Қор Нарығы

Қор нарығы - қаржы нарығының бір бөлігі, бағалы қағаздар нарығы, яғни бағалы қағаздар сатылатын және сатып алынатын, ал олардың бағасы сұраныспен және ұсыныспен айқындалатын нарық (ұйымдасқан және биржадан тыс нарық).

Ағылшын әдебиетінде "қор нарығы" деген ұғым "қор биржасы" деген ұғыммен бірдей, қор биржасының негізгі атқарымы бағалы қағаздарды инвесторларға сату жолымен жария компанияларға, мемлекетке және жергілікті билік органдарына капитал тарту мүмкіндіктерін беру. Қазақстан заңнамасында "қор нарығы мен "бағалы қағаздар нарығы" деген ұғымдар мәндес.Қор нарығындағы акциялар, облигациялар, олардан туындаған бағалы қағаздар, опциондар, фьючерстік келісімшарттар, т.б. Айырбасқа түседі.Қор нарығының атқарымына бағалы қағаздардың эмитенттері,инвесторлар және бағалы қағаздар нарыгының кәсіпқой қатысушылары қатысады. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарушысы (эмитенті) — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, ол бағалы қағаздар нарығында басымдыққа ие мемлекеттік бағалы қағаздарды, мемлекеттік қарызхат облигацияларын қазынашылық вексельдер, т.б. шығарады. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар корпоративтік бағалы қағаздар шығарады. Дивидендтік, пайыздық немесе алып-сатарлық табыс алу мақсатымен қор нарығында бағалы қағаздарды сатып алушы жеке және заңи тұлғалар инвесторлар ретінде әрекет етеді. Қор нарығының кәсіпқой қатысушылары — бағалы қағаздармен операциялар жасауға лицензиясы бар заңи және жеке тұлғалар — қор биржалары инвестициялық қорлар мен компаниялар, дилерлік және брокерлік ұйымдар, тіркеушілер, депозитарийлер, т.б. Бағалы қағаздардың биржалық нарығы және биржадан тыс нaр ы ғ ы түрлеріне бөлінеді. Биржадағы сауда-саттыққа бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары — биржа мүшелері қатысады; биржада осы биржаның листингіне, яғни осы биржада бағаланатын бағалы қағаздар тізбесіне енгізілген акциялар сатып алынады және сатылады; әрбір биржа бағалы қағаздарды листингіге енгізу тәртібін белгілейді.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер


Tags:

АкцияАғылшынИнвесторКапиталОблигацияОпционҚазақстанҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігіҚаржы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қаратпа сөзҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыЭкологиялық проблемаҚұрманғазы СағырбайұлыӨзбекстанТұтынушы құқығыЖалпы ішкі өнімҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыБактерияларЖарықӘпке (драма)Халық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақстандағы ұжымдастыруОралхан БөкейОтынVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріОңтүстік АмерикаАлаш партиясының бағдарламасыМейозҚарағайСелекционерӘміре ҚашаубаевМолотов-Риббентроп пактыЭволюцияСәкен СейфуллинБілім беруКөне түркі жазбаларыЕсім ханҚазақстанның мемлекеттік құрылымыСөйлем мүшелеріҚазақ батырлар тізімі1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҒылыми-техникалық революцияҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Қызмет көрсетуИзомерияЖаһандануҚазақстан халқының бірлігі күніЭлектр тогыТуризмҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріБидай (астық)МитохондрияАлаш партиясыӘбу Насыр Әл-ФарабиЭкономикаАдам даму индексі бойынша елдер тізіміКүкіртҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіМәдениеттануТыныс белгілеріНұркен ӘбдіровСаяси мәдениетЕуропа одағыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміМорфология (лингвистика)Қасым ҚайсеновАлланың есімдеріСу көлігіЭкологияОрбұлақ шайқасыСпортЭндемикҚазақстан әкімшілік бірліктеріҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміҚазақстан өзендеріҚолдан сұрыптауКәсіпкерлікТөлеген ТоқтаровСауд АрабиясыПлагиатҒұндар мемлекетіАрқарДәруменҰлпан (роман)Жылқы малының атауларыҚарақұмық🡆 More