Қырғыз Руы

Қырғыз руы - қазақ халқының құрамындағы ру.

Орта жүздің жерінде мекендейді, бірақ жүзге кірмейді. Шығу тегі қырғыз халқынан 18 ғ. Көкшетау, Қарқаралы өңірінен мекен етеді.

Бай қырғыз, Жаңа қырғыз, Құсшы қырғыз, Сары қырғыз, Жүнді қырғыз және тб.

Ш. Уәлиханов Абылай ханның тұтқын қырғыздарды Атығайдың арасына қоныстандырған соң олар Атығайға Байқырғыз, Жаңақырғыз, Сару, Құсшы қырғыз атасы болып сіңісіп кеткенін жазады.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының Темірші тауының бөктерінде және Ақтоғай ауданының Қызыларай, Ақсораң аймағында қалың Қаракесектің ішінде, өздерін қырғыз атайтын жұрт мекен етеді. Әлкей Марғұлан, «Ежелгі жыр-аңыздар» атты кітабында бұл қырғыздың Абылай заманындағы қырғыздар емес, қазаққа сіңген ескі қырғыздар екенін дәлелдеп жазады. «Манас батыр» жырын талдап жазған Әлкей Марғұлан, Манас Арқаға келгенде, Бегазы тауының бөктерін жайлағанын дәлелдейді. Әрі аңыз бойынша Бегазы тауының басында Манас батырдың Аққұла тұлпарының тас ақыры болған екен. Оған қоса ғалым, Ақтоғай өңірінде мекен ететін Манас, Танас руларының осы Манас батырға қатысы бар деген деректі де келтіре кетеді. Ақтоғай ауданының Жидебай селолық округіндегі ескі тарихи орындардың бірі – Көрпетай тауының бөктеріндегі, «Отыз жеті батыр» қорымы. Кейінгі ғылыми әдебиеттерде «Отыз жеті батыр» деп жазылғанымен, дұрысы – «Отыз жеті шора». Әлкей Марғұлан жазатын қазақтың ескі аңызында Манастың Арқаға қырық шорамен келгені баяндалады. Манастың соңына ерген қырықтың үшеуі тірі қалған дейді аңыз тағы да. Көрпетай етегіндегі 37 батырдың қорымы Манастың серіктері емес пе екен? Ал өздерін Қырғыз руынанбыз деп жүрген жұрт, сол тірі қалған үш шораның ұрпағы емес пе?

Қырғыз руының келесі бір қалың шоғыры Ақмола, Көкшетау аймағында қоныстанған. Бұл қырғыздар мен Қарқаралы, Ақтоғай Қырғыздарының арасында туыстақ байланыс жоқ. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бауырлас екі елдің арасында қақтығыстар орын алады. Аблай бастаған Қазақ қолы,Қырғыздарды кері шегіндіріп тастап, қолға түскен тұтқындарды құл есебінде қазақ даласына алып келіп, Ақмола өңіріне қоныстандырған екен. Өздерін қырғыз санайтын рулар солардан тараса керек.

Кенесары ханды өлтірген Қырғыз манаптары Қазақтардың кек қуалауынан қорқып,қазақ сұлтандарына құн төлейді. Сол құн арасында жүз ақсүйек жігітті құлдыққа қосып берген екен. Бұлар да Көкшетау, Ақмола өңіріне қоныстандырылып, Қазаққа сіңіп кеткен.

Тұлғалар

  1. Серік Ақсұңқарұлы
  2. Арман Қаниев
  3. Шара Баймолдақызы Жиенқұлова (Құсшы)
  4. Серғазы Ахметұлы Жиенқұлов (Құсшы)
  1. Шөже Қаржаубайұлы
  1. Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайбергенов

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Мұса пайғамбарЖұбаныш Жексенұлы ТоқсанбаевҚорғансыздың күні (әңгіме)Ғылыми стильАлаш партиясының бағдарламасыМолекулаЯсин сүресіҮйсін мемлекетіЖүсіпбек АймауытовМұхитГемоглобинҚұранҚазақстан қорықтарының тізіміБайғазыЖалайырТарихӘлем елдерінің тізіміСаяси партияМеталдарТолқын ЗабироваАй (серік)Көкөністер, жеміс-жидектер және бөлме өсімдіктеріАзаматтық қоғамМемлекеттік басқару формасыҚасым ҚайсеновМенеджментЖиенАқпаратҚышымаМенің атым Қожа (фильм)АИВ/ЖИТСЕсімшеYouTubeЕуропаСарматтарТоқырау жылдарындағы ҚазақстанАлаш ОрдаКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысФерменттерЖаңа экономикалық саясатОрталық ҚазақстанСалауатЕуразиялық Экономикалық ОдақҚазақстан аудандарыОрынборБиосфераСалауатты өмір салтыАлгоритмНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевТұқым қуалаушылықЛипидтерҚожа Ахмет ЯсауиТерминШығыс Қазақстан облысыМұстафа Кемал АтатүрікШылауЭстетика1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровӘбу Насыр Әл-ФарабиТөлеңгіттерРобототехникаКеңес Одағының БатырыЕр ТөстікОрыстарОралхан БөкейАқпараттық қауіпсіздікБастың ауыруы1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілістеріПедагогикаИслам күнтізбесіҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріСуГеографиялық картаДепортацияҚарагөз (трагедия)Жалғаулық шылауларҚан жасушаларыЕжелгі Мысыр🡆 More