баспасөзді, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қадағалау немесе белгілі бір қоғамдық бірлестіктердің қадағалауын жүзеге асырушы субъект. Ол цензураны жүзеге асырушы субъектілердің талап етуімен жарыққа шығаруға дайындалған хабарлар мен материалдарды алдын ала келісу үшін іске асырылады. Оны алдын ала цензура дейді. Кейіннен жүзеге асырылатын цензура деп аталатын да түрі бар. Ол жарыққа шыққан шығармаларды, көрсетілген сахналық қойылымдарды, эфирге шыққан радиохабарлар мен телехабарларды, т.б. талдап, бағалайды. Кейінгі цензура нәтижесінде шығарманың авторы немесе тиісті БАҚ редакциясы жөнінде белгілі бір шаралар қолданылады. Ресейде алғаш 16 ғ-да діни цензура дүниеге келді. Оны 1721 жылдан бастап Синод жүзеге асырды. 19 ғ-да цензураны жүзеге асыру тәртібі арнаулы жарғылармен айқындалды. Ресей тарихында 1848 — 55 ж. кезеңі цензуралық террор дәуірі ретінде енді. Бұрыннан қолданылып жүрген алдын ала цензурамен қатар жазалау цензурасы да қолданылады. Онда шығармалар жойылып, авторлар қуғындалады. 1865 ж. цензура мен баспасөз туралы уақытша ережелер шығарылды. Кеңес өкіметі жылдарында Коммунистік партияның бақылауымен КСРО республикаларында қатаң цензура жүзеге асырылды. ҚРКонституциясының 20-бабына сәйкес цензураға тыйым салынған. Бұқаралық ақпарат құралдарына цензураны жүзеге асыру міндетін атқаратын ұйымдарды, мекемелерді, органдарды құруға және қаржыландыруға немесе лауазымдарды ұстауға жол берілмейді. Дамыған елдердің көпшілігінде бұл мәселе осылай шешілген.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Цензура, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses. ®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.