Хаббл Заңы

Доплер эффектісіне сәйкес ғарышта қозғалатын барлық денелер жарық шығарады.

Бұл заңды галактикаға қолдана отырып, астрономдар бізге жақындап келе жатқан ғаламдар жасыл, ал қашықтап бара жатқандар қызыл тәрізді болып көрінетінін анықтады. 1923 жылдан бастап 1950 жылдың орта кезіне дейін астрономдар галактикадан тыс денелерді зерттеу нәтижесінде галактикалардың бір-бірінен алшақтау процесін растады. Алынған мәліметтер негізінде Xaббл өз заңын тұжырымдады: галактика неғұрлым алыс қашықтықта болса, соғұрлым тезірек алшақтайды және соғұрлым оның спектрі қызылырақ болады: .

Хаббл заңы: қызыл ығысу бойынша анықталған галактиканың алыстау жылдамдығы оған дейінгі қашықтықтың өсуіне пропорционал.


Мұндағы v — галактиканың алыстау жылдамдығы, D — оған дейінгі қашықтық, Н — Хаббл тұрақтысы (оның мәнін көп жағдайда 75 км/(с • Мпк) деп алады). Хаббл заңы тек алыс галактикалар үшін ғана қолданылады. Әлемде центр жоқ болғандықтан, жақын қашықтықтағы кейбір галактикалар біздің галактикаға жакындауы мүмкін. Ұлғайған Әлемнің ауа шары түріндегі екі өлшемді моделі жасалған. Бұл модель бойынша галактикалар шардың бетіне салынған нүктелер рөлін атқарады. Хаббл заңы Әлемнің ұлғаюын, яғни Үлкен жарылыс нәтижесінде Әлемнің пайда болғанын растайды. Қазіргі байқалатын ғарыштық сәулелер аясы Әлемнің Үлкен Жарылыстан кейін пайда болғанының куәсі. Бұл сәуле шығару кеңеюдің алғашқы мезетінде шығарылған сәуле эволюциясының нәтижесі, сондыктан оны реликтивтік деп атайды. Реликтивтік сәуле шығаруды 40-жылдары Дж. Гамов теория жүзінде болжаған. Есептеулер бойынша бұл сәуле шығарудың эквивалентті температурасы 10 млрд жыл өткеннен кейін бірнеше Кельвинге тең болуы керек.

Кезең Эволюция Хаббл параметрі
Инфляциялық
Радиациялық үстемдiгі
Шаң-тозаң кезеңi
-үстемдiгі

Ғарыштың барлық жерінен түсетін радиосәуле шығару аясы ретінде реликтивтік сәуле шығаруды 1965 жылы американдық физиктер Арно Пензиас және Роберт Вильсон ашты. Бұл радиосигналдың қарқындылығы (интенсивтілігі) ЗК температурадағы абсолют қара дененің сәуле шығару қарқынына тең. Реликтивтік сәуле бүкіл Әлемді біркелкі толтырады. Егер біздің микротолқындарды көре алатын қабілетіміз болса, онда аспан барлық бағытта таңқаларлық бірдей жарықтылықпен жарқырап тұрар еді. Бұл біртекті сөуле шығару үлкен жарылыстан қалған жылу боп есептелінетін сәуле шығарудың басты себебі болып табылады. Үлкен жарылыстан кейін кеңістік ұлғая бастаған кезде кеңістіктің біртекті емес бөлігі біртекті сәулеге тола бастады. Теорияға сәйкес бұл сәуле шығару изотропты (бағытқа тәуелді емес) және температурасы ЗК. Реликтивтік сәуле шығару Әлемнің алғашқы даму сатысында болған қуатты сөуле шығарудың қалдығы ретінде қарастырылады.

Ғарыштық сәуле шығару аясын ашу, жұлдызаралық газдардың құрамын зерттеу, Хабблдың Әлемнің ұлғаюын табуы, Метагалактиканың біртекті ірі масштабты құрылымы тұрақсыз Әлемнің эволюдиясының қазіргі релятивтік пікірін растайды.

Дереккөздер

Tags:

19231950

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҒұндарДыбысҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріКүй аңызы (әңгіме)Қазақстан халқының бірлігі күніДүниежүзілік сауда ұйымыМемлекетҚазақстан қалаларыҚазақ тіліЖай сөйлем және оның түрлеріПиелонефритҚазақстан халқы ассамблеясыАмерика Құрама ШтаттарыТүркістан (қала)Әдемі инелікТәуелсіз Мемлекеттер Достастығы316-атқыштар дивизиясыЭлектрондық сандық қолтаңбаДәнеш РақышевҚоршаған ортаның ластануыТуризмШерхан Мұртазаұлы МұртазаАксонШиеОрбұлақ шайқасыҚолдан сұрыптауБейбітшілік және келісім сарайыҚазақстандағы транспортҚыстырма сөзМинералҰйқы безіНегіздерАсқорыту мүшелеріАстана мектеп оқушыларының сарайыҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Әбу Райхан әл-БируниСу көлігіАлаш ОрдаҚорқыт атаЖыныссыз көбеюНұралы ханАқындар айтысыАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіСөйлемКиіз үйОрганикалық қосылыстарАлматы қорығыЭндокриндік жүйеАрал теңізіКөптік жалғауКомпьютерлік желіОтырарҚазақстанның сыртқы саясатыБауырымен жорғалаушыларҚазақстан өсімдіктеріТүсті металлургияЕсімшеКөзімнің қарасы...ЖылқыҰрықжолдастыларТолықтауышҚазақстан аудандарыТөлеген Тоқтаров1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықКөмірЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Антропогендік факторКөне түркі жазбаларыТәттімбет ҚазанғапұлыМейозЭкономикалық интеграцияМұхитІлияс ЖансүгіровМенің атым Қожа (повесть)Автокөлік шығаратын елдер тізіміСоқырішекБәйтерек (мифология)Сауд АрабиясыКаспий экологиясы🡆 More