Текемет

Текемет – сәндік-қолданбалы өнер туындысы, бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы.

Текеметтің туу тарихы мен оны жасау технологиясы қазақтың ерте дәуірдегі (біздің заманымыздан бұрын. 6 – 5 ғасырлар) өмір-тұрмысынан тамыр тартады. Әсіресе, көшпенділер өмірінде Текеметтің алатын орны өзгеше болған: ол қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй ішіне жылылықпен қатар әсемдік те әкеліп әрі киіз үйдегі адамдарды астынан өтетін сыздан қорғап, аурудың алдын алу рөлін де атқарып отырған. Көшпенділер өмірінде жасалуы жағынан оңай болмағанымен, олардың өмір-тұрмысында қолдануға ыңғайлы Текемет бетіндегі түр-түс үйлесімі мен ою-өрнекті орналастырудағы тәсілдер халықтың ертедегі мәдениеті мен дүниетанымынан хабар береді. Осыған орай Текеметке ою-өрнек пен түр салудағы тепе-теңдікті қатаң сақтау қағидасы қазақ халқының ерте замандағы дүниетанымдық дуализмін де айқын аңғартады. Текеметтің күзем жүннен (қарасынан) басылған талдырма (кейде шиге тартылған жүннің) бетіне ақтай немесе қызылға, көкке боялған жүн тартылады. Бұдан кейінгі текеметтің басылу тәсілі жалпы киіз басумен бірдей. Текеметтің боямаған түрі де болады. Мұны қара, ақ жүн тартып басады. Оның көлемі әр түрлі. Бояуына қарай қызыл ала текемет, сары ала, қара ала текемет деп аталады.

Дереккөздер

Tags:

ЖиһазКиіз үйОю-өрнекӨнер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

РоботСөйлемнің бірыңғай мүшелеріҚазақ хандығыИслам ынтымақтастық ұйымыҰлпан (роман)ЕртісМетонимияПневмонияБиоценозАрал теңізіЗат алмасуОмонимӘйтеке биӨтпелі кезең экономикасыЛенинградтық өренімЗалалсыздандыруХалық қаһарманыЖапонияСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовЖыныссыз көбеюСуБүйрекФутболАқан серіСыбайлас жемқорлықАминқышқылдарМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваТәуелсіз Қазақстан тарихыЖелтоқсан көтерілісіҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Бидай (астық)Мәңгілік бала бейне1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларҚазақ халқының антропологиялық деректер бойынша қалыптасуыСәкен СейфуллинАсқорыту мүшелеріМәскеу шайқасыҒұндарҚанҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевҚиял-ғажайып ертегілеріЖалпы Ұлттық ӨнімАбай жолы (роман)Қазақстан әкімшілік бірліктеріЖай механизмҚыпшақтарБасты бетЭкологиялық проблемаКомпьютерлік желіЖылдам пернелерБразилияТөрт түлікҚыз ЖібекҚорқыт атаАңырақай шайқасыЭндокриндік жүйеХолециститОптикалық аспаптарПарниктік газдарАуа ластануыОдағай16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыӘскери киім-кешекДәрі-дәрмекҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіАлдыңғы сармат ескерткіштеріҚазақ тіліХалықаралық жария құқықСоқырішекҚасым АманжоловДауыссыз дыбыстарАлматы қорығыМарқакөл қорығыӨздігінен тозаңдануБронхитХақназар ханСудың ластануы🡆 More