Цикламен

Цикламен (лат.

Цикламеннің отаны Иран, Шығыс Жерорта теңізінің жағалауы. 15-ке жуық түрі белгілі. Түйнегі жуан, етті. Ұсақ көзшелерінен тамыр шығарып дамиды.Үй жағдайында персия және еуропа цикламендері өсіріледі. Персия цикламені қыста гүлдейтін гүлдер қатарына жатады. Еуропа цикламенінің персия цикламеніне қарағанда гүлдері майда, бірақ жұпар иісті, көктемнен күзге дейін гүлдейді. Сұрыптаудың нәтижесінде соңғы уақытта гүлдерінің түсі әр алуан. Персия цикламені гүлдеп болған соң, суғаруды азайтады, біраз уақыт шамасында жапырақтары сарғайып, сола бастайды. Гүлдеп болған соң өсімдікте демалыс кезеңі басталады. Жапырақтары солмай тұрып жұлып тастауға болмайды, жапырақтағы нәр қайтадан тамыртүйнегіне барады. Жапырағы солып болғаннан кейін, өсімдікті түбегімен салқын, қараңғы жерге қояды. Тек анда-санда топырағы құрғап кетпес үшін ғана дымқылдандырып тұрады. Жаздың ортасында жаңа топыраққа қайта отырғызып, жарық жерге қойып, суғарып, қоректендіруді бастайды. Қайта отырғызу кезінде түйнектің 1/3 бөлігі топырақтың бетіне шығып тұруы керек. Еуропа цикламені мәңгіжасыл, жапырақ түсірмейді, өйткені бұл өсімдікте демалу кезеңі болмайды.

Персия цикламені
Персия цикламені
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Ericales
Тұқымдасы: Primulaceae
Кіші тұқымдасы: Myrsinoideae
Тайпасы: Cyclamineae
Тегі: Cyclamen
L.
түрлері

23 түрі белгілі

Жарығы:

тіке түскен күннің көзіне қоюға болмайды, жарық жерде жақсы өседі.

Жылуы:

гүлдеп тұрғанда ұзақ гүлдеуі үшін салқындау 12-14 °C, бірақ жарығы мол жерде ұстау керек.

Суғарылуы:

түйнегі өніп шыққанға дейін түбектің үстінен, өсу барысында әсіресе гүлдеп тұрғанда түбектің түбінен суғарады. Суғарып болған соң артық суын төгіп тастау керек.

Ылғалдылығы:

ылғалдылықты жақсы көреді, бірақ су бүркуге болмайды. Түбектің астындағы ыдысқа қиыршық тастар салып, түбек түбіне тимейтіндей мөшерде су құю керек немесе гүлдің жанына ыдысқа су құйып қоюға болады. Егер, салқын жерде тұрса ылғалдандырудың қажеті жоқ.

Қоректендірілуі:

гүлдеп тұрғанда, гүлдеп болғаннан кейінгі демалған мезгілдерінде қоректендірмейді. Басқа уақытта екі аптада бір, толық минералды тыңайтқышпен қоректендіреді.

Аурулары:

цикламен өсімдік кенесімен ауруы мүмкін.

Көбейтілуі:

жаздың соңына таман тұқымын себу немесе қайта отырғызу кезінде жанама өскіндерін бөлу арқылы көбейтеді.

Сілтемелер

Дереккөздер

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Tags:

Цикламен Жарығы:Цикламен Жылуы:Цикламен Суғарылуы:Цикламен Ылғалдылығы:Цикламен Қоректендірілуі:Цикламен Аурулары:Цикламен Көбейтілуі:Цикламен СілтемелерЦикламен ДереккөздерЦикламенИранЛатын тіліНаурызшешек тұқымдасы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жер қыртысыМәтінДәрілік өсімдіктерИнвестицияИслам пайғамбарларыҚазақстан азамат соғысы жылдарындаҚорықтарНаймандарАсқорыту мүшелеріЖем (өзен)АрыстанЖапонияАуыз бекітуЖошы ханПітір садақаҚазақстан тарихыАурухана ішілік инфекцияЕскендір (поэма)ИсламСаяси қуғын-сүргінОйлауМитохондрияЕтеккірОразаЭкономикалық жүйеМәшһүр Жүсіп КөпейұлыҚазақтың 500 ән-күйіЯсин сүресіЕркіндікҚан мен терҚасым АманжоловЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларҚан топтарыЖелшешекАқпан төңкерісіНарықтық экономикаМұхтар Омарханұлы ӘуезовОңтүстік АмерикаҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміҚоңыратТұқым қуалаушылықТөл сөзТолықтауышЖүрек ауруларыЖұрнақМақалаАбиотикалық факторларЖасыл балдырларАллергияЕсімдікЗат алмасуАлкендерҚожа Ахмет Ясауи кесенесіМақал-мәтелдерМахаббат, қызық мол жылдарМіржақып ДулатұлыАтеросклерозЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚалқанша безҚызыл Жұлдыз (Жамбыл облысы)Жер қабығыСәбит ДөнентаевҰлпан (роман)ЛейшманиозАлаш қозғалысыАуа ластануыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруМиҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Өкпе обырыЭволюцияАксиологияТүркістан (қала)Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріКиіз үйГломерулонефритНамаз уақытыӨмірзая (роман)Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті🡆 More