Фенноскандия

Фенноскандия – Солтүстік Еуропадағы табиғи аймақ.

Скандинавия, Кола түбектерін және солтүстік-батысқа қарай Фин шығанағы, Ладога, Онега көлдеріне жапсарлас аумақты алып жатыр, жағалауын Балтық, Солтүстік, Норвег, Баренц, Ақ теңіздерінің суы қоршап жатыр. Балтық қалқаны, каледон қатпарлы құрылымдары енетіндіктен геол. құрылымында кристалды, метаморфты архей-протерозой және төменгі палеозой жыныстары басым.
Жер бедерінде орта биіктіктегі таулы қыраттар мен таулы үстірттер (Скандинавия тауы, биік нүктесі Гальхепигген – 2469 м, Норланд үстірті, Хибин, Ловозер, Мончатундра) және кристалды жыныстардан тұратын денудац. ойпаттар тән. Фенноскандия табиғатының дамуында төрттік мұзбасу кезеңінің рөлі зор. Бұл процесс жер бедерінде мұздық пішіндердің (фьордты, шхерлі жаға типтері) кең таралуына алып келді. Климаты атлант – арктикалық қоңыржай ылғалды, жазы салқын (батысында – теңіздік климат, орташа тем-ра –2°С – 2°С; шілдеде 11 – 14°С; шығысында – континенттік климат, солтүстігінде –15°С, оңтүстігінде –5°С, шілдеде 14 – 16°С). Климатының басты ерекшелігі – Атлант мұхитынан келетін Солтүстік Атлант жылы ағысының әсері айқын білінеді. Жылдық жауын-шашын мөлш. шығысында – 400 мм, батысында 3000 – 4000 мм. Мұндай айырмашылық аумақтың созылып жатуына және Скандинавия тауларының атланттық ауа массасының қозғалысы жолында жатуына байланысты. Өзендері қысқа болғанымен мол сулы; шоңғалдар мен суқұламалар көптеп кездесетіндіктен ағыс жылдамдығы қатты. Қрі өзендері – Гломма, Торнио-Йоки, Клар-Эльвен, Даль-Эльвен, т.б. Тектоник.-мұздық көлдері көп – Ладога, Онега, Венерн, Веттерн, Меларен, Имандра. Скандинавия тауларында ауданы 5000 км² болатын қазіргі уақыттағы мұз басу орталық орналасқан. Қиыр солтүстікте тундралық ландшафт, тауларында таулы тундра кең таралған. Фенноскандия Еуропадағы орманға бай аудандардың бірі. Күлгінденген топырағында өсетін қылқан жапырақты қарағай, шырша ормандары (тайга) оңтүстігінде аралас және жалпақ жапырақты ормандармен алмасады. Фенноскандия Палеоарктикалық зоогеография облыстың Еуро – Сібір аймағына кіреді. Фенноскандия ны негізінен орман жануарлары мекендейді. Басты табиғи ресурстары – ормандар, гидроэнергия, темір, никель кентастары, апатиттер.

Фенноскандия
Фенноскандия

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Tags:

АрктикаБалтық теңізіБаренц теңізіВенернГидроэнергияЕуропаЖерЗоогеографияИмандраКлиматЛандшафтМеларенНикельОнегаСкандинавияСібірТайгаТемір

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ театрыИнфрақұрылымАстанаЖатаған ортотрихумУақытСаясатҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыАсық ойыныҰмаИнтеграцияОтырарСәукелеБауыржан МомышұлыӘлемдік саясатБанкГенетикаЕжелгі ГрекияКөксерек (әңгіме)БаяндауышМеталдарҚонақжайлықАвтокөлік шығаратын елдер тізіміУльтракүлгін сәулеленуМитохондрияӘбілхайыр хандығыӘз-Жәнібек ханБалқашҚазақ руларыКенесары ханҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықАнгкор-ВатКиіз үй жабдықтарыЛандшафтОрганикалық химияЖау тылындағы балаҚазақстан географиясыСүтАқуызСөз табыҰйқы безіТемірКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысЕтістікҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіӨзен көлігіҰлы Отан соғысыТуберкулезЗар Заман ақындарыБұлтты технологияТоныкөкТыныс алу жүйесіАлматыРоза Тәжібайқызы БағлановаЕкінті намазыДаун синдромыҚазақстан 2050Сөйлем мүшелеріОрта жүзНарықтық экономикаЖіктік жалғауСолтүстік ҚазақстанӘлем елдерінің тізіміҚанайналым жүйесіҒабит Махмұтұлы МүсіреповДәулеткерей ШығайұлыЖұлдызды аспанЖарықАлтай тауларыҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыКітапПоэзияРахит ауруы (мишел ауруы)Дина Кенжеқызы НұрпейісоваКөші-қонЖүйке жүйесіИнвестицияАқ Орда (мемлекет)Қазақ хандарыКодекс Куманикус🡆 More