Шәкен Кенжетайұлы Айманов

Шәкен Кенжетайұлы Айманов (15 ақпан 1914 жыл – 23 желтоқсан 1970 жыл) — қазақтың әйгілі актері, режиссер.

Шәкен Кенжетайұлы Айманов Басқа мағыналар үшін Шәкен Айманов (айрық) деген бетті қараңыз.

1964 жылдан КСРО халық әртісі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.

Шәкен Кенжетайұлы Айманов
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

15 ақпан 1914 (1914-02-15)

Туған жері

Баянауыл, Павлодар уезі, Семей облысы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

23 желтоқсан 1970 (1970-12-23) (56 жас)

Қайтыс болған жері

Мәскеу, КСРО

Азаматтығы

Шәкен Кенжетайұлы Айманов КСРО

Мамандығы

актер
театр режиссёрі
режиссёр
сценарийші

Бағыты

социалистік реализм

Марапаттары
Ленин ордені — 1967 Еңбек Қызыл Туы ордені  — 1946 Құрмет Белгісі ордені Құрмет Белгісі ордені
альт=«Еңбектегі ерлігі үшін» медаль
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалі
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалі
КСРО халық әртісі— 1959 Сталин премиясы — 1952 Қазақ КСР-нің мемлекетттік сыйлық лауреаты Қазақ КСР-нің мемлекетттік сыйлық лауреаты
IMDb

ID 0015004

Өмірбаяны

Шәкен (Шаһкерім) Айманов — актер, режиссер. Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Арғын тайпасның Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.

Айманов 1932 – 33 жылғы маусымнан театрға жұмысқа қабылданды. Ол алғашында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.

1947 – 51 ж. қазіргі Қазақтың академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері» (1945), «Жамбыл» (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953 – 70 ж. «Қазақфильм» студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған «Атаманның ақыры» (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды.

Шәкен Кенжетайұлы Айманов 
Орталық зираттағы Шәкен Айман қабірі басындағы құлпытас.

Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып, одақ басқармасының 1-хатшысы (1958 – 70) қызметін атқарды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1952) және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының (1968) лауреаты. 1970 ж. 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады; Алматы қаласында жерленді.

Театр

Театр өнерімен әуестеніп, 1933 ж. Қазақ драма театрының құрамына алынды. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп, актерлік шығармашылығын шыңдады. Театрдың бас режиссері болды (1951).

Ол М.Әуезов атындағы Мемлекеттік драма театрының сахнасында қазақ драматургиясының Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Алдар Көсе, Исатай (Жансүгіров, «Исатай — Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Уәлиханұлы және Тихон (Островский, «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Шадрин (Погодин, «Мылтықты адам»), Кидд (Лавренёв, «Америка дауысы»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор»), Кривенко (Чирсков, «Жеңімпаздар»), Гельпак (Ф. Вольф, «Профессор Мамлок») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов қойған «Абай» спектакліне 1952 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері болды.

Ш.Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға және соған лайықты ұтымды әрекет қимылдар жасау шеберлігімен ерекшеленсе, режиссер ретінде шығармаға көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, ұлттық ерекшеліктердің бояуын қанық етуге, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.

Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.

Кино

1953 ж. бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті.КСРО және ҚазССР-інің халық артисі. Қазақ кино өнерінің негізін салушылардың бірі. Айманов режиссер ретінде «Біздің сүйікті дәрігер», «Атамекен», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры» және басқа фильмдерді түсіріп, Н. Ф. Погодиннің «Мылтықты адам», «Таланттар мен табынушылар», М. Әуезовтың «Абай» спектакльдерін театр сахнасына шығарды. Актер ретінде «Абай әні», «Жамбыл» т. б. фильмдерде ойнаған. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті, жас ақын Айдардың бақталасы Шәріп бейнесін сомдады. Ол КСРО және ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар.

Фильмографиясы

Актер ретінде

Дыбыстаушы ретінде

Режиссер ретінде

Сценарийші ретінде

  • 1960 - Бір ауданда
  • 1961 - Ән шақыруда
  • 1964 - Алдар көсе
  • 1968 - Тақиялы періште
  • 1969 - Найзатас бөктерінде - Бейсембай

Марапаттары

  • Қазақстанның халық әртісі;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1968);
  • КСРО Халық әртісі (1964);
  • КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952).

Естелік

Алматы қаласының көшесі (1972) және «Қазақфильм» студиясы (1984) Айманов есімімен аталады. Ол тұрған үй мен киностудия ғимаратына мемориалдық тақта орнатылған.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер


Tags:

Шәкен Кенжетайұлы Айманов ӨмірбаяныШәкен Кенжетайұлы Айманов ТеатрШәкен Кенжетайұлы Айманов КиноШәкен Кенжетайұлы Айманов ФильмографиясыШәкен Кенжетайұлы Айманов МарапаттарыШәкен Кенжетайұлы Айманов ЕстелікШәкен Кенжетайұлы Айманов ДереккөздерШәкен Кенжетайұлы Айманов Сыртқы сілтемелерШәкен Кенжетайұлы Айманов15 ақпан1914 жыл1970 жыл23 желтоқсанАлматыБаянауыл ауданыПавлодар облысы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

КомпьютерVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріШиеАлаш партиясының бағдарламасыӨсімдіктерАлкендерМемлекетДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевАқындар айтысыПиелонефритPythonТезисИнеліктерМорфология (лингвистика)Бұлшықет талшығыЖарықтың шағылуыАдамның табиғатқа әсеріҚытайҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныДүниежүзілік көрме (2017)ГормондарҚайыңМөде қағанЭндокриндік жүйеАнықтауышКүш моментіҚазақтың ұлттық ою-өрнегіСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайАлматы қорығыҚазақстан азамат соғысы жылдарындаӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаГерманияМузыкаҚазақстандағы жануарлар әлеміMicrosoft ExcelМәдениетСабақтас құрмалас сөйлемМетафораАуа ластануыАқуызАй (серік)Ауыл шаруашылығыКүкіртАғзалардың жеке дамуыИнфрақұрылымШарын шатқалыСарматтарЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріТөле биАқсу-Жабағылы қорығыҚазақ рулары1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріАрыстан баб кесенесіАлкандарОтырарАвторлық құқықМутацияӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіТеріТеатрТың игеруӨркениетҮстеуАққулар ұйықтағандаМодификациялық өзгергіштікҚажымұқан МұңайтпасұлыКаспий экологиясыСалауатты өмір салтыАқан серіТіршілік ортасыАктинӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Табиғи радиоактивтікСпартак көтерілісіБұрыш (геометрия)ДомбыраҚазақ билері🡆 More