Қазақстан Азаматтық Қарама-Қарсылық

Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық– 1917 – 1920 жылдары аралығында болған саяси-әлеуметтік оқиғалар.

1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кейін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді ( Ақпан революциясы). Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, оларды жазалау тоқтатылды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаматтық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т.б.). Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиялық Алаш партиясын құруға кірісті.

A.
"Әлихан Бөкейханов"
A.
"Азамат соғысы"

Көп кешікпей Уақытша үкіметтің жер-жердегі органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері құрылды. Петроградта және Ресейдің орталық аудандарында қосөкімет орнады, ал Қазақстан көпөкіметтілік жағдайында қалды. Өйткені 1917 жылы наурыз-маусым айларында Қазақстанда билікке уақытша үкіметтің жергілікті органдары, кеңестер, жергілікті Алаш партиясын құрушылар, Жетісу, Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлерінің билеуші органдары, т.б. таласты. Саяси күштер топтала бастады. Атап айтқанда оңшылдарға негізгі мүшелері кадет партиясынан құралған Уақытша үкіметтің жергілікті комитеттері, казачество билеушілері жатты. Аралық (центристік) лагерьді қолдаушылар эсерлер болды. Солшылдарға большевиктер мен солшыл эсерлердің ықпалындағы жергілікті кеңестер жатты. Оларға майданның қара жұмысынан қайтқан қазақ жігіттері мен майдангерлер қосылды. Жер-жерлерде жұмысшылар мен оқушы жастардың қоғамдық-саяси ұйымдары құрылып, саяси мәселелерге араласа бастады. Мысалы, Верныйда Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы, Омбыда Бірлік, Петропавлда Талап, Семейде Жанар, Меркеде Қазақ жастарының революциялық одағы, т.б. құрылды. 1917 жылы 4 – 5 шілдеде Петроградта Уақытша үкімет большевиктер ұйымдастырған ереуілді қарудың күшімен басты. В.И. Ленин мен оның серіктерін тұтқындауға бұйрық берілді. 1917 жылы 11 шілдеде қосөкіметтілік жойылып, ресми билік түгелдей Уақытша үкіметке көшті. Алаш басшылары саяси жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты 21 – 26 шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезін шақырды. Съезде Алаш партиясы дербес саяси ұйым ретінде қайта құрылды. 1917 жылғы тамыз – қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы монархияшыл күштерді әлсіретті. Уақытша үкімет пәрменді әрекет жасай алмай беделінен айырылып қалды. Бүлікті басуда белсенділік көрсеткен большевиктер еңбекшілердің қолдауына сүйенді. Осы кезде өзін Қазақ Социалистік партиясы деп атаған Үш жүз партиясы құрылды. Оның көсемі К.Тоғысов, белсенділері Ш.Әлжанов, Ә.Досов, М.Әйпенов, т.б. болды. Көп ұзамай олар Алаш партиясының басты сынаушыларына айналып, большевиктер жағына шықты.


1917 жылы 24 – 25 қазанда (6 – 7 қараша) Петроградта большевиктер төңкеріс жасап, Уақытша үкіметті құлатты ( Қазан төңкерісі). Іле-шала Ресейдің орталық облыстарында да Кеңес өкіметі орнады. Қазақстанда бұл процесс 4 айға (1917 жылдың аяғы – 1918 жылы наурыз) созылды. Жаңа өкімет қалаларда, темір жол бекеттерінде және ірі-ірі елді мекендерде ғана жеңіске жетті. Ал қазақ ауылдарында кеңестер билігі тек 20-жылдардың бас кезінде ғана орнады ( Қазақ ауылын кеңестендіру). Осы кезде 1917 жылы 5 – 13 желтоқсанда Орынборда екінші жалпықазақ съезі өтті. Съезде Ресей федерациясы құрамына кіретін Алаш автономиясы (қазақ мемлекеттігі) жарияланып, басқарушы ұлт кеңесі – Алаш Орда сайланды, халықтық милиция жасақтау қажеттігі айтылды. Алаш Орданың төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Саяси биліктен айырылғаннан кейін революцияға қарсы топтар қарулы қарсылық көрсете бастады. Кеңес өкіметін құлату үшін 1918 жылы жазда ақ гвардияшылар шет елдердің (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, т.б.) көмегімен кең көлемде Азамат соғысын бастады. Олар Ақмола, Петропавл, Қостанай, Семей, т.б. қалаларды басып алып, кеңес өкіметін құлатты. Көп ұзамай Жетісу және Сырдария облыстарының көпшілік бөлігі, Бөкей Ордасының бір бөлігі және Торғай облысының кейбір аудандарынан басқа жерлердің бәрінде кеңес өкіметі құлады. Алаш Орда үкіметі 1918 жылдың жазынан бастап Кеңес өкіметіне ашық қарсы шығып, Орынбордағы атаман Дутовпен, Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен одақтасты. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда кеңес өкіметін қолдаушылар партизан қозғалысына көшті. Партизан қозғалысының негізгі орталықтары Торғай облысының Қостанай уезі, Ақмола және Жетісу, Семей облыстарының жекелеген өңірлері (Черкасск қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдың “тау қырандары”, т.б.) болды. Қазақстандағы 1918 – 20 жылдары қарулы қарама-қарсылық Ресейде орын алған Азамат соғысының құрамдас бөлігі болды. 1919 жылдың жазында Қызыл Армияның шығыс майданда Колчак армиясын талқандауы Батыс, Солтүстік-Шығыс, Солтүстік Қазақстан мен Жетісудың ақ гвардияшылардан азат етілуіне ықпал етті. 1919 жылдың аяғында Қазақстанның негізгі аумағы ақ гвардияшылардан азат етілді. 1920 жылы наурызда ең соңғы майдан – Солтүстік Жетісу азат етілді. Ақ гвардияшылардан босатылған аудандарда Кеңес өкіметі қалпына келтірілді. 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР ХКК декретімен Қазақ Революциялық Комитеті (Казревком) құрылды. Ол Қазақстандағы Әскери-азаматтық басқаруды өз қолына шоғырландырды. 1920 жылы 4 – 12 қазанда Орынборда Қазақстан кеңестерінің Құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-нің Декларациясын қабылдады. Декларация РКФСР құрамына кіретін Қазақ АКСР-нің құрылғанын жариялады ( Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы).

Дереккөздер


Tags:

19161917Ақпан революциясыМонархияҮкімет

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЭволюцияЖануарларҚазақстан 2030Кир патшаның сақтарға жорығыҚара металлургияТұсаукесерЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміИммануил КантПублицистикалық стильЖасанды интеллектҚазақстандағы су қоймаларының тізіміКүйБиотехнологияЭлектрондық сандық қолтаңбаСырым ДатұлыТұқым қуалайтын өзгергіштікЛатын АмерикасыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыДүние жүзінің саяси картасыЖелтоқсан көтерілісіАй (серік)ҒарышкерАдам ағзасындағы химиялық элементтерЖарықтың шағылуыҚазақстандағы көмірМұнай өнеркәсібіАлтын ОрдаРайымбек батырАхмет БайтұрсынұлыҚазақстанҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіКүнбағысАвтотрофтарСауд АрабиясыЖыныс мүшелерінің құрылысыҮтірКөмірсуларДидактикаҰлықбекӘлемнің жеті кереметіДүниежүзінің табиғат ресурстарыИосиф Виссарионович СталинҚазақ философиясыКөзімнің қарасы...ЕсімдікМақта (дақыл)Саяси мәдениетБұлшық ет1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісҚазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарҚызыл кітапҚазақстандағы минералды ресурстарҚазақ батырлар тізіміМәскеу шайқасыТерроризмНарықтық экономикаШымкентҚобызТеміреткіЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларМұстафа Кемал АтатүрікМәдени мұраТөтенше жағдай1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҚорғалжын қорығыМұхтар ШахановКөмір өнеркәсібіАдам қаңқасыАлғашқы қайта өрлеу дәуіріҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыАсан қайғы СәбитұлыЖәркен БөдешұлыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныМахаббат, қызық мол жылдарСызықшаТемперамент🡆 More