Черновцы Облысы

Черновцы облысы – УССР құрамындағы әкімшілік бөлік.

1940 жылы 7 тамызда құрылған. Жері 8,1 мың квадрат км. Халқы 887 мың (1977). 10 ауданға бөлінеді. 10 қаласы, 8 қала типтес поселкесі бар. Орталығы – Черновцы қаласы. Облыс Ленин орденімен марапатталған (1958).

Черновцы Облысы
Черновцы облысының таңбасы
Черновцы Облысы
Черновцы облысының туы

Табиғаты

Черновцы облысы Шығыс Карпаттың солтүстік-шығыс етегінде орналасқан. Солтүстік, солтүстік-шығысын Волынь-Подоль қыратының сілімдері алып жатыр. Пайдалы қазындылары – фосфорит, жанғыш тақта тас, қоңыр көмір. Климаты қоңыржай континенттік. Қаңтардың орташа температурасы – 5, -7 градус, шілдеде 16 – 19 градус. жылдық жауын – шашын мөлшері 600 (жазықта) – 1200 мм (тауда). Ірі өзендері – Днестр, Прут, Черемош, Сирет. Жері күлгінделген қара, шым күлгін, шым қоңыр топырақты келеді. Территориясының 28,8%-і орман (шырша, емен тағы басқа) және шалғын.

Халқы

Тұрғындарының негізі – украиндар. Румын, молдаван, орыстар да тұрады. Орташа тығыздығы 1 квадрат км-ге 106,9 адамнан. Қала халқы 35 % (1974). Басты қалалары – Черновцы, Хотин.

Шаруашылығы

Черновцы облысы Оңтүстік-Батыс экономикалық аудан құрамына кіреді. Экономикасында тамақ өнімдері (қант, май, спирт, ет, жеміс консервілері), жеңіл (киім, аяқ киім, трикотаж), ағаш өңдеу (мебель,тақтай, фанера), машина жасау және металл өңдеу (мата тоқу станоктары, тамақ, мұнай өндірістерінің құрал-жабдықтары) өнеркәсіптерінің үлесі басым. Ірі өнеркәсіп орталықтары – Черновцы, Берегомет, Сторожинец, Путила, Вижница. Облыста 155 колхоз және 30 совхоз бар (1976). Егісі 356,6 мың га; бұған негізінен дәнді (бидай, жүгері, арпа, сұлы) және техникалық (қант қызылшасы, зығыр, күнбағыс) дақылдары, жүзім егіледі. 1973 жылғы мал басы (мың): мүйізді ірі қара 408,7 (бұның ішінде сиыр 157,2), шошқа 311,8, қой мен ешкі 188,0. Құс және омарта шаруашылықтары дамыған. Темір жолының ұзындығы 466 км (1973). Басты магистральдары Черновцы – Кишинев, Черновцы – Терпоноль. Автомобиль жолы 3,2 мың квадрат км, бұның ішінде асфальтталғаны 2,9 мың квадрат км. Негізгі автомобиль жолдары Львов – Черновцы – Кишинев, Черновцы – Хмельницкий. Университет, медициналық институт (Черновцы қаласында), 19 арнаулы орта оқу орны, музыкалық-драма театры, филормония, 3 музей бар. Облыстық «Радянська Буковина» газеті шығады.

Дереккөздер

Украина. Районы, М., 1969 (серия «Советский Союз»).

Tags:

Черновцы Облысы ТабиғатыЧерновцы Облысы ХалқыЧерновцы Облысы ШаруашылығыЧерновцы Облысы ДереккөздерЧерновцы Облысы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Орталық жүйке жүйесіФилипп Исаевич ГолощёкинСүтқоректілерОперациялық жүйелерҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыТөлеу сөзАйша бибі кесенесіАфрикаТүпті жуаАрыстан баб кесенесіКөп жасушалы ағзаларОтын-энергетикалық кешенЖуніс СахиевТранспортирАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыТыныс алу жүйесіҚазақстан аудандарыӘбу Насыр Әл-ФарабиИнтеграцияӘнші құм төбесіЖеке еңбек шартыМутацияЭкономикалық қатынасПлацентаКайнозойҚыпшақтарТұрақты сөз тіркесіКірпітәрізділерКеңес Одағының білім беру жүйесіБақытсыз ЖамалБіріккен Араб ӘмірліктеріТерминАлтын ОрдаАдам қаңқасыҚазақстан музейлеріҚазақстандағы су тасқыны (2024)МайларПсихологияҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерМэйдзи жаңғыртуыИсламЖәнібек ханСаяси партияСталинград шайқасыЖүрек-қантамырлар жүйесіКүкіртЛуврЕгемендікІлияс ЕсенберлинАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіҚазақстан экономикасының тарихыҰрықжолдастыларМеталдарЖыныссыз көбеюИнеліктерҚазақ-Жоңғар соғысыҚұрмалас сөйлемҚазыбек биЖануарларМұстафа Кемал АтатүрікҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатСаясатҚолдан сұрыптауЭволюциялық ілімҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіФилософияКүкірт қышқылыНаурыз мейрамыШоқан Шыңғысұлы УәлихановШиеШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновБиоценозҚазақ театрыКөптік жалғауҚазақстан 2050Тың игеруКөне түркі жазбаларыЕділ қағанНорвегия🡆 More