Қалкен Шәкенұлы Әділшінов

Қалкен Шәкенұлы Әділшінов (15.10.1913 Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 23.5.1980 Алматы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1945).

Актерлік өнерге ол жас кезінен әуес болып, ән салуға, тақпақ айтуға шебер болатын. Ол көркемөнерпаздар үйірмесінің жұмысына белсене қатысып, ауыл сахнасында қойылған шағын қойылымдарда өнер көрсете бастады. 1932 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының актері қызметін атқарған. 1935 жылы режиссер М.Г. Насоновтың жетекшілігімен осы театрдың студиясын бітірген. Оқып жүрген кезінде-ақ театр спектакльдеріне қатыса бастады. Ұлы Отан соғысына қатысқан, үш жыл бойы Қызыл әскерде зеңбірек батареясының командирі болған. 1956 жылдан бастап киноға түскен. 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Әділшінов өзі ойнайтын рөлінің әлеуметтік, тұрмыстық, психологиялық жағына ден қоюмен қатар, оның мінез-кейпін әсерлеп көрсететін өткір мінезді актер болатын.

Қалкен Шәкенұлы Әділшінов
Жалпы мағлұмат
Туған күні

15 қазан 1913 (1913-10-15)

Туған жері

Павлодар облысы
Баянауыл ауданы

Қайтыс болған күні

23 мамыр 1980 (1980-05-23) (66 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Азаматтығы

Қалкен Шәкенұлы Әділшінов КСРО
Қалкен Шәкенұлы Әділшінов Қазақ КСР

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

1932 - 1980

Марапаттары
Қызыл жұлдыз ордені Құрмет Белгісі ордені

Рөлдері

Театрдағы рөлдері

Таңдаулы рөлдерінің қатарында

  • Әбділда Тәжібаевтың «Майрасындағы» Акаев
  • Әбділда Тәжібаевтың «Халқым туралы аңызындағы» Дүбір
  • Мұхтар Әуезовтың «Түнгі сарынындағы» Қыдырбай
  • Ғабит Мүсіреповтің "Ақын трагедиясындағы" Науан хазірет
  • Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуындағы" Жатық
  • Мұхтар Әуезовтің "Еңлік Кебегіндегі" Көбей
  • А.Н. Островскийдің "Таланттылар мен табынушыларындағы" Бақин
  • Әбділда Тәжібаевтың «Той болардасындағы» Айдар
  • Әлжаппар Әбішевтің "Достық пен махаббатындағы" Мирон
  • Әлжаппар Әбішевтің «Армандастарындағы» Илья Миронович
  • Әлжаппар Әбішевтің «Белгісіз батырындағы» Дүрмек
  • Мұхтар Әуезов пен Леонид Соболевтің "Абайындағы" Михайлов, Жиренше
  • Жан Батист Мольердің "Сқапеннің айласындағы" Сқапен
  • Қалижан Бекхожиннің «Ұлан асуындағы» Рожков
  • Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпанындағы» Жарас
  • Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебегіндегі» Көбей
  • Мұхтар Әуезовтың «Қарақыпшақ Қобыландысындағы» Көбікті
  • Назым Хикметтің «Елеусіз қалған есіл еріндегі» Қызметші
  • Сәбит Мұқановтың "Шоқан Уәлихановындағы" Семенов-Тянь-Шаньский
  • Сәбит Мұқановтың «Сәкен Сейфуллиніндегі» Колчак
  • Сәкен Жүнісовтің «Ажар мен Ажалындағы» Қатай
  • Ш.Хұсайыновтың «Сырымбет саласындағы» Глаголев

Кинодағы рөлдері

Марапаттары

Қызыл Жұлдыз және "Құрмет белгісі" орденімен, медальдарымен марапатталған.

Дереккөздер

Tags:

Қалкен Шәкенұлы Әділшінов РөлдеріҚалкен Шәкенұлы Әділшінов МарапаттарыҚалкен Шәкенұлы Әділшінов ДереккөздерҚалкен Шәкенұлы ӘділшіновҚазақ академиялық драма театрыҚазақстанның еңбек сіңірген артисі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МаркетингМитохондрияМотивацияБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қозы Көрпеш - Баян СұлуҒаламдық экологиялық проблемаларНьютонның бірінші заңыМемлекет астаналары тізіміСоқырішекБатыр Баян (поэма)Компьютердің құрылғыларыМемлекеттік басқару формасыҚазақстандағы сайлау жүйесіІлеКремнийТұқым қуалайтын өзгергіштікСөз тіркесіЕтіс1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісАлаш ОрдаФагоцитозНефронИслам күнтізбесіАбиотикалық факторларҚұқықҚан мен терСи ЦзиньпинӨкпеБиотехнологияДевианттық мінез-құлықТоғыз-құмалақГипергликемиялық комаСаясаттануЖүйке жүйесіҚазақтың ұлттық ою-өрнегіШығыс Түрік қағанатыОрта жүзПиелонефритСалауатты өмір салтыАсқазан ауруларыБауыр (орган)Ерте токсикозҚызыл кітапМузыкаКөлденең жолақты ет ұлпасыҚазақ-Жоңғар соғысыҚазақстан астанасыАбайдың қара сөздеріИнсульттерҚантамырларҮндістанАқан серіҚазақ халық музыкасыЖау тылындағы балаАллергияҚазақстан 2030Екінті намазыӘскери коммунизм саясатыЖұлынТегеранОрталық ҚазақстанТопырақ құнарлылығыСөзжасамТынық мұхитҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыМайларҚазақстан және БҰҰКүйзелісАТФБилікМобильді қосымшаларБақылауБалдырАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыИнсультЖалпы ішкі өнімБауыржан МомышұлыТромбоцитҚанайналым жүйесі🡆 More