Халық Фон

Фон (фонгбе) — эвелерге жақын халық.

Олар Бениннің оңтүстік бөлігін және Нигерияның іргелес (оңтүстік-батыс) аймақтарын мекендейді. Саны - 3,5 миллионнан астам адам.

фонгбе
Фон
Халық Фон
Бүкіл халықтың саны

3,5 млн.

Ең көп таралған аймақтар

Халық Фон Бенин Халық Фон Нигерия

Тілдері

фон тілі

Діні

дәстүрлі наным-сенімдер, христиандық

Тілі

Олар нигер-кордофан отбасының ква тобының фон тілінде (фонгбе немесе аджагбе) сөйлейді.

Діні

Фондар дәстүрлі наным-сенімдерді сақтайды (ата-бабалар культі, аспан, жер құдайларына табыну және т.б.), аз бөлігі христиандар (католиктер).

Тарихы

Фон халқының тарихы туралы 17 ғасырда, әсіресе Батыс Африка жағалауындағы еуропалық саяхатшылар мен саудагерлер жазған көптеген құжаттар бар. Бұл естеліктерде Уида немесе Абомей туралы айтады. Ең көп тарағаны 1793 жылы «Дагомей тарихы» деп аталатын кітапта Фон халқының аңыздарын, тарихын және құл саудасы тәжірибесін жазған құл саудагері Арчибальд Далзеллдің нұсқалары бар. 19-шы ғасырда және 20-шы ғасырдың басында, француздардың қатысуымен Бенинде және оған жақын аймақтарда отарлау кезеңі басталғасын, Фон халқына сілтеме жасайтын шығармалар пайда болды (мысалы, Эдуард Фоа, Н.Саваринов, Ле Херисс еңбектері және 1938 жылы жарық көрген М.Ж.Херсковицтің Фон халқы туралы антропологиялық зерттеулері). Бұл деректер Дагомеядағы Фон халқының патшалығы 18 ғасырдың басында, әсіресе 1740-шы жылдары король Агаджаның тұсында кеңейіп, олардың ішкі астанасы Абомейден Атлант мұхитының жағалауына дейін жеткенін көрсетеді.

Кәсібі

Дәстүрлі кәсібі қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, ямс, жүгері) және майлы пальма жемістерін жинау кіреді. Дәстүрлі көркемдік қолөнерден - ағаш пен піл сүйегінен ою, кесте тігу, ою, қола құю дамыған.

Тұрмыс салты

Дәстүрлі әлеуметтік ұйымның негізін көп отбасылық қауымдастықтар құрайды. Жақындарын еске алуға арналған жерлеу және қайтыс болған рәсімдер маңызды оқиғалар болып табылады, оның ішінде жоқтау түрі ретінде барабан соғу және би билеу және марқұмның рухы ретінде өмірінің басталуын тойлау бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Тұрғын үйлері - төбесі бар, төртбұрышты саман үйлерден тұрады, тұрғын үйлердің жанында астық қоймалары, мал қоралары және басқа да шаруашылық құрылыстары бар.

Халық ауыз әдебиеті (ертегілер, мақал-мәтелдер, тарихи аңыздар), оның ішінде музыка өнері дамыды.

Дереккөздер

Tags:

Халық Фон ТіліХалық Фон ДініХалық Фон ТарихыХалық Фон КәсібіХалық Фон Тұрмыс салтыХалық Фон ДереккөздерХалық ФонБенинНигерия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Дін философиясыМемлекетТүркістан (қала)Қазақстан Республикасы Қарулы КүштеріМал атауларыІлияс ЕсенберлинДиуани лұғат ат-түркҚазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тиымдары1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықЕр ТөстікЖелтоқсан көтерілісіӨскеменӘл-Бақара сүресіҚазақстанның тұңғыш мектептеріПалеозойҚазақ тіліҚаныш Имантайұлы СәтбаевАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміҮш Жүз партиясыЭкологияДінмұхамед Ахметұлы Қонаев1921-1922 жылдардағы ашаршылықКаспий теңізіРахымжан ОтарбаевҚанайналым жүйесі16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыСемей полигоныХалық тығыздығы бойынша елдер тізіміМеккеКөңіл толқыны (күй)ҚояншықҚұрманғазы СағырбайұлыДінФерменттерҰлттық бірыңғай тестілеуГеографиялық ақпараттық жүйеОксидтерСәкен СейфуллинҚазақ хандығының құрылуыДемократияЕжелгі ГрекияБаланы қырқынан шығаруҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіАдай күйіБатыс ҚазақстанҚазақстанның пайдалы қазбаларыМастопатияЛатын АмерикасыАлматыҚан қысымыЖасушаШымырБесін намазыҚазақ философиясыЖалғаулық шылауларМәдени мұраӘн-Ниса сүресіМенеджментСолтүстік ҚазақстанҚорқыт атаПневмонияӨзін-өзі өлтіруҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеАбай ҚұнанбайұлыАуғанстанКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыЖаһандануКарл ЛиннейТүрік қағанатыҚазақ хандарыШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовТәңір тауыҚыз ЖібекПайғамбарАқпарат технологиясыҚасым ханАңыздың ақырыМайлар🡆 More