Ядролық Клуб

Ядролық клуб – ядролық, жаппай қырып-жою қуаты бар қаруларды иеленген елдердің атауы.

Ядролық клубтың алғашқы мүшесі ретінде АҚШ-ты атауға болады. Бұл ел 1945 ж. 6 және 9 тамызда Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына қуаты 20 килотонна (кт) болатын 2 ядролық бомбаны тастаған болатын. 1949 ж. осындай алып жойғыш күші бар қаруды Кеңес Одағы Семей полигонында сынақтан өткізді. АҚШ пен КСРО-дан кейін ядролық клубқа мүшелікке Ұлыбритания, Франция және Қытай кірді. 1996 – 98 ж. Үндістан мен Пәкстан ядролық қаруларды иемденген. 21 ғ-дың басында ресми түрде 7 ел ядролық клубқа мүше болды. Олар 1963 жылдан ядролық қаруларды тарап кету қаупінен сақтану шараларын қолға алуды бастады. АҚШ пен КСРО сол жылы ядролық қаруды ауада, ғарышта және жер астында сынақтан өткізбеуге қол қойылды. Стратегиялық қаруларды қысқарту (мамыр, 1972); ядролық қаруларды сынақтан өткізуді шектеу (маусым, 1974); ядролық жарылыстарды жер астында бейбіт мақсатқа пайдалану туралы шарт (мамыр, 1976), т.б. көптеген әлемдік бейбітшілікті нығайтуға бағытталған құжаттарды ядролық клубқа кіретін елдер іске асырды. 1991 ж. желтоқсанда КСРО тараған кезде 4 республиканың (РФ, Қазақстан, Украина, Беларусь) аумақтарында ядролық қару болды. Қазақстан, Украина, Беларусь республикалары ірі державалар (АҚШ, Ресей, т.б.) тарапынан өз аумақтарының қауіпсіздігіне кепілдік алғаннан кейін ядролық қарудан өз еріктерімен бас тартты. КСРО-ның ядролық қуатына ие болған Ресей ядролық клубтың толыққанды мүшесіне айналып, бұрынғы КСРО қабылдаған келісімдер мен шарттарды орындауға міндеттелінді. Ядролық клуб мүшелерінің арасында 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басында ракеталық қарулардан қорғаныс туралы келісім шартқа қол қою мәселелерінің маңызы артты. Соңғы 10 – 15 жылда ядролық қаруды ресми түрде иемденген 7 елдің қатарына Израиль, Иран, Солтүстік Корея сияқты елдердің де кіруі ықтимал деген пікір бар. Өйткені аталған мемлекеттерде бейресми түрде ядролық қарулар бар болуы ықтимал деп есептеледі. Сондықтан алдағы уақытта ядролық клуб мүшелерінің саны өседі деп күтілуде.

Ядролық Клуб
Ядролық қарудың әлем елдеріндегі даму дәрижесі

Ядролық державалар

Қолда бар ресми деректерге сәйкес келесі мемлекеттер ядролық қаруға ие немесе иеленеді (алғашқы ядролық сынақ өткізілген жыл немесе қаруды иелену мерзімі бойынша):

Мемлекет Сынақ жылы Ескертпелер
1 Ядролық Клуб  АҚШ 1945 Адамзат тарихындағы жалғыз басқа елдің аумағында екі атом қаруын қолдану (Жапония, Хиросима және Нагасаки қалалары)

Өз аумағында (Невада штаты) және Бикини атоллында сынақтар

2 Ядролық Клуб  КСРО / Ядролық Клуб  Ресей Федерациясы 1949 Сынақтар тек өз аумағында (КСРО)

Жаңа Жер аралдары, Семей, Сары Шаған, Капустин Яр.

3 Ядролық Клуб  Ұлыбритания 1952 Рождество аралынан 50 км қашықтықтағы Монте-Белло аралдарында сынақтар
4 Ядролық Клуб  Франция 1960 Алжир аумағындағы сынақтар
5 Ядролық Клуб  Қытай 1964 Сынақтар тек өз аумағында (озеро Лоб-Нор)
6 Ядролық Клуб  Үндістан 1974 Нақты деректер жоқ
7 Ядролық Клуб  Израиль 1979 Атом қаруының болуын жоққа шығарады
- Ядролық Клуб  Оңтүстік Африка Республикасы 19791989 жылдарда иеленген 1989 жылы ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірінші мемлекет
- Ядролық Клуб  Қазақстан 19911992 жылдарда иеленген АҚШ-тың көмегімен ядролық арсеналын хаттама бойынша Ресей Федерациясына берді
- Ядролық Клуб  Украина 19911994 жылдарда иеленген Өзінің ядролық арсеналын Ресей Федерациясына сыйға тартты
- Ядролық Клуб  Беларусь 19911994 жылдарда иеленген Өзінің ядролық арсеналын Ресей Федерациясына сыйға тартты
8 Ядролық Клуб  Пәкістан 1998 Нақты деректер жоқ
9 Ядролық Клуб  Корей Халық Демократиялық Республикасы 2006 Сынақтар тек өз аумағында


Дереккөздер:


Tags:

АҚШБеларусьБомбаЖапонияЖерИзраильИранКСРОКеңес ОдағыНагасакиРФРакетаРесейСемейСолтүстік КореяУкраинаФранцияҚазақстанҚытайҮндістанҰлыбритания

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Эндокриндік жүйеНұркен ӘбдіровБұрындық ханДыбысМиҚарағайТозаңдануДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевМеталдарҚазақстан 2050АрқарЖарықтың шағылуыНанотехнологияСалқам Жәңгір ханҒылымОралхан БөкейКітапханаТүркістан (қала)АллитерацияБайқоңыр (ғарыш айлағы)ПневмонияКөксерек (әңгіме)БалдырҰрықтануТоқырау жылдарындағы ҚазақстанЛаңкестік әрекетЖердің айналуыҚазақстан Республикасының КонституциясыТүпті жуаДәулеткерей ШығайұлыҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыҚазақстан 2030Мұнай экспорттаушы елдер ұйымыҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіБағыныңқы сөйлем1921-1922 жылдардағы ашаршылықЮНЕСКОАралас құрмалас сөйлемТырнақшаСөз табыСөз таптарыСталинград шайқасыҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыҚорықҚазақстан халқының бірлігі күніБесін намазыТабиғи газҚазақстан мәдениетіНұрдәулет Бәбиханұлы АқышКерей ханКаспий теңізіАққан жұлдыз (роман)Әбу Насыр Әл-ФарабиХалықаралық ұйымдарШоқан Шыңғысұлы УәлихановМолотов-Риббентроп пактыРайымбек батырҚазақстан өзендеріДауыссыз дыбыстарӘжеКүш моментіХалықаралық еңбектiк миграцияҚазақтың ұлттық тағамдарыӘлемдегі ең танымал кітапханаларМагмалық тау жыныстарыҮстірт қорығыКөші-қонТемірҚасым ҚайсеновТрансформаторАйнұр ТұрсынбаеваБарыс (жануар)Дүниежүзілік көрме (2017)Мәдени өсімдіктер38-атқыштар дивизиясыТолықтауышОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыКүн жүйесіАмерика Құрама Штаттары🡆 More