«Қазақтың 100 әні» — бұл Қазақстан телеарнасында көрсетілген теледуман. Қазақстанның ән мұрасын бір жүйеге келтіру мақсатында пайда болған жоба. Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Тележоба 2011 жылдың 26 ақпанында тұсауы кесіліп, ақтық мәресі 9 шілде күні үздік әндерді шырқаумен аяқталды.
"Қазақтың 100 әні" теледуманы | |
---|---|
"Қазақтың 100 әні" теледуманының логотипі | |
Басталу уақыты | 26 ақпан 2011 жыл |
Аяқталу уақыты | 9 шілде 2011 жыл |
Ұйымдастырушы | "Қазақстан" РТРК АҚ |
Мекен-жайы | Алматы, Қазақстан |
Жанр | Барлық |
Ұраны | Қазақ әні жасасын! |
Веб торабы | 100an.kaztrk.kz, 100.pm.kz |
Алғашқы кезеңде қазақстандықтар өздерінің сүйікті қазақша әндерін жіберді. Содан кейін, осы әндердің ішінен жиі орындалып жүрген жүздеген композиция іріктеліп алынды. Бұл тізімге әр уақыт кезеңін қамтитын ән үлгілері енді: Абай Құнанбайұлының және басқа да классиктердің халық әндеріне айналып үлгерген шығармаларынан бастап кеңестік кезең мен заманауи шлягерлерге дейін.
Осыдан кейін жобаның телевизиялық бөлімі басталып, бұл кезең бірнеше айға созылады.
Тележоба «Қазақстан» телеарнасынан аптасына бір рет көрсетіліп тұрды. Жобаның сұрақ-жауап сайысы арқылы әндердің шығу тарихы жөнінде мағлұмат алу мүмкіндігі болды, және де бұл сайыста барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген қонақ жобаның жеңімпазы атанып отырды. Сонымен қатар, әр бағдарламадан соң, көрермендердің СМС дауыстары арқылы бес ең танымал ән анықталып, олар қорытынды жүздікке еніп отырды.
9 шілде күні бес айға созылған ауқымды жоба өз мәресіне жетті және жобаның қорытындысы бойынша 100 танымал ән енген CD және DVD жинақтары жарық көрді.
Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Zakon.kz ақпараттық порталындағы бейне-онлайн конференцияда «Қазақтың 100 әні» тележобасын жоғары бағаланған болатын:
“ | «Қазақстан» телеарнасында «Қазақтың 100 әні» атты өте қызықты бағдарлама циклі өтті. Қоғамда бұл жоба үлкен қызығушылық тудырды. Меніңше, бұл өте маңызды жоба. Мен бағдарламадағы барлық 100 әнді тыңдап шықтым,
| ” |
«Қазақтың 100 әні» жобасының студиясы 110 дауыс беру терминалдарымен жабдықталып, бұл терминалдар арнайы бағдарламаның негізінде жүзеге асатын компьютерлерге қосылған болатын. Соның арқасында жобаға қатысушы әрбір ойыншының жауабы дәл сол сәтте тіркеліп, қорытыланып отырды.
Бұл жобаға үздік отандық мамандармен қатар, «Еуровидение» ән байқауы сынды басқа да ірі тележобаларды жасап жүрген шетелдік мамандар шақырылды. «Қазақтың 100 әні» жобасы «Қазақстан» Ұлттық арнасында 26 ақпаннан басталған болатын.
«Қазақтың жүз әні» телевизиялық жобасы қазақ халқының бай ән мұрасын насихаттауға бағытталған. Бағдарлама барысында халықтың көмегімен ең танымал 100 туынды іріктеліп алыну қажет болатын.
Жеңімпаз болып табылған 100 үздік ән қазақ тыңдарманына арнайы жинақ болып шықты. Үздік жүз әннің тізіміне теледуманның 19 жеңімпазы өз таңдауларымен қосқан 19 ән және көрермен дауыс берген 81 ән енді. Олардың тізімі төмендегідей:
Эпизод | Көрсетілім күні | Эпизод жеңімпаздары | Шырқалған әндер мен орындаушылар тізімі |
---|---|---|---|
1 | 26 ақпан 2011 (алғашқы көрсетілімі) | «Жігер» ансамблінің жетекшісі - Камчат Киезбаев | 1 «Шақырады көктем», Роза Рымбаеваның орындауында 2 «Сонда сен мені есіңе ал», Ескендір Хасанғалиевтің орындауында 3 «Көзімнің қарасы», Бауыржан Исаевтың орындауында 4 «Су тасушы қыз әні», Дос Мұқасан тобының орындауында 5 «Ақ маңдайлым», Жеңіс Ысқақованың орындауында 6 «Бүлдірген», Қарақат Әбілдинаның орындауында 7 «Жайдарман», Дос Мұқасанның орындауында 8 «Дудар ай», Жұбаныш Жексенұлының орындауында 9 «Бір бала», Мәдина Сәдуақасованың орындауында 10«Сүгірдің қоштасуы», Қыдырәлі Болмановтың орындауында 11 «Қазақ елі», Роза Рымбаеваның орындауында |
2 | 5 наурыз 2011 | музыкант - Роман Майғазиев | 1 «Алатау», орындаушы Нұрғали Нүсіпжанов 2 «Нақ-нақ», орындаушы «Қоңыр» тобы 3 «Әке туралы жыр», орындаушы Гүлнұр Оразымбетова 4 «Мен, мен едім», орындаушы Ерболат Құдайбергенов 5 «Сыр сұлуы», орындаушы Жеңіс Ысқақова 6 «Әдемі-ау», орындаушы Ескендір Хасанғалиев 7 «Қысмет», орындаушы Гауһар Қаспақова 8 «Сағындым Алматымды», «МузАРТ» тобы 9 «Ауылға», орындаушы Бақтияр Тайлақбаев 10 «Еділ мен Жайық», орындаған Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы 11 «Өз елім», орындаушы Нұрғали Нүсіпжанов |
3 | 12 наурыз 2011 | хореограф - Гүлнар Разуанова | 1 «Ауылым-әнім», орындаушы Ескендір Хасанғалиев 2 «Көз салма», орындаушы топ «Әжелер» 3 «Маралдым», орындаушы Алтай Әліпқайыр 4 «Саржайлау», орындаушы Бейбіт Қорған 5 «Жүрегім менің», орындаушы ВИА «МузАрт» 6 «Әгугай домбыра», орындаушы Алтынбек Қоразбаев, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер 7 «Ғашықтар жыры», орындаушы ВИА «Дос-Мұқасан» 8 «Алтыным», орындаушы Бейбіт Сейдуәлиева 9 «Тамшылар», орындаушы топ «АБК» 10 «Сарыарқа», орындаушы Бағдат Сәмединова 11 «Атамекен», орындаушы Ескендір Хасанғалиев |
4 | 19 наурыз | мектеп оқушысы - Ақерке Түркебаева | 1 «Әттең тонның келтесі-ай», орындаушы Болат Құсайынов 2 «Қайықта», орындаушы Жеңіс Ысқақова 3 «Қыздар-ай», орындаушы Ақжол Мейірбеков 4 «Сағындым сені», орындаушы Шахизада 5 «Армандастар», орындаушы Мақпал Жүнісова 6 «Әсел», орындаушы Мақсат Базарбаев 7 «Іңкәрім-ай», «Тарлан» тобының орындауында 8 «Тағдыр», «Орда» тобының орындауында 9 «Ойжайлау», орындаушы Нұрлан Албан 10 «Бақыт деген», орындаушы Айжан Нұрмағамбетова 11 «Мұңайма», орындаушы Бақтияр Тайлақбаев |
5 | 26 наурыз 2011 | мектеп оқушысы - Салтанат Ерғазиева | 1 «16 қыз», «Дос-Мұқасан» 2 «Қайдасың», Шахизада 3 «Той базар» Нұрлан Албан 4 «Арыс жағасында», Нұржамал Үсенбаева 5 «Аңшының әні», Рамазан Стамғазиев 6 «Айттым сәлем қаламқас», Николай Орлов 7 «Сен сұлу», «НұрМұқасан» 8 «Асыл арман», Индира Расылхан 9 «Назқоңыр», Медеу Арынбаев 10 «Балқадиша», Жігіттер 11 «Куә бол», Ақбота Керімбекова |
6 | 2 сәуір 2011 | әртіс - Әнуар Шымырқұлов | 1. «Алматым сұлу - Астанам», Бақыт Шадаева, музыка авторы: Алпысбай Оңдасынов. 2. «Ағажан, Ләтипа», Халық әні. Ерболат Құдайбергенов пен «Талпын» тобы 3. «Егіз-лебіз», «Арнау» дуэті, авторы Жұмағұл Қыдырәлиев. 4. «Анашым шалқып күлсе», орындаушы Марат Омаров, музыка авторы: Марат Омаров. 5. «Қарағым-ай», орындаушы Ақылбек Жеменей, музыка авторы: Кеңес Дүйсекеев. 6. «Қимай сені барамын», орындаушы: Меруерт Түсіпбаева, музыка авторы: Төлеген Мұхамеджанов. 7. «Алтынай», орындаушы: Ұлықпан Жолдасов, музыка авторы: Құралай Сатмұхаметова. 8. «Аяла сен мені», орындаушы: Жеңіс Ысқақова, музыка авторы: Жеңіс Сейдоллаұлы. 9. «Алтайдың ар жағынан келген ару», орындаушы: Сәкен Қалымов, музыка авторы: Тынышбай Рахым. 10. «Дедімай-ау», орындаушы: Тамара Асар. Халық әні. 11. «Асылым», орындаушы: Жеңіс Ысқақова, музыка авторлары: Алтай Әліпқайы, Ілия Жақанов. |
7 | 9 сәуір 2011 | студент - Ұлпан Өмірзақова | 1. «Деме сен», орындаушы Мақпал Жүнісова 2. «Қарайкөзім», орындаушы Әлия Әбікенова 3. «Құралай қыз», орындаушы Жеңіс Сейдолла 4. «Алғашқы көктем», орындаушы Гауһар Қаспақова 5. «Өкінбе сен», орындаушы Жұбаныш Жексенұлы 6. «Жас қалам», «Жігіттер» тобының орындауында 7. «Неткен өмір», «НұрМұқасан» тобының орындауында 8. «Жан сырым», орындаушы Құрмаш Маханов 9. «Мен деп ойла», орындаушы Айжан Нұрмағамбетова 10. «Жарығым-ай», «Каспий» тобының орындауында 11. «Туған жер», «НұрМұқасан» тобының орындауында |
8 | 16 сәуір 2011 | Тұрсынхан Үмбеталиева | 1. «Әлия», Роза Рымбаеваның орындауында 2. «Бурылтай», Майра Ілиясованың орындауында 3. «Айқаракөз», «Жігіттер» тобының орындауында 4. «Желсіз түнде жарық ай», Толқын Забированың орындауында 5. «Неге солай», Лұқпан Жолдасовтың орындауында 6. «Айгөлек», Ақжол Мейірбековтің орындауында 7. «Іздедім сені», Тоқтар мен Бейбіттің орындауында 8. «Айхай, 25!», Алтынбек Қоразбаевтың орындауында 9. «Қара бауыр қасқалдақ», Болат Құсайыновтың орындауында 10. «Шолпан», Байқадамов атындағы Мемлекеттік хордың орындауында 11. «Атамекен», Роза Рымбаеваның орындауында |
9 | 23 сәуір 2011 | Бибінұр Құдайбергенова | 1. «Іңкәр жүрек», Ақжол Мейірбековтің орындауында 2. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», Тамара Асардың орындауында 3. «Ағаларым», Бақтияр Тайлақбаевтың орындауында 4. «Асыл әже», Қарақат Әбілдинаның орындауында 5. «Япурай», Нұржан Халжанның орындауында 6. «Жан досым», Жеңіс Сейдолланың орындауында 7. «Жас қайың», Индира Расылханның орындауында 8. «Отырардағы той», Бағдат Самединованың орындауында 9 «Қарлығаш», «Дауыс Инт» тобының орындауында 10. «Ғашықтар әні», Мақпал Жүнісова мен Сембек Жұмағалиевтің орындауында 11. «Қайдасыңдар, достарым», Майра Ілиясованың орындауында |
10 | 30 сәуір 2011 | Ерғали Артықов | 1. «Бақыт құшағында», Қайрат Түнтековтің орындауында 2. «Қаздар қайтқанда», Айгүл Қосанова мен Ақылбек Жеменейдің орындауында 3. «Маған арман», Бейбіт Қорғанның орындауында 4. «Туған күн», «Қоңыр» тобының орындауында 5. «Махаббат жалыны», Мадина Садуақасованың орындауында 6. «Үшқоңыр», «МузАРТ» тобының орындауында 7. «Аяулым», Бауыржан Исаевтың орындауында 8. «Ардағым», Медеу Арынбаевтың орындауында 9. «Гүлсезім», Маржан Арапбаева мен Еркін Мәуленнің орындауында 10. «Белгісіз жан», «Орда» тобының орындауында 11. «Қыз сыны», Қайрат Түнтековтің орындауында |
11 | 7 мамыр 2011 | мұғалім - Гүлнар Тайбекова | 1. «Той жыры», «Дос-Мұқасан» тобы 2. «Жұбайлар жыры», Жазира мен Жанболат 3. «Жұлдызым», «Аламан» тобы 4. «Асыл ана», Бақыт Шадаева 5. «Тамаша», Аллаберген Жақсыбаев 6. «Туған ел», «Ақнай» тобы 7. «Сен ғана», Жеңіс Ысқақова 8. «Құралай», Досымжан Таңатаров 9. «Айналайын», Қарақат мен Қыдырәлі 10. «Ақерке-Ақжайық», «Каспий» тобы 11. «Құстар әні», Медеу Арынбаев |
12 | 14 мамыр 2011 | Рашид Кульбатыров | 1. «Сәлем саған, туған ел», Маржан Арапбаева, Еркін Мәулен 2. «Алматым менің», Ақжол Мейірбеков 3. «Ахау, керім», Баян Нұрмышева 4. «Сәлем, Қазақстан», Нұрлан Албан 5. «Мама», Жанна Орынбасарова 6. «Көп қарадым суретіңе», Рамазан Стамғазиев 7. «Сырласу вальсі», Майра Нүркенова 8. «Тұмарым», Лұқпан Жолдасов 9. «Кетсең де шалғай», Мақпал Жүнісова 10. «Аулың сенің іргелі», Сембек Жұмағалиев 11. «Ана туралы жыр», «Жігіттер» тобы |
13 | 21 мамыр | Жайнагүл Махметова | 1. «Наурыз-думан», Роза Рымбаеваның орындауында 2. «Сезім», Сүлеймен Ибрагимовтің орындауында 3. «Алматы жүрегімде», Айгүл Қосанованың орындауында 4. «Аулым көшіп барады», Құдайберген Бекіштің орындауында 5. «Әлі есімде», Гүлнұр Оразымбетованың орындауында 6. «Алғашқы махаббат», Марат Омаровтың орындауында 7. «Қалқам-ай», Бағдат Сәметдинованың орындауында 8. «Ақтамақ», Болат Құсайыновтың орындауында 9. «Қоштасудың қиыны-ай», Толқын Забированың орындауында 10. «Гәкку», Медеу Арынбаевтың орындауында 11. «Кешір мені», Ақжол Мейірбековтің орындауында |
14 | 28 мамыр | Асхат Азжанов пен Гүлмира Мамырбаева | 1. "Ақсиса", "Дос-Мұқасан" ансамблінің орындауында 2. "Аққулар", Жеңіс Ысқақова мен Гүлнәр Дәуірбекованың орындауында 3. "Жариямайдай", "Қоңыр" тобының орындауында 4. "Гүлдәурен", Мәдина Сәдуақасованың орындауында 5. "Тоғжанның гөй-гөйі", Өмірқұл Әйниязовтың орындауында 6. "Ақбаян", Тамара Асардың орындауында 7. "Жарапазан", "Ақынай" тобының орындауында 8. "Жолың болсын, жолаушы", Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтердің орындауында 9. "Майраның әні", Майра Дәулетбақованың орындауында 10. "Сағыныш сазы", Майра Нүркенова мен Махмуд Тойкеновтың орындауында 11. "Анаға сәлем", Сембек Жұмағалиевтің орындауында |
15 | 4 маусым 2011 | Сымбат Әбдірахман | 1. "Мен - қазақпын", Ерболат Құдайбергенов 2. "Қорқыт-қобыз", Гүлнұр Оразымбетова 3. "Туған жер", "Жігіттер" квартеті 4. "Жаңбырлы түн", Роза Рымбаева 5. "Ойлап сені таптым мен", Жеңіс Сейдоллаұлы 6. "Құс жолы", Гаухар Қаспақова 7. "Бұлбұл құсым", Нұржан Қалжан 8. "Аппақ гүлдер", Ақбота Керімбекова 9. "Арманым-ай, анашым", Болат Құсайынов 10. "Кеш мені", "Орда" тобы 11. "Ақ бантик", Бауыржан Исаев |
16 | 11 маусым | Еркін Шымырқұлов | 1."Жанарым", Ескендір Хасанғалиев 2. "Ақмаржан", "Айнұр мен Бақыт" дуэті 3. "Жеңеше-ай", "Аламан" тобы 4. "Аяулым", Қарақат пен Қыдырәлі 5. "Шилі өзен", Айжан Нұрмағанбетова 6. "Есіңе мені алғайсың", Елена Әбдіқалықова, Жұбаныш Жексенұлы 7. "Сағындым ғой", Ұлту Қабаева 8. "Сыған серенадасы", Тоқтар Серіков 9. "Аңса, жаным", Бақыт Шадаева 10. "Ата дәстүр", Бақтияр Тайлақбаев 11. "Аңсағаным", Ескендір мен Біржан Хасанғалиевтер |
17 | 18 маусым 2011 | Мария Жылқыбаева | 1. "Анажан", Батырхан Шүкенов 2. "Әнім сен едің", Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаева 3. "Алматының алмасы", Қарақат Әбілдина 4. "Сағыныш саздары", "Тарлан" дуэті 5. "Үкілім-ай", Гүлбаршын Тергеубекова 6. "Көкшолақ", Саят Медеуов 7. "Бір тамаша ән үшін", Бағдат Сәмединова 8. "Қаракөз", Бақтияр Тайлақбаев 9. "Қызылқұмда ауылым", Жанна Орынбасарова 10. "Ақсаусақ, бұраң бел", Ерболат Құдайбергенов 11. "Махаббат мұңы", "Тарлан" дуэті |
18 | 25 маусым | Сәбит Бураев | 1. "Отан-ана", Батырхан Шүкенов 2. "Ақ сәуле", Інжу және "Жебе" тобы 3. "Әйкен-ай", Өмірқұл Әйниязов 4. "Шилі өзен", "Апашки" тобы 5. "Тау ішінде", Төлеутай Серіков 6. "Ғашықтар мұңы", Баян Нұрмышева 7. "Махаббат мәңгі ертегі", Сәкен Қалымов 8. "Кездер-ай", Қарлығаш Нұртазина 9. "Күрең күз", "Жігіттер" квартеті 10. "Қараторғай", Әлішер Кәрімов 11. "Құсни қорлан", Қайрат Түнтеков |
19 | 2 шілде 2011 | Келбет Дәулет | 1. "Аққұм", Аллаберген Жақсыбаев 2. "Ақ көгершін", Бауыржан Исаев 3. "Мерекем сен", Гүлнар Сиқымбаева 4. "Мөлдір тұнық көздеріңде", Қайрат Түнтеков 5. "Кешікпей келем деп ең", Мәдина Садуақасова 6. "Сарыарқа", Майра Ілиясова 7. "Ақбақай", Медеу Арынбаев 8. "Мен саған ғашық едім", Шахизада 9. "Достарым", Жанар Айтжанова 10. "Қырманға кел, қалқатай", Жеңіс Ысқақова және "АЗИЯ" тобы 11. "Нүрикамал", Жұбаныш Жексенұлы |
20 | 9 шілде 2011 (ақтық мәре) | Жеңімпаз анықталмайды | Үздік әндер шырқалды "ӘЛИЯ", Роза Рымбаева "БАЛҚАДИША", "Жігіттер" квартеті "ДУДАР-АЙ", Жұбаныш Жексенұлы "ҚЫСМЕТ", Гаухар Қаспақова "КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ", Бауыржан Исаев "ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖОЛАУШЫ", Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер "ІҢКӘРІМ-АЙ", "Тарлан" тобы "АҚТАМАҚ", Болат Құсайынов "БІР БАЛА", Мәдина Сәдуақасова "НАЗҚОҢЫР", Медеу Арынбаев "ІЗДЕДІМ СЕНІ", Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиева "АЛТАЙДЫҢ АР ЖАҒЫНАН КЕЛГЕН АРУ", Сәкен Жақсылықұлы "ГҮЛСЕЗІМ", Маржан Арапбаева, Еркін Мәулен "КӨКШОЛАҚ", Саят Медеуов "ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ", "МузАрт" ансамблі "СЫҒАН СЕРЕНАДАСЫ", Тоқтар Серіков "НАҚ-НАҚ", "Қоңыр" тобы "ҚАРАҒЫМ-АЙ", Ақылбек Жеменей "СҮГІРДІҢ ТЕРМЕСІ", Қыдырәлі Болманов "ҮШҚОҢЫР", "МузАрт" ансамблі |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Қазақтың 100 әні, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.