Партия Халықтың Қызметшісі

Халық қызметшісі (укр.

Халық Қызметшісі
укр. Слуга Народу
ХҚ, СН
Логотипі
Басшысы

Олена Шуляк
Давид Арахамія (фракция төрағасы)

Негізін салушы

Іван Баканов

Құрылған жылы

13 сәуір 2016 (Шешімді өзгерістер партиясы ретінде)
2 желтоқсан 2017 (Халық қызметшісі ретінде)

Штаб-пәтері

Новоселитська көшесі, 7-үй, Киев

Интернационалы

Еуропа одағы Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы

Одақтастар және жақтастар

Партия Халықтың Қызметшісі Болашақ үшін
Сенім

Жастар ұйымы

Зе! Молодіжка

Мүшелер саны

500–1,000 (2020)

Верховна рададағы мандаты
237 / 450
Жергілікті кеңестердегі мандаты
6393 / 43122
Сайты

sluga-narodu.com

Партия 2017 жылдың соңында құрылды және бұрын тіркелген Шешуші өзгерістер партиясы негізінде 2018 жылдың 31 наурызында ресми түрде тіркелді. Партияға украиндық «Халық қызметшісі» телехикаясының атауы берілген. Телехикая жұлдызы және Украинаның қазіргі президенті Володимир Зеленський партияның мүшесі болып келеді. «Халық қызметшісі» 2019 жылғы парламент сайлауында ең көп дауыс жинаған партия болып шықты.

Тарихы

Негізінің салынуы

Әділет министрлігінің мәліметінше, «Халық қызметшісі» партиясы іс жүзінде «Шешуші өзгерістер партиясы» атауымен 2016 жылдың 13 сәуірінде тіркелген еді. Ол кезде оны Киев университетінің түлегі, осы жоғары оқу орны кампусының студенттік кеңесінің бұрынғы төрағасы Євгеній Юрдига басқарды.

2017 жылдың желтоқсанында «Шешуші өзгерістер партиясы» атауын «Халық қызметшісі» деп өзгертіп, саяси күштің басшысы болып «Квартал 95» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Іван Баканов болды.

2017 жылдың желтоқсанында «Ілько Кучерів демократиялық бастамалар қорының (укр.)» мен Разумков орталығының (укр.) сауалнамасына қатысқан украиналықтардың 4%-ы парламенттік сайлауда «Халық қызметшісі» партиясына дауыс беруге дайын екендіктерін мәлімдеген, ал 2018 жылдың мамырында бұл сан 5%-ға өсті (Украинаның сайлау шегінен өту үшін қажетті минимум). «Демократияны бақылаушы» Чесно қозғалысы 2018 жылдың қыркүйегінде партияның сайлауға қатыса ма, жоқ па деген сұраққа Зеленськиймен және партия өкілдерімен байланыса алмады. Оған қоса Квартал 95 баспасөз қызметі Чесноға партия жетекшісі Бакановтың суретін бере алмады. Чесно партияның басшылығы тек Квартал-95-ке қатысты адамдардан тұратынын анықтай алды.

2019 жылғы президент сайлауы

Партия Халықтың Қызметшісі 
Володимир Зеленьскийдың 2019 жылғы сайлаудағы дауыс беруі

2018 жылдың желтоқсан айының соңында Зеленський өзінің 2019 жылғы президент сайлауына партиядан қатысатынын жариялады. Ол президенттік сайлаудың бірінші айналымында жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленіп, 2019 жылы 21 сәуірде қазіргі президент Порошенкоға қарсы екінші айналымға өтіп, сайлауда 73 пайыздан астам дауыс жинап жеңіске жетті. Зеленський партия Петро Порошенко блогымен де, «Өмір үшін» оппозициялық платформасымен де коалицияларына кірмейтінін мәлімдеді.

2019 жылғы парламент сайлауы

Партия өзінің бірінші съезін 2019 жылдың 9 маусымында өткізді. Ол Киевте өтті және оған президент Зеленський мен партияның жаңа жетекшісі Дмитро Разумков және басқалар қатысты. Съезд барысында партияның мажоритарлық округі бойынша кандидаттары мен жалпыұлттық жабық партиялық тізімдегі 97 кандидаттың аты-жөні жарияланды. Сол жылдың 19 шілдесінде «Жаңа күштер қозғалысы» партиясының жетекшісі Михаил Саакашвили өз жақтастарын парламенттік сайлауда «Халық қызметшісі» партиясына дауыс беруге шақырды.

Сайлауда партия жалпыұлттық партиялық тізім бойынша 124 мандатқа (43,16% дауыс) және 130 округтік мандатқа ие болды. Парламентте Давид Арахамія партияның фракция жетекшісі болды және оның орынбасары болып Олександр Корнієнко таңдалды.

Саяси ұстанымы

Партия төрағасы Олександр Корнієнко сөзінше партия центристік болып келеді. Партия популистік деп сипатталады.

2019 жылдың 23 мамырында Слуга Народуның Верховна рададағы өкілі Руслан Стефанчук партияның идеологиясы либертаризм екенін айтты. Алайда сол жылдың қазанында партияның төрағасы Олександр Корнієнко оның либерализмге ауысқанын жариялады.

Сайлаулардағы нәтижелері

Верховна Рада сайлаулары

Партия Халықтың Қызметшісі 
2019 жылғы парламент сайлауының нәтижесі
Сайлау Төрағасы Нәтижесі Орны Позициясы
Дауыс саны % ±% Мандат саны +/–
2019 Дмитро Разумков 6,307,793 43.16 Жаңа
254 / 450
Жаңа 1-орында Көпшілік

Президент сайлаулары

Сайлау Үміткер 1-айналым 2-айналым Нәтижесі
Дауыс саны % Дауыс саны %
2019 Партия Халықтың Қызметшісі  Володимир
Зеленський
5,714,034 30.24 13,541,528 73.22 Сайланды Партия Халықтың Қызметшісі Y

Қосымша ақпарат

Дереккөздер

Tags:

Партия Халықтың Қызметшісі ТарихыПартия Халықтың Қызметшісі Саяси ұстанымыПартия Халықтың Қызметшісі Сайлаулардағы нәтижелеріПартия Халықтың Қызметшісі Қосымша ақпаратПартия Халықтың Қызметшісі ДереккөздерПартия Халықтың ҚызметшісіЛиберализмУкраин тіліУкраинаУкраина саяси партияларыЦентризм

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қасым АманжоловБронхитГормондарҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміШыңғыс ханҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеСаңырауқұлақтарДүние жүзінің саяси картасыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруМәдениетБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевМолотов-Риббентроп пактыҚазақстандағы саяси партияларШыршаЭндемикЖүйке жүйесіШерхан Мұртазаұлы МұртазаНегіздерЭритроциттерЖүрекҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыЖасанды интеллектҚазақстан қалаларыБесеудің хатыЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуБатыс ҚазақстанӘйтеке биИнтернетВирустарМутацияЖалпы ішкі өнімДәруменҚазақстан азамат соғысы жылдарындаОттегіҰйғырларРеформацияБарбаросса жоспарыЖалаң сөйлемҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҚыз Жібек (фильм)Тұмар ханшаТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануЖыныс мүшелерінің құрылысыАзияДін философиясыСәулетМемлекетТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыЖұлынКомпьютерлік желіӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіЛиберализмАминқышқылдарШымкентБайқоңыр (ғарыш айлағы)БастауышӘдемі инелікСарқылмайтын ресурстарАмерикаҒабит Махмұтұлы МүсіреповБалдырСын есімнің шырайларыРесурстарҰрықжолдастыларКенесары ханТарих философиясыДінСаясатКөзімнің қарасы...Өнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыТұқым қуалаушылықДенсаулықII ЕкатеринаТуризмЖалғау🡆 More