизм1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысМәдениет туралы түсінікПугачев бастаған шаруалар соғысыАутизмОрганикалық затӘйтеке биТранспирацияҚызыл кітапМагнит өрісіДамыған елдерСалықМоғолстанСпорттық құрылыстарАсан қайғы СәбитұлыОтбасыТың игеруІлияс ЕсенберлинКребс цикліЖеті жарғы1868—1870 жылдардағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресіҚанАуыл шаруашылығыКөнерген сөздерКәсіпкерлік17 қыркүйекСәкен СейфуллинЖүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуЭпитетЭлектромагниттік толқындарТуыстық атауларыБронх демікпесіМұстафа Кемал АтатүрікСүтқоректілерҚаңқаСанаHTMLАбай жолы (роман)1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҚандалаҚазақ газетіОрталық жүйке жүйесіХалықаралық ұйымдарОразаХристофор КолумбНАТОБұлшық етДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевЖусан иісі (повесть)ТозаңдануМетафораАлтын Орда тарихыЭфир майларыКарбон қышқылдарыЛәззат Мұратқызы ТанысбайДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруРесейҚазақ билеріБеларусьБеғазы-Дәндібай мәдениетіШешендік сөздерҚазақстанның экологиялық проблемаларыАлаш қозғалысыҒылымЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыКанадаКаспий теңізіЕркіндік🡆 More